Күршім ауданы Құйған ауылдық округінің Құйған ауылына шектеу іс-шарасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Құйған ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 27 ақпандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 наурызда № 5743 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Құйған ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Құйған ауылдық округі әкімінің 10.03.2020 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Күршім аудандық аумақтық инспекция басшысының 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 79 ұсынысы негізінде, Құйған ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. Құйған ауылдық округінің Құйған ауылының мүйізді ірі қара малдарының арасынан сарып ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Құйған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Құйған ауылдық
      округінің әкімі М. Кусаинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады