Карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және оларға қарсы күрес қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 қаңтарда № 19879 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесі;

      2) Карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 бұйрығымен
бекітілген

Карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесі

      1. Орманның аса қауіпті зиянкестері:

      1) алма күйесі (Yponomeuta malinellus Zell);

      2) еменнің жасыл жапырақ ширатқышы (Tortrix viridana L.);

      3) қыс мұркөбелегі (Operophthera brumata L.);

      4) долана көбелегі (Aporia crataegi L.);

      5) раушан жапырақ ширатқыш (Cacoecia rosana L.);

      6) жасыл жапырақ ширатқыш (Pandemis chondrillana H-S.);

      7) қарағайдағы ашытқы көбелегі (Sphinx pinastri L.);

      8) қарағай көбелегі (Panolis flammeа Schiff);

      9) қарағай мұркөбелегі (Bupalus piniarius L.);

      10) монашенка жібек көбелегі (Lymantria monacha L.);

      11) қарағайдың жібек көбелегі (Dendrolimus pini L.);

      12) қарағайдың кәдімгі егеуіші (Diprion pini L.);

      13) қарағайдың жирен егеуіші (Neodiprion sertifer Geoff);

      14) жұлдызшалы тоқығыш-егеуіші (Acantholyda posticalis Mats);

      15) қызылбасты тоқығыш-егеуіші (Acantholyda erythrocephala L.);

      16) көктерек айдарлы көбелегі (Pheosia tremula Clerck);

      17) қарағаштың аяққұйрықтысы (Uropus ulmi Schiff);

      18) қайыңның үлкен егеуіші (Cimbex femorata L.);

      19) қайыңның жібек көбелегі (Endromis versicolora L.);

      20) күмісай ойықты көбелек (Phalera bucephala L.);

      21) үлкен гарпия (Curera vinula (Dicranura vinula) L.);

      22) садақша-қоян көбелегі (Acranicta leporine L.);

      23) садақша- пси көбелегі (Acranicta psi L.);

      24) қандағаш айдарлы көбелегі (Notodonta dromedaries L.);

      25) талдың қалың қабырғалы егеуіші (Pontania proxima L.);

      26) шыршаның жалған қалқаншалы сымыры (Physokermes piceae Schr.);

      27) шыршаның кіші жалған қалқаншалы сымыры (Physokermes hemicryphus Dalm);

      28) қарағаштың жапырақ жемірі (Galerucella luteola Mull.);

      29) балқарағай ашытқы көбелегі (Hyloicus morio Rotsch et Jord);

      30) жаламан мұркөбелегі (Erannis defoliaria Cl.);

      31) сексеуілдің көгілдір жапырақ бүргесі (Caillardia azurea Log.);

      32) жалған талқаншалысы (Acanthopulvinaria orientalis Ness.);

      33) галлица (Halodiplosis vernalis Marik);

      34) штакелберг галлицасы (Halodiplosis stackelbergi);

      35) алтытісті қабық жегіші (Lps sexdentatus B.);

      36) гаузр қабық жегіші (lps hauseri Reit);

      37) бүр қан көбелегі (Dioryctria abietella Schiff);

      38) қоңыр жолақты жібек мұркөбелегі (Lycia hirtaria Cl.).

      2. орманның аса қауіпті аурулары:

      1) қайыңның бактерия шемені (Erwinia multivora);

      2) қарағаш тұқымдастылардың голландық ауруы (Ophiostoma ulmi Nann);

      3) көктеректің жалған ағашқұлағы (Phellinus tremulae);

      4) қарағайдың кәдімгі шюттесі (Lophodermium seditiosum);

      5) шыршаның кәдімгі шюттесі (Lophodermium macrosporum);

      6) алма таз қотыры (Venturia inaequalis);

      7) өскіннің жапырылып қалуы (Fusarium);

      8) қарағайдың көпіршікті таты (Сrоnаrtium ribicola Diet);

      9) қарағайдың шайырлы ісігі (Peridermium pini Kleb);

      10) қарлы шюттесі (Phacidium infestans);

      11) қарағай сабағының сынуы (Melampsora pinitorqua A. Braun);

      12) жапырақты ағаш тұқымдастарының сатылы ісігі (Nectria galligena);

      13) жапырақты ағаш тұқымдастарының туберкулярлы некрозы (ubercularia vulgaris);

      14) шырша бүрінің тат ауруы (Chrysomyxa pirolae Rostr.).

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 бұйрығымен
бекітілген

Карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің (бұдан әрі – Орман кодексі) 13-бабы 1-тармағының 18-27) тармақшасына сәйкес әзірленген және карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес тәртібін айқындайды.

      2. Орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларына қарсы күресті орман иеленушілер олардың жаппай көбейіп кетуі мен таралуының алдын алу, олардан болатын залалды қысқарту және орман қоры аумағында қолайлы санитариялық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында ормандардың жай-күйіне теріс әсер етпейтін тәсілдермен және әдістермен жүзеге асырады.

      3. Орманның аса қауіпті зиянкестеріне және ауруларына қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды орман иеленушілер жыл сайын белгілейді және қажеттілігіне қарай түзетеді.

      4. Орман қорғау іс-шараларының көлемін бөлу ормандардың зақымдану мерзімі мен ерекшеліктері, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының биологиясы ескеріле отырып жүргізіледі.

      5. Орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар:

      1) орманның аса қауіпті зиянкестеріне және ауруларына орман-патологиялық мониторингін;

      2) орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының ошақтарын жою жөніндегі іс-шаралардың мерзімі мен көлемін, сондай-ақ оларға қарсы күрес үшін қаржы қаражатының қажеттілігін айқындауды;

      3) орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының ошақтарын жою жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтиды.

      6. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманның аса қауіпті зиянкестеріне және ауруларына қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру Орман кодексінің 110-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының ошақтары 1 мың гектарға дейін мемлекеттік орман қоры аумағына таралған жағдайда оларды жою жөніндегі іс-шаралар жергілікті бюджеттің қаражаты немесе орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      8. Орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының ошақтары 1 мың гектардан астам мемлекеттік орман қоры аумағына таралған жағдайда оларды жою жөніндегі іс-шаралар республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      9. Жекеше орман қоры учаскелерінде орманның аса қауіпті зиянкестеріне және ауруларына қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жекеше орман иеленушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2-тарау. Карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларына орман-патологиялық мониторинг

      10. Орман-патологиялық мониторингті орман иеленушілері карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының ошақтарын анықтау, олардың дамуы мен таралуына болжам жасау, орман қорғау іс-шараларын жүргізу мерзімі мен көлемін айқындау мақсатында жүргізеді.

      11. Орман-патологиялық мониторинг орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының дамуының бүкіл фенологиялық кезеңі бойы жүргізіледі.

      12. Орман-патологиялық мониторинг орман қорының жай-күйін қадағалау жолымен жүргізіледі және орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының ошағы туралы ақпаратты жинауды, талдауды және пайдалануды қамтиды.

3-тарау. Орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының ошақтарын жою жөніндегі іс-шаралардың мерзімі мен көлемін, сондай-ақ оларға қарсы күрес үшін қаржы қаражатының қажеттілігін айқындау

      13. Орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының ошақтарын жою жөніндегі іс-шаралардың мерзімі мен көлемін, сондай-ақ оларға қарсы күрес үшін қаржы қаражатының қажеттілігін орман иеленушілер орман-патологиялық мониторингтің және оның нәтижелері бойынша жасалған болжамдардың негізінде айқындайды.

      14. Орман иеленушілер орман қорғау іс-шараларының мерзімі мен көлемін айқындаған кезде мемлекеттік орман қорының санаттары, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының биологиясы мен даму фазалары, экономикалық және экологиялық орындылық көрсеткіштері ескеріледі.

      15. Орман иеленушілер орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының ошақтарын жою жөніндегі іс-шаралардың мерзімі мен көлемін, сондай-ақ оларға қарсы күрес үшін қаржы қаражатының қажеттілігін айқындаған кезде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының ошақтарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасайды.

4-тарау. Карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының ошақтарын жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу

      16. Орманның аса қауіпті зиянкестері және ауруларының ошақтарын жою жөніндегі іс-шараларды орман иеленушілер оларды химиялық және биологиялық препараттар арқылы жер үсті немесе авиациялық тәсілдермен өңдеу, энтомофагтар мен феромондар қолдану, сондай-ақ орманды санитариялық мақсатта кесу шараларын жүргізу жолымен жүзеге асырады.

      17. Орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының ошақтарын оларды химиялық және биологиялық препараттармен өңдеу жолымен жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (улы химикаттар) пайдаланылады.

      18. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының ошақтарын жою жөніндегі іс-шаралар олардың қорғау режимдері ескеріле отырып жүргізіледі.

  Карантиндік түрлерді
қоспағанда, орманның аса
қауіпті зиянкестері мен
ауруларына қарсы күрес
қағидаларына
қосымша

Карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының ошақтарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

  Нысан

Р/с

Орман иеленушінің атауы

Орман-патологиялық мониторингпен қамтылған орман қоры аумағының алаңы, гектар

Орманның аса қауіпті зиянкестерімен және ауруларымен зақымданған орман қоры аумағының алаңы, гектар

Жоспарланып отырған орман қорғау іс-шараларының атауы

Орман қорғау іс-шараларының көлемі

Орман қорғау іс-шараларын жүргізу мерзімі

Орман қорғау іс-шараларын жүргізу үшін қажет қаржы қаражатының көлемі, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

8


















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады