Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №18-5 "Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қазандағы № 45-11 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 қазанда № 5835 болып тіркелді. Күші жойылды -Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 ақпандағы № 50-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды -Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 11.02.2020 № 50-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 18-5 "Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3409 тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы "Серпін" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

      9-тармақта:

      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қатерлі ісік ауруларға 15 АЕК мөлшерінде, туберкулезбен ауыратындарға 15 АЕК мөлшерінде жылына екі рет аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табысын есепке алмай;";

      9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, санаторлық-курорттық емделуге облыс аумағынан басқа жаққа жолданған мүгедектерге және мүгедек балаларға жол жүру құжаттарын (билеттер) ұсынған кезде, шығу пунктінен межелі орынға дейін және қайтуға дейін плацкарттық вагон орны бағасы мөлшерінде төлем жүргізіледі;";

      мынадай мазмұндағы 11) тармақшасымен толықтырылсын:

      "11) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің сондай-ақ қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдері (күйеулері) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға, жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызмет үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға санаторлық-курорттық емделуге жолдама алу үшін 35 АЕК мөлшерінде.".

      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (С.Шағиров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту: аббревиатуралардың шешуі:

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш;

      КСР Одағы – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы;

      Чернобыль АЭС – Чернобыль атомдық электростанциясы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады