Үржар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 38-415/VI "Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 05 қыркүйектегі № 31-322/VI "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Қабанбай ауылында және Алакөл көлінің жағалауында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы" шешімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 40-435/VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 сәуірде № 5880 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы № 46-509/VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 15.11.2019 № 46-509/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 45 бабы 2 тармағына, 49 бабы 1 тармағы 1) және 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Үржар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 38-415/VI "Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 05 қыркүйектегі № 31-322/VI "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Қабанбай ауылында және Алакөл көлінің жағалауында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5740 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 05 наурызындағы Қазақстан Республикасының нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде және "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінің 2018 жылдың 04 наурызында жарияланған) шешімінің қолданылу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келтіруіне, соның ішінде, аудандық мәслихаттың сессиясында тиісті шешім қабылдануына дейін ұзартылсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Сәтмұхамбетов
      Үржар аудандық
      мәслихатының хатшысы К. Карашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады