"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Ломбардтардың сауда қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 12 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 608 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік реестрінде № 17673 болып тіркелді, 2018 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі |
Б.Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е.Тургумбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі