Үржар ауданы Келдімұрат ауылдық округі Келдімұрат ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Келдімұрат ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық Әділет басқармасында 2019 жылғы 28 қаңтарда № 5-18-192 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2018 жылдың 29 қарашадағы қорытындысы негізінде және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Келдімұрат ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Үржар ауданы Келдімұрат ауылдық округі Келдімұрат ауылының көшелерінің атауы:

      1) Подгорная көшесі Үшқоңыр көшесі;

      2) Базарная көшесі Найзақара көшесі;

      3) Школьная көшесі Алаш көшесі;

      4) Набережная көшесі Жағалау көшесі;

      5) Степная көшесі Құлагер көшесі;

      6) Рабочая көшесі Еңбекші көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Келдімұрат ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдансын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Келдімұрат ауылдық округінің әкімі К. Касенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады