Сырым ауданы бойынша 2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 217 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 қыркүйекте № 5781 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 33 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 18.03.2021 № 33 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес Сырым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Сырым ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Сырым ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Сырым ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      4. Сырым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 260 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4505 тіркелген, 2016 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған) және 2016 жылғы 15 шілдедегі № 262 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4501 тіркелген, 2016 жылғы 12 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      5. Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Сарсенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырым ауданы әкімінің орынбасары А.Саркуловқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      аудан әкімі Т. Турегалиев

  Сырым ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 29 тамыздағы
№ 217 қаулысына 1 қосымша

Сырым ауданы бойынша 2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің "Демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

171

3

5

2

Сырым ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізуге құқылы "Сырым" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны"

72

3

2


Барлығы

243


7

  Сырым ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 29 тамыздағы
№ 217 қаулысына 2 қосымша

Сырым ауданы бойынша 2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің "Демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

171

3

5

2

Сырым ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізуге құқылы "Сырым" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны"

72

3

2


Барлығы

243


7

  Сырым ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 29 тамыздағы
№ 217 қаулысына 3 қосымша

Сырым ауданы бойынша 2019 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

155

3

5

2

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Жанша Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

106

3

3

3

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Бұлдырты орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

84

3

3

4

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін М.Қаналиев атындағы Алғабас орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

88

3

3

5

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Сырым орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

88

3

3

6

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Абдолла Жұмағалиев атындағы Жосалы орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

75

3

2

7

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін В.И.Шубин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

65

3

2

8

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Абай орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

68

3

2

9

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

64

3

2

10

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Қособа орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

62

3

2

11

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Талдыбұлақ орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

61

3

2

12

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Аралтөбе орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

3

2

13

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Тасқұдық негізгі мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

44

3

1


Барлығы

1011


32


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады