2019 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 445 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық Әділет басқармасында 2019 жылғы 28 қаңтарда № 5-17-215 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Деңсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген), ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2019 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2019 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      3. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2019 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      4. Ұлан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 54 "2018 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5499 тіркелген, 2018 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланды), Ұлан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 236 "Ұлан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 54 "2018 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы"" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-17-185 тіркелген, 2018 жылғы 27 шілдеде "Ұлан таңы" газетінде және 2018 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланды) күштері жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұржан Оразбекович Әбдікәрімовке жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлан ауданының әкімі Н. Сақтағанов

  Ұлан ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "14" қаңтардағы
№ 445 қаулысына 1 қосымшасы

2019 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыруға жұмыс орындары квотасының мөлшері

Реттік №

Ұйымның атауы

Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыс- керлерінің тізімдік санынан пайыз)

Жұмыс орындар саны (бірліктері)

1

2

3

4

5

1.

"Өскемен кұс фабрикасы" акционерлік қоғамы

769

1 %

8

2.

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ұлан орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

400

1 %

4

3.

Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Бозанбай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

121

1 %

1

4.

"Айтас-Энерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

127

1 %

1

5.

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Асу-Бұлақ орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

100

1 %

1

6.

"Багратион Улан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

172

1 %

2

7.

"Айтас МП" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

267

1 %

3

8.

"Багратион-2" шаруа қожалығы

180

1 %

2

9.

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық Жаңа-Қанай ауылының психиатриялық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

195

1%

2

10.

"Ұлан ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Райымжан Марсеков атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

137

1 %

1

  Ұлан ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "14" қаңтардағы
445 қаулысына 2 қосымшасы

2019 жылға арналған бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Реттік №

Ұйымның атауы

Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыс- керлерінің тізімдік санынан пайыз)

Жұмыс орындар саны (бірліктері)

1

2

3

4

5

1.

"Өскемен кұс фабрикасы" акционерлік қоғамы

769

1 %

8

2.

"Айтас-Энерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

127

1 %

1

3.

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Асу-Бұлақ орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

100

1 %

1

4.

"Багратион Улан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

172

1 %

2

5.

"Айтас МП" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

267

1 %

3

6.

"Багратион-2" шаруа қожалығы

180

1 %

2

7.

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық Жаңа-Қанай ауылының психиатриялық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

195

1 %

2

  Ұлан ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "14" қаңтардағы
№ 445 қаулысына 3 қосымшасы

2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Реттік №

Ұйымның атауы

Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыс- керлерінің тізімдік санынан пайыз)

Жұмыс орындар саны (бірліктері)

1

2

3

4

5

1.

"Өскемен кұс фабрикасы" акционерлік қоғамы

769

1 %

8

2.

"Айтас-Энерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

127

1 %

1

3.

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Асу-Бұлақ орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

100

1 %

1

4.

"Багратион Улан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

172

1 %

2

5.

"Айтас МП" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

267

1 %

3

6.

"Багратион-2" шаруа қожалығы

180

1 %

2

7.

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық Жаңа-Қанай ауылының психиатриялық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

195

1 %

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады