"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Күршім аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 23/3-VI шешіміне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2019 жылғы 5 маусымдағы № 37/4-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 маусымда № 6027 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 тамыздағы № 52/7-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 11.08.2020 № 52/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күршім аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 23/3-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-14-168 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      1 тармағының 1) тармақшасындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      келесі мазмұндағы 6 тармақпен толықтырылсын:

      "6. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін Күршім ауданының әкімдігімен белгіленеді және Күршім аудандық мәслихатының шешімімен бекітіледі.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру;

      3) Күршім аудандық мәслихаты ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады;

      4) көпбалалық және/немесе ауданның мектепке дейінгі ұйымдарына баратын, отбасында ерекше білім беру қажеттілігімен балалардың бар болуы.";

      6 тармақ 6-1 тармағы деп саналсын;

      6-1 тармағында:

      3-1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3-1) кәмелетке толмағандардың, арнайы білім беру, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;";

      13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13) мектепке дейінгі ұйымдарына баратын көпбалалы отбасылардағы балалар және, ерекше білім беру қажеттілітері бар балалар;

      14) белгіленген шектен асапайтын өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамдар (отбасылар).";

      7 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "7. Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      Осы Қағиданың 6-1 тармағының 13) тармақшасында көзделген санаттағы алушылар үшін жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің алты еселік мөлшерінде белгіленсін.";

      8-1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "8-1. "Туберкулез" диагнозымен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар тұлғаларға, нақты амбулаториялық ем алған күндеріне ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Л. Кумарова
      Күршім аудандық мәслихат хатшысы М. Сағанақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады