"Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 23 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 ақпанда № 19976 болып тіркелді

      "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 11) тармақшасына және "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 13986 болып тiркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 5 тамызда жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығында:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді:

      "2-тарау. Көтермелеудің салалық жүйесі";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді:

      "Ұсынымда қызметкер туралы келесі мәліметтер (аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда), білімі, тиісті саладағы жұмыс өтілі, жеткен жетістіктерінің нәтижесін көрсетілулері қажет), қызметкердің нақты қызметін, жетістіктерін және табыстарын көрсететін көрсеткіштер сипатталады.";

      7-тармақтың екінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінде өзгерістер енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмейді;

      нұсқаулыққа 1 және 2-қосымша осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2020 жылғы 3 ақпандағы
№ 23 бұйрығына
1-қосымша
  Көтермелеудің салалық
жүйесі жөніндегі Нұсқаулығына
№ 1-қосымша
  Нысан



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ

      _________________________________ саласының дамуына қосқан үлесі үшін

      (мәдениет, әдебиет және өнер, дене шынықтыру және спорт)

      ______________________________________________________ марапатталады.

      (қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрі

      ____________________________________       _______

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)             (қолы)

      "___" __________20 ____ жыл

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2020 жылғы 3 ақпандағы
№ 23 бұйрығына
2-қосымша
  Көтермелеудің салалық
жүйесі жөніндегі Нұсқаулығына
№ 2-қосымша
  Нысан



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ АЛҒЫС ХАТ

      ________________________________саласының дамуына қосқан үлесі үшін

      (мәдениет, әдебиет және өнер, дене шынықтыру және спорт)

      __________________________________________алғыс хатпен марапатталады.

      (қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрі

      ____________________________________       _______

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)             (қолы)

      "___" __________20 ____ жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады