Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі №91 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 153 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 5743 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 41 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 05.03.2020 № 41 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019жылғы 15 наурыздағы №108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18404 тіркелген) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі №91 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5628 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

      3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.А.Есенғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М.Сатқановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  2019 жылғы 28 маусымдағы
№153 Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
қосымша
  2019 жылғы 12 сәуірдегі №91
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидия көлемі

Субсидия сомасы, мың теңге

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1.1

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас/шағылыстыру маусымы

10 000

94 379

943 790

1.2

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

20 000

31 456

629 120

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

бас/шағылыстыру маусымы

100 000

456

45 600

3.

Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

сатып алынған бас

150 000

3 193

478 950

4.

Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу

225 000

1 450

326 250

5.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату

Тiрiдей салмағы, килограмм

200

975 590

195 118

Барлық сомасы

2 618 828

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:

1.1

Отандық немесе ТМД елдерінен әкелінген шетелдік

сатып алынған бас

150 000

94

14 100

1.2

Аустралия, АҚШ, Канада және Еуропа елдерінен әкелінген

225 000

32

7 200

2.

Сүт өндіру құнын арзандату:

2.1

Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық

өткізілген немесе өңделген килограмм

20

730 000

14 600

2.2

Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

10

816 630

8 166,3

15

28 510

427,7

2.3

Ауыл шаруашылығы кооперативі

10

287 500

2 875

3.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау

ұрықтандырылған бас/шағылысу маусымы

5 000

1 170

5 850

Барлық сомасы

53 219

Етті құс шаруашылығы

1.

Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу

сатып алынған бас

600

47 000

28 200

2.

Құс етін өндіру құнын арзандату

2.1

5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген немесе өңделген килограмм

60

1 800 000

108 000

Барлық сомасы

136 200

Жұмыртқалық құс шаруашылығы

1.

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату

1)

50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген дана

2,2

78 181 818

172 000

Барлық сомасы

172 000

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1.1

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

бас/шағылысу маусымы

2 500

19 169

47 922,5

1.2

Қойлардың тауарлық аналық басы

1 500

119 007

178 510,5

2.

Асыл тұқымды қойлар сатып алу

сатып алынған бас

8 000

1 274

10 192

3.

Қозы өткізу құнын арзандату

өткізілген бас

3 000

15 000

45 000

Барлық сомасы

281 625

Жылқы шаруашылығы

1.

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды айғырлар сатып алу

сатып алынған бас

100 000

22

2 200

Барлық сомасы 

2 200

Барлығы 

3 264 072

      Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы:

      ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы;

      АҚШ – Америка Құрама Штаттары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады