Теректі ауданы Шаған ауылдық округі Жаңа Өмір ауылындағы саябаққа атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шаған ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 наурызда № 5560 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңа Өмір ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Шаған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теректі ауданы Шаған ауылдық округі Жаңа Өмір ауылындағы саябаққа "Мәңгілік ел" атауы берілсін.

      2. Шаған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Р.Керей) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады