Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің 30.05.2019 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 27 наурыздағы № 66 ұсынысы негізінде Көктал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үржар ауданы Көктал ауылдық округінің Шолпан учаскесіндегі "Ақбота" шаруа қожалығында иттен құтырық ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Үржар ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткзуге қажеті ветеринариялық-санитариялық іс шараларды жүргізу ұсынылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көктал ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электорондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Ресубликасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жолдансын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспана басылымдарында ресми жариялауға жолдансын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Үржар ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін;
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көктал ауылдық округінің әкімі | Н. Садвакасов |