Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлеріне арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 ақпанда № 19997 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 40-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлеріне арналған тарифтер бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 5 ақпандағы
№ 39 бұйрығымен
бекітілген

Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлеріне арналған тарифтер

Р/с №

Қызметтердің атауы

Өлшем бірлігі

Бірліктің бағасы (теңге, қосылған құн салығынсыз)

1

Суармалы жерлердің топырақтық-мелиорациялық және тұздық түсірілімін жүргізу

гектар

416

2

Ыза сулардың деңгейіне гидрорежимдік бақылаулар жүргізу

өлшеу

3153

3

Топырақтағы және судағы ұздарды анықтау үшін оларға талдаулар жүргізу:




топырақтың талдауы

сынама

5553


судың талдауы

сынама

9294

4

Жерүсті және жерасты суларына ирригациялық бағалау жүргізу және оларды суару үшін пайдалану бойынша ұсынымдар әзірлеу

ұсыным

10688

5

Бақылау ұңғымаларын жабдықтау және суға ұңғымалар бұрғылау:




бақылау ұңғымаларын жабдықтау

дана

39536


суға ұңғымалар бұрғылау

қума
метр

19232


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады