Сырым аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпандағы № 37-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 ақпанда № 5537 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сырым аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А.Ниязгалиева
      Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева

  Сырым аудандық мәслихатының
2019 жылғы 15 ақпандағы №37-6
шешіміне қосымша

      1. Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №21-2 "2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5012 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      2. Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №22-1 "2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5037 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      3. Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 ақпандағы №23-2 "Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №21-2 "2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5077 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      4. Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы №24-1 "Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №22-1 "2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5116 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      5. Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі №25-1 "Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №21-2 "2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5170 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      6. Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 сәуірдегі №26-1 Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №22-1 "2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5194 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      7. Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 шілдедегі №28-3 "Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №21-2 "2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5314 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      8. Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 қыркүйектегі №31-2 Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №22-1 "2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5340 болып тіркелген, 2018 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      9. Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 қазандағы №32-1 "Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №21-2 "2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5380 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      10. Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 қарашадағы №33-1 Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №22-1 "2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5407 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      11. Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы №34-1 "Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №21-2 "2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5466 болып тіркелген, 2019 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады