"Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 ақпанда № 19986 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.05.2021 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13287 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. ОЖСБ оқыту тілінде қағаз тасымалдағышта немесе ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі - АКТ) пайдалана отырып, кешенді тестілеу түрінде жүргізіледі.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. ОЖСБ-ны өткізу аяқталғаннан кейін Министрліктің өкілі ҰТО-ға қағаз тасымалдағышта немесе АКТ-ны пайдалана отырып ОЖСБ-ны өткізу барысы туралы толық есепті жолдайды.

      ОЖСБ қорытындылары туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.";

      35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Өтініштерді қабылдау жабылғаннан кейін тестілеуге кіру рұқсаттамалары қалыптастырылып, базалық және желілік ЖБҰ-лардың жауапты тұлғаларына беріледі. Желілік ЖБҰ-лардың жауапты тұлғалары тестілеуге рұқсаттамалардың түбіртектерін ұйымның өкіліне немесе базалық ЖОО-ға тапсырады.

      36. Қағаз тасымалдағышта тестілеуді өткізу кезінде базалық ЖБҰ-ның жауапты өкілі тестілеу материалдары салынған қапшықтарды ашу және олардың бүтіндігін тексеру Министрлік өкілдері мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары басшысының қатысуымен қапшықтарды ашуды жүргізеді.

      Студенттерді орналастыру отырғызу парағы қатаң түрде жүргізіледі.

      Студенттердің қатысуымен тестілеу материалдары (сұрақ кітапшалары және жауап парақтары) ашылады, олар нұсқаларды тарату парағына сәйкес сұрақ кітапшаларын үйлестіруді жүргізеді.

      Кезекші тестілеудің тәртіп ережесі және тестілеуді өткізу реті жазылған дискті қосады.

      Жауап парақтары таратылған соң студенттер оларды толтырады.

      Сұрақ кітапшаларын үлестіргеннен кейін және студенттер сұрақ кітапшаларының титул парағын толтырған сәттен бастап тестілеу уақыты белгіленеді.

      Тестілеуді аяқтауына қарай немесе тестілеу уақыты біткеннен кейін, студенттер жауап парақтарын және сұрақ кітапшаларын аудитория кезекшісіне тапсырады.

      Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде тестіленуші тестілеу материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда Министрліктің өкілі тестіленушінің қатысуымен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеу материалдарын уақытылы тапсырмау фактілерінің анықталғандығы туралы акт жасалады.

      Тестілеу нәтижелері ҰТО-ның www.testcenter.kz ресми интернет-ресурсында жарияланады.";

      37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46-тармақтар алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 47, 48, 49 -тармақтармен толықтырылсын:

      "47. АКТ-ны пайдалана отырып, тестілеу өткізу кезінде ҰТО өкілі компьютерлік аудиториялардың дайындығын тексереді.

      Студенттер қатаң түрде отырғызу парағына сәйкес орындарға отырады, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес тестілеу күні отырғызу парағын басып шығарады.

      Кезекші тестілеу кезіндегі тәртіп ережесі және оны АКТ-ны пайдалана отырып өткізу тәртібі жазылған дискіні қосады. АКТ-ны пайдалана отырып студент порталға кірген сәттен бастап тестілеу уақыты белгіленеді

      АКТ-ны пайдалана отырып тестілеу аяқталған соң студенттердің тестілеу нәтижелері компьютердің экранына шығарылады.

      48. Тестілеуге кіргізу барысында, тестілеу өткізу кезінде бөгде адам анықталған жағдайда Министрліктің және БСБД-ның өкілдері бөгде адамның қатысуымен осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуге кіргізу немесе тестілеу өткізу кезінде бөгде адамды анықтау актісін жасайды. Бөгде адам мен білім алушының өзі тестілеуге жіберілмейді, нәтижелері жойылады.

      49. Тестілеу кезінде аудиторияға тек Министрліктің өкілі және БСБД-ның қызметкері және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының басшысы Министрлік өкілдерінің топ жетекшісінің алып жүруімен кіре алады;

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 5-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 6 және 7-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Г. Көбенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а Ш. Каринова

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 29 қаңтардағы
№ 42 бұйрығына
1-қосымша
  2019 жылғы 28 қаңтардағы № 98
Оқу жетістіктеріне сырттай
бағалау жүргізу қағидаларына
5–қосымша
  Нысан

Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде тестіленуші емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан фактіні тіркеу туралы акт

      Білім беру ұйымы ________________________________________________________

      (код)            (атауы)

      "_____" __________________ 20 _____жыл________сағат ________ минут

      Министрлік өкілі _________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Аудитория кезекшісі ______________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Тестіленуші: ______________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      СЖК_______________________, № ______аудитория, № ______ орын, № _________ нұсқа,

      тестілеу уақытының аяқталуына байланысты, емтихан материалдарын дер кезінде тапсырудан

      бас тартқан себепті Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидалары бұзылды.

      Аталған деректі ескере отырып, емтихан материалын алу;

      Аудиториядан шығару және тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды.

      Тестіленуші:_____________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      СЖК___________________________________________________________________________,

      ________________________________________________________________________________

      (осы актіні құрған тұлғалардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолдары)

      Актімен таныстым:

      ________________________________________________________________________________

      (Студенттің қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      Министрлік өкілі

      ________________________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)



  Күні _________
 
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 29 қаңтардағы
№ 42
бұйрығына
2-қосымша
  2019 жылғы 28 қаңтардағы № 98
Оқу жетістіктеріне сырттай
бағалау жүргізу қағидаларына
6–қосымша
  Нысан

Тестіленушінің отырғызу парағы
(электронды формат бойынша)

      Тестілеу өткізу пунктте

      __________________________________________________________

      (атауы)

      Аудитория: ___________________________

      Тестілеу күні/ уақыты: __________________________________

Студент туралы мәлімет

Тестілеу
параметрі

Шет тілі

Вариант №

№ отырғызу орны (қолмен толтырылады)

Студенттің қолы

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

ЖСН

Тестілеу тапсыру тілі

1







2







3














  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 29 қаңтардағы
№ 42 бұйрығына
3-қосымша
  2019 жылғы 28 қаңтардағы № 98
Оқу жетістіктеріне сырттай
бағалау жүргізу қағидаларына
7–қосымша
Нысан

Тестілеуге кіргізу/тестілеу барысында бөгде тұлғаның анықталуы туралы акт

      Білім беру ұйымы __________________________________________________________

      (код)      (атауы)

      "_____" __________________ 20 _____жыл________сағат ________ минут

      Министрлік өкілі _______________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ОЖСБ тестілеу өткізілетін білім беру ұйымының ғимаратына кіру/тестілеу тапсыру кезінде тестіленуші ____________________________________________________________________

      (тестіленушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және СЖК

      орнына бөгде тұлғаның___________________________________________________________

      (бөгде тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      кіру дерегі анықталды

      Аталған деректі ескере отырып:

      Тестіленуші/тестіленушінің

      _____________________________________________________________________________

      (тестіленушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және СЖК

      тестілеу өткізілетін білім беру ұйымының ғимаратына тест тапсыру үшін

      кіргізбеуге/емтихан материалдарын алу, № ____аудиториядан шығару және тестілеу

      нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды.

      Акті мен таныстырылды:

      Министрлік өкілі

      ________________________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады