"Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 қазандағы № 368 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 10 қазандағы № 1118 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 12 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 57 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 қаңтарда № 19922 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 қазандағы № 368 және Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 10 қазандағы № 1118 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19466 болып тіркелген, 2019 жылғы 11 қазандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының аумағынан мыналарды әкетуге алты ай мерзіміне тыйым салынсын:

      тірі ірі қара мал: Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды – 0102;

      тірі қойлар мен ешкілер: ЕАЭО СЭҚ ТН коды – 0104.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
______________ С. Омаров

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Ә. Смайылов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады