Шектеу іс-шараларын тоқтату және Құйған ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 27 ақпандағы № 1 "Күршім ауданы Құйған ауылдық округінің Құйған ауылына шектеу іс-шарасын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Құйған ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 наурызда № 6765 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 - бабының 8 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2 - тармағының 4) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылдың 7 ақпандағы №44 ұсынысы негізінде, Құйған ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. Күршім ауданы Құйған ауылдық округі Құйған ауылының ірі қара мүйізді малына сарып ауруынан Республикалық бюджеті есебінен жүргізілген сауықтыру жұмыстары қанағаттанарлық нәтиже көрсетуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Құйған ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 7 ақпандағы №1 "Күршім ауданы Құйған ауылдық округінің Құйған ауылына шектеу іс-шарасын белгілеу туралы" (нормативтік-құқықытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 1 наурыздағы №5743 болып тіркелінген, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықытық актілерінің Этолондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылы 14 наурызда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Құйған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Құйған ауылдық округінің әкімі М.Кусаинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады