"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 қаңтарда № 19955 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 12590 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2015 жылғы 31желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) аталған бұйрықпен бекітілген:

      3 – тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) веб-порталға қатысушы – веб-порталда тіркеуден өткен тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші;

      2) веб-порталда тіркелу – мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектісінің веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуі;

      3) жеке кабинет – мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, сатып алуға қатысуларын, сондай-ақ веб-порталда орналастырылған автоматтық хабарламалар мен мәліметтерді алуды жүзеге асыруға арналған пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны;

      4) қазынашылық сүйемелдеу – құрылыс объектілері бойынша құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, қазынашылық органдарындағы шоттар арқылы жүргізілген төлемдердің барлық кезеңдерінде жобаның барлық қатысушыларының – бас мердігерлердің және қосалқы мердігерлердің салықтарды төлеуінің толықтығын қамтамасыз етуді бақылау;

      5) құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;

      6) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;

      7) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет болып табылатын заңды тұлға;

      8) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      9) мемлекеттік сатып алу саласында электрондық депозитарий (бұдан әрі – электрондық депозитарий) - әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің бар болуын растайтын мәліметтер мен құжаттарды қамтитын, мемлекеттік сатып алудың веб-порталында қалыптасатын электрондық мәліметтер қоры;

      10) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық-цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;

      11) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы (бұдан әрі – бірыңғай ұйымдастырушы) – Заңның 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдігі немесе аудан, қала, қаладағы аудан әкімдігі айқындаған, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      12) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы (бұдан әрі – ұйымдастырушы) – тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасы не құрылымдық бөлімшесі немесе осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлға;

      13) төленген салықтардың көрсеткіші – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері бойынша, осы Қағидалардың 447-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес, есептелетін алдыңғы жылдың алдындағы үш жылдың ішінде әлеуетті өнім берушінің кірістерінің сомасына төленген салықтардың сомасының проценттік қатынасы;

      14) уәкілетті өкіл – веб-порталға қатысушының бірінші басшысының тиісті шешімімен веб-порталда барлық іс-қимылдарды атқаруға, соның ішінде электрондық құжаттардың көшірмелерін куәландыруға уәкілеттілік берілген веб-порталға қатысушының қолданушысы.

      15) форматтық-логикалық бақылау - веб-порталда белгіленетін, веб-порталды пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық шектеулер кешені;

      16) электрондық әмиян – мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотында орналастырылатын конкурсқа, аукционға және баға ұсыныстарын сұратуға қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуге байланысты есептік операцияларды жүзеге асыруға арналған әлеуетті өнім берушінің жеке шоты;

      17) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      18) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермегенін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;

      19) тауарлардың электрондық каталогы – интернет-дүкендер арқылы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар туралы мәліметтер орналыстырылатын веб-порталмен интеграцияланған ақпараттық жүйе."

      378 – тармағы мынадай мынадай редакцияда жазылсын:

      "378. Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші Заңның 4-бабы 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын сақтай отырып, өнім берушіні айқындайды және онымен веб-портал арқылы шарт жасасады.

      Заңның 39-бабының 3-тармағының 1), 6), 7), 8), 16), 27), 29), 30), 31), 33), 36), 37), 38), 40), 41), 51) және 56)-тармақшаларына сәйкес көзделген негіздер бойынша тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу веб-порталда белгіленген форматтық-логикалық бақылауды ескере отырып жүзеге асырылады.

      Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасында көзделген негіз бойынша шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың электрондық каталогынан жүзеге асырылады.

      Сатып алынатын тауарлар тауарлардың электрондық каталогында болмаған не тауарды тауарлардың электрондық каталогында орналастырған әлеуетті өнім беруші шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда, мұндай мемлекеттік сатып алу Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасына сәйкес тауарлардың электрондық каталогын пайдаланбай жүзеге асырылады.";

      13-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-Тарау. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы және әлеуетті өнім берушілердің қаржылық тұрақтылығы және (немесе) төленген салықтар көрсеткіштері бойынша веб-порталда мәліметтерді жаңарту түріндегі біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібі

      445. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы түріндегі біліктілік талабы құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қойылады.

      446. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығын мемлекеттік кірістер органдарының мынадай мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды:

      1) кірістер;

      2) төленген салықтар;

      3) негізгі құралдар;

      4) еңбек ақы төлеу қоры.

      447. Құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жұмыстары бойынша алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын, құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында мынадай шарттарға сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады:

      1) әлеуетті өнім берушінің кірістері өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде екіден бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды;

      2) төленген салықтардың көрсеткіші мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері бойынша есептелетін алдыңғы жылдың алдындағы үш жылдың ішінде әлеуетті өнім берушінің кірісінен кемінде үш пайызды құрайды.

      Осы Қағидалардың мақсаттары үшін төленген салықтар көрсеткішінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің мәліметіне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:

      ТСК = ТС / КС х 100%,

      мұнда:

      ТСК – төленген салықтардың көрсеткіші;

      ТС-есептелетін үш жылдық кезең үшін төленген салықтарының сомасы;

      КС-есептелетін үш жылдық кезең үшін әлеуетті өнім берушінің кіріс сомасы;

      3) әлеуетті өнім берушінің негізгі құралдарының орташа құны өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды;

      4) әлеуетті өнім берушінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды.

      447-1. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын және жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол осы Ереженің 447-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шарттарға жиынтығында сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады.

      447-2. Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері веб-порталда күнтізбелік жыл ішінде:

      1) осы Қағидалардың 447 тармағында көзделген әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын;

      2) Осы Қағидалардың 152-1-тармағында көзделген төленген салықтардың көрсеткіші түрінде конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийді;

      3) осы Қағидалардың 172-тармағында көзделген төленген салықтардың көрсеткіші бойынша әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде жеңімпаздың конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған кезде жеңімпазды анықтау үшін осы мәліметтерді қолдану жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей күнтізбелік жыл ішінде бір рет жаңартылып отырады .

      Бұл ретте әлеуетті өнім берушілердің қаржылық тұрақтылығы және (немесе) төленген салықтар көрсеткіштері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері үш жылдық кезеңнің соңғы есептелетін жылы үшін веб-порталда жаңартылады.

      447-3. Әлеуетті өнім берушілер қосымша салық есептілігін ұсынған және олардың қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерінің және (немесе) төленген салықтардың өзгеруіне әкеп соғатын салықтарды төлеген жағдайда, мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін веб-порталда жаңарту енгізілген өзгерістердің дұрыстығын мемлекеттік кірістер органдары растағаннан кейін жүзеге асырылады.

      447-4. Мемлекеттік кірістер органдары әлеуетті өнім берушілердің қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін және (немесе) төленген салықтарды негізсіз көтеруге әкеп соққан салық заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, уәкілетті орган:

      1) веб-порталдан осындай әлеуетті өнім берушілер бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін алып тастайды;

      2) Заңның 11-бабына сәйкес шаралар қабылдайды.

      Мұндай әлеуетті өнім берушілер бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін веб-порталда жаңарту осы Қағидалардың 447-3-тармағында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.";

      450 – тармағы мынадай мынадай редакцияда жазылсын:

      "450. Жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды әлеуетті өнім берушілер электрондық депозитарийге мынадай мерзімдерде енгізеді:

      1) алдыңғы кезеңдер үшін (соңғы он жыл ішінде) 2020 жылғы 29 ақпаннан кешіктірмей;

      2) ағымдағы жыл үшін (ағымдағы кезең) осы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей.";

      қонкурстық құжаттамаға 1, 2, 2-1, 2-2 және 2-3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      қағидаларға 4-1 - қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағиданың 19-қосымшасының 1.2. тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.2. Төменде келтірілген құжаттар мен онда келісілген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:

      1) осы Шарт;

      2) сатып алынатын тауарларды жеткізу шарты (1-қосымша);

      3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).";

      Қағиданың 20-қосымшасының 2.3. тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.3. Төменде тізбеленген құжаттар және оларда айтылған шарттар осы Шартты құрады және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

      1) осы Шарт;

      2) сатып алынатын жұмыстардың орындау шарты (1-қосымша);

      3) сатып алынатын жұмыстардың тізбесі (2-қосымша);

      4) консорциялық келісім (Консорциуммен Шарт жасасқан жағдайда).";

      Қағиданың 20-1 қосымшасының 2.3. тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.3. Төменде санамаланған құжаттар мен оларда айтылған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

      1) Осы Шарт;

      2)сатып алынатын жұмыстардың орындау шарт (1-қосымша)

      3) сатып алынатын жұмыстардың тізбесі (2-қосымша);

      4) консорциялық келісім (Консорциуммен шарт жасасқан жағдайда);

      5) жобалауға тапсырыс беруші бекіткен тапсырма.";

      Қағиданың 20-2 қосымшасының 2.3. тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.3. Төменде тізбеленген құжаттар және оларда айтылған шарттар осы Шартты құрады және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

      1) осы Шарт;

      2) сатып алынатын жұмыстарды орындау шарты (1-қосымша);

      3) техникалық ерекшелігі (2-қосымша);

      4) консорциялық келісім (Консорциуммен шарт жасасқан жағдайда).";

      Қағиданың 21-қосымшасының 1.2. тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.2. Төменде келтірілген құжаттар мен онда келісілген шарттар осыШартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:

      1) осы Шарт;

      2) сатып алынатын көрсетілетін қызметтер көрсету шарты (1-қосымша);

      3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).".

      2. 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап Қағидаларға 4-1 - қосымшасы осы бұйрыққа 7-қосымшасына сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі:

      1) 2020 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтарын;

      2) 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 2-тармағын қоспағанда.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің м.а.
Б. Шолпанкулов

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін
атқарушының
2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 92 бұйрығына
1-қосымша
  Конкурстық құжаттамаға
1-қосымша

Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттары (бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады)

      Конкурстың № __________________________

      Конкурстың атауы _______________________

Лоттың №

Тапсырыс берушінің атауы

Тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы*

Өлшем бірлігі

Саны, көлемі

Жеткізу шарты (ИНКОТЕРМС 2010-ға сәйкес)

Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі

Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны

Аванстық төлем мөлшері, %

Лот бойынша бөлінген сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      * Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін
атқарушының
2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 92 бұйрығына
2-қосымша
  Конкурстық құжаттамаға
2-қосымша

Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі (тапсырыс беруші толтырады)

      Тапсырыс берушінің атауы _____________________

      Ұйымдастырушының атауы_____________________

      Конкурстың №________________________________

      Конкурстың атауы_____________________________

      Лоттың №____________________________________

      Лоттың атауы_________________________________

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодының атауы*

Таурадың атауы*

Өлшем бірлігі*

Саны (көлемі)*

Бірлік бағасы, қосылған құн салығын қоспағанда*

Қосылған құн салығын қоспағанда, сатып алуға бөлінген жалпы сома*

Жеткізу шарты (ИНКОТЕРМС 2010-ға сәйкес)*

Жеткізу мерзімі*

Аванстық төлем мөлшері*

Сатып алынатынтауарларға, ұлттықстандарттардың, ал оларболмағанжағдайдамемлекетаралықстандарттардыңатауы. Ұлттықжәнемемлекетаралықстандарттарболмағанкезде, мемлекеттіксатыпалудынормалауескерілеотырып, сатыпалынатын тауарлардың, талапетілетінфункционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары көрсетіледі.

Шыққан жылы

Кепілдік мерзімі (айлар)

Сатып алынатын тауарлардың қажетті функционалдық, техникалық, сапалық, өнімділігі мен басқа да сипаттамаларының сипатталуы

Байланысты қызметтер (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (монтаждау, іскеқосу, дайындау, тексеру және тауарларды сынау)

Орындаушы жеңімпаз деп анықталған жағдайда әлеуетті өнімберушіге қойылатын талаптар және оны мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (Әлеуетті өнім берушіні көрсетілген мәліметтерді көрсетпегені немесе бермегені үшін қабылдамауға жолберілмейді)

      * мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынан алынады (автоматты түрде көрсетіледі).

      Ескерту.

      1. Функционалдық, техникалық, сапалық, пайдаланушылық, өзге де сипаттамалар, ілеспе қызметтер бойынша әрбір талап және қосымша талаптар бөлек жолда көрсетіледі.

      2. Өзге құжаттарда техникалық ерекшеліктің талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін
атқарушының
2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 92 бұйрығына
3-қосымша
  Конкурстық құжаттамаға
2-1-қосымша

Құрылыс саласындағы сатып алынатын жұмыстардың тізбесі (құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау бойынша жұмыстар) (тапсырыс беруші толтырады)

      Тапсырыс берушінің атауы________________________

      Ұйымдастырушының атауы_______________________

      Конкурстың №_________________________________

      Конкурстың атауы______________________________

      Лоттың №_____________________________________

      Лоттың атауы__________________________________

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодының атауы*

Жұмыстың атауы*

Өлшем бірлігі*

Саны (көлемі)*

Бірлік бағасы, қосылған құн салығын қоспағанда*

Қосылған құн салығын қоспағанда, сатып алуға бөлінген жалпы сома*

Жұмыстарды орындау мерзімі*

Аванстық төлем мөлшері *

Кепілдік мерзімі (айлар)

Орындаушы жеңімпаз деп анықталған жағдайда әлеуетті өнімберушіге қойылатын талаптар және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (Әлеуетті өнімберушіні көрсетілген мәліметтерді көрсетпегені немесе бермегені үшін қабылдамауға жол берілмейді)

      * мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынан алынады (автоматты түрде көрсетіледі).

      Ескерту.

      Осы тізбеде әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін
атқарушының
2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 92 бұйрығына
4-қосымша
  Конкурстық құжаттамаға
2-2-қосымша

Сатып алынатын құрылысқа байланысты емес жұмыстардың техникалық ерекшелігі (тапсырыс беруші толтырылады)

      Тапсырыс берушінің атауы_____________________

      Ұйымдастырушының атауы____________________

      Конкурстың № _______________________________

      Конкурстың атауы____________________________

      Лоттың № ___________________________________

      Лоттың атауы________________________________

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодының атауы*

Жұмыстың атауы*

Өлшем бірлігі*

Саны (көлемі)*

Бірлік бағасы, қосылған құн салығын қоспағанда*

Қосылған құн салығын қоспағанда, сатып алуға бөлінген жалпы сома*

Жұмыстарды орындау мерзімі*

Аванстық төлем мөлшері *

Кепілдік мерзімі (айлар)

Талап етілетін сипаттамалардың, параметрлердің және өзге де бастапқы деректердің сипаттамасы:

Орындаушы жеңімпаз деп анықталған жағдайда әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптар және оны мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (Әлеуетті өнім берушіні көрсетілген мәліметтерді көрсетпегені немесе бермегені үшін қабылдамауға жол берілмейді)

      * мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынан алынады (автоматты түрде көрсетіледі).

      Ескерту.

      1. Әрбір талап етілетін сипаттамалар, параметрлер, бастапқы деректер және қосымша шарттар бөлек жолда көрсетіледі.

      2 Техникалық ерекшелікте әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

      3. Өзге құжаттарда техникалық ерекшеліктің талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін
атқарушының
2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 92 бұйрығына
5-қосымша
  Конкурстық құжаттамаға
2-3 қосымша

Сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшелігі (тапсырыс беруші толтырады)

      Тапсырыс берушінің атауы_______________________

      Ұйымдастырушының атауы______________________

      Конкурстың №_________________________________

      Конкурстың атауы______________________________

      Лоттың №______________________________________

      Лоттың атауы___________________________________

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодының атауы*

Қызметтің атауы*

Өлшем бірлігі*

Саны (көлемі)*

Қосылған құн салығын қоспағанда бірлік бағасы*

Қосылған құн салығын қоспағанда, сатып алуға бөлінген жалпы сома*

Қызметтерді көрсету мерзімі*

Аванстық төлем мөлшері*

Кепілдік мерзімі (айлар)

Талап етілетін сипаттамалардың, параметрлердің және өзге де бастапқы деректердің сипаттамасы:

Орындаушы жеңімпаз деп анықталған жағдайда әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптар және оны мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (Әлеуетті өнім берушіні көрсетілген мәліметтерді көрсетпегені немесе бермегені үшін қабылдамауға жол берілмейді)

      * мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынан алынады (автоматты түрде көрсетіледі).

      Ескерту.

      1. Әрбір талап етілетін сипаттамалар, параметрлер, бастапқы деректер және қосымша шарттар бөлек жолда көрсетіледі.

      2 Техникалы қерек шелікте әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

      3. Өзге құжаттарда техникалық ерекшеліктің талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін
атқарушының
2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 92 бұйрығына
6-қосымша
  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
4-1 - қосымша

Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне қосу шарттары

Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы

Тізбеге қосу шарттары

Ескерту

1

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

Қаржылық орнықты болу

Әлеуетті өнімберушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі Қағидаларда айқындалған тәртіппен веб-порталда автоматты түрде айқындалады

2

Құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын жұмыстар

Қаржылық орнықты болу

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі Қағидаларда айқындалған тәртіппен веб-порталда автоматты түрде айқындалады

3

Жиһаз өнімдері

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жиһаз өнімдерінің тауарларын өндірушілеріне беретін тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы

Әлеуетті өнімберушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

4

Жеңіл өнеркәсіп тауарлары

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеңіл өнеркәсіп тауарларының өндірушілеріне беретін тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы

Әлеуетті өнімберушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

5

Сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізілген, бағдарламалық қамтамасыз етуге және электрондық өнеркәсіп өнімінің санатына (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауыштарына сәйкес) жататын тауарлар

Әлеуетті өнім берушінің тауары ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде болуы

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыратын, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

6

Ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі қызметтер

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

7

Жеңіл автомобильдер және жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негізінен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлік құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа)

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен берілген тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

8

Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштері, түзеткіштер, индуктивтілік орауыштар және дроссельдер

Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кабельдер (коаксиальды кабельдерді қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетіктері бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер; олардың электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермен бірге болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кабельдер

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен берілген тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін
атқарушының
2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 92 бұйрығына
7-қосымша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады