Сырым ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 33 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 18 наурызда № 6857 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Сырым ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде:

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін үш пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін үш пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін үш пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Сырым ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 217 "Сырым ауданы бойынша 2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5781 тіркелген, 2019 жылы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.Мырзаш) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырым ауданы әкімінің орынбасары А.Саркуловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы А. Саркулов

  Сырым ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 18 наурыздағы
№ 33 қаулысына 1 қосымша

Сырым ауданы бойынша 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері(%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1.

Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

173

3

5

2.

Сырым ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізуге құқылы "Сырым" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны"

73

3

2

3.

Батыс Қазақстан облысы "Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

25

3

1

  Сырым ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 18 наурыздағы
№ 33 қаулысына 2 қосымша

Сырым ауданы бойынша 2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері(%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1.

Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

173

3

5

2.

Сырым ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізуге құқылы "Сырым" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны"

73

3

2

3.

Батыс Қазақстан облысы "Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

25

3

1

  Сырым ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 18 наурыздағы
№ 33 қаулысына 3 қосымша

Сырым ауданы бойынша 2021 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін
айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының
түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру
үшін квота

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері(%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1.

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

168

3

5

2.

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Жанша Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

118

3

3

3.

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Бұлдырты орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

107

3

3

4.

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін М.Қаналиев атындағы Алғабас орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

95

3

3

5.

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Сырым орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

94

3

3

6.

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Абдолла Жұмағалиев атындағы Жосалы орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

85

3

2

7.

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін В.И.Шубин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

79

3

2

8.

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Абай орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

78

3

2

9.

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

76

3

2

10.

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Қособа орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

75

3

2

11.

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Талдыбұлақ орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

72

3

2

12.

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Аралтөбе орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

58

3

2

13.

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Тасқұдық негізгі мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

55

3

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады