Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Достық – Дружба даңғылын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 58 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 20 наурыздағы № 24-1 бірлескен қаулысы мен шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 наурызда № 5571 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 20 наурыздағы қорытындысы негізінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Орал қаласының "Достық – Дружба" даңғылы "Нұрсұлтан Назарбаев" даңғылы деп қайта аталсын.

      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы бірлескен қаулы және шешімнің Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А.Көлгінов
      Сессия төрағасының
міндетін атқарушы
М.Құлшар
      Облыстық мәслихат хатшысы М.Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады