Шектеу іс – шараларын тоқтату және "Жамбыл ауылдық округінің Берел ауылында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық Әділет басқармасында 2019 жылғы 15 қаңтарда № 5-13-158 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 – бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 – бабының 2 - тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 160 ұсынысы негізінде, Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округінің Берел ауылы аумағында ірі қара мал арасында сарып ауруының ошағын жою бойынша ветеринарлық – санитарлық іс - шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.

      2. "Жамбыл ауылдық округінің Берел ауылында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 1 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5397 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі А. Аманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады