Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылы 24 желтоқсандағы № 24/206-VI "Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 шілдедегі № 30/250-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 шілдеде № 6071 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысының 2-тармағына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылы 24 желтоқсандағы № 24/206-VI "Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5941 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1- тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары 2019 жылы жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит болып айқындалсын.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Елюбаева
      Аудандық мәслихат хатшысы Д. Бралинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады