Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көлденең ауылдық округі әкімінің 27.09.2019 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" туралы Заңының 35-бабының 2-тармақшасына "Қазақстан Республикасының 2002 жылы 10 шілдедегі Ветеринария" туралы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 09 тамызындағы шығыс № 196 ұсыныс хаты негізінде ШЕШТІ:
1. Көлденең ауылдық округіне қарасты Тарбағатай учаскесіндегі "Қараш" шаруа қожалығының ірі қара малдары арасында қарасан індетінің шығуына байланысты шектеу шаралары еңгізілсін.
2. "Үржар ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) "Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитарлық іс шараларды жүргізу ұсынылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көлденең ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электорондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Ресубликасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жолдансын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспана басылымдарында ресми жариялауға жолдансын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Үржар ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін;
5. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
әкім | С. Истемесов |