Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 130 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 мамырдағы № 25-5 бірлескен қаулысы мен шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 мамырда № 5688 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Бөрлі ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №895 және Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №32-11 "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы" бірлескен қаулысы және шешімі негізінде, тиісті аумақтар тұрғындарының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Бөрлі ауданының Березов ауылдық округі таратылсын;

      Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округінің Бестау ауылы таратылсын;

      Бөрлі ауданының таратылған Березов ауылдық округінің Сұлысай жол айрығының бағыныстылығын өзгертіп, Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық округінің әкімшілік бағыныстылығына берілсін;

      Бөрлі ауданының Березов ауылдық округінің аумағынының бағыныстылығын өзгертіп, Ақбұлақ, Пугачев ауылдық округтерінің бағыныстылығына берілсін.

      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы бірлескен қаулы және шешімнің Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің міндетін атқарушы Б. Азбаев
      Сессия төрағасы К. Мұқанов
      Облыстық мәслихат хатшысы М. Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады