Бөрлі ауданы Приурал ауылдық округінің Приурал ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Приурал ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 маусымда № 5702 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2019 жылғы 21 мамырдағы № 1-13/446 ұсынысы негізінде Приурал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бөрлі ауданы Приурал ауылдық округінің Приурал ауылының аумағында мүйізді ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады