Казталов ауданы әкімінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы №1 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 9 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 мамырда № 5654 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Казталов ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Казталов ауданы әкімінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы №1 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5509 тіркелген, 2019 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасының эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      2. Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Исламбеков) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Казталов ауданы әкімінің орынбасары Р.Зулкашевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады