Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 17.02.2020 № 39-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" №504 қаулысына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теректі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 ақпандағы № 18-3 "Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3429 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 ақпандағы "Теректі жаңалығы – Теректинская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
2- тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";
9- тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) 1,2,3,4 сатыдағы қатерлі ісік ауруларына, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын емделудің сүйемелдеу кезеңіндегі, адамның иммун тапшылығының вирусі ауруларына және жүйелі қызыл волчанка ауруларына аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
9- тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мүгедек балаға емделуге табыстарын есепке алмай, дәрігерлік – консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде, комиссия белгіленген мөлшерінде;";
реттік нөмірі 2 – жолдағы 4) тармақшадағы "30 000" деген сандар "50 000" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3 – жолдағы 1) тармақшадағы "30 000" деген сандар "50 000" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (В. Мустивко) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 1 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.