Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 15.11.2019 № 46-509/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 49 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 05 қыркүйектегі № 31-322/VI "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Қабанбай ауылында және Алакөл көлінің жағалауында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-18-164 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 08 қазанындағы Қазақстан Республикасының нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде және "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінің 2018 жылдың 08 қазанында жарияланған) шешімінің қолданылуы 2019 жылдың 20 сәуіріне дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Кобегенов |
Үржар аудандық | |
мәслихатының хатшысы | К. Карашев |