Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 2 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қаңтарда № 5518 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен оларға ақшалай сыйақының мөлшерлері айқындалсын.

      2. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы бекітілсін.

      3. Аудан әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Е.Досмаковқа жүктелсiн.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі А.Жоламанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
"Батыс Қазақстан облысы
полиция департаменті
Теректі ауданының полиция бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________Н.Дуйсенгалиев
2018 жылғы "27" желтоқсан

  Теректі ауданы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы 14 қаңтардағы
№ 2 қаулысына қосымша

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен оларға ақшалай сыйақының мөлшерлері

      1. Құрмет грамотасы.

      2. Алғыс хат.

      3. 10 еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын ақшалай сыйақы.

  Теректі ауданы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы 14 қаңтардағы
№ 2 қаулысымен бекітілді

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы

      Осы Қағида қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін айқындайды.

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға "Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Теректі ауданының полиция бөлімі" (бұдан әрi – Теректі ауданының ПБ) енгізеді.

      3. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

      4. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отырып, Комиссия белгiлейдi.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша Теректі ауданының ПБ бастығының бұйрығы шығарылады.

      6. Ақшалай сыйақыны төлеу Теректі ауданының ПБ облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргiзедi

      7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшін азаматтарға Құрмет грамотасын, Алғыс хатты, ақшалай сыйақы беруді Теректі ауданының ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады