Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № 28 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 қыркүйекте № 5783 болып тіркелді. Күші жойылды -Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 27.03.2020 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" №756 қаулысына сәйкес, Орал қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі жоспардан тыс комиссия отырысының 2019 жылдың 1 қыркүйектегі хаттамасына сәйкес, Орал қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Орал қаласында №19А канализациялық коллектордағы апатқа байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайдың салдарын жою басшысы болып Орал қаласы әкімінің орынбасары С.Доля тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Орал қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы (М.Нуртазиев) зардап шеккен объектілерді тексеру жүргізсін.

      4. Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы (Е.Каримов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешімнің орындалуын қадағалау өзіме қалдырамын.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Орал қаласының әкімі А. Шыныбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады