"Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк білім алуын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 516 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 ақпанда № 20001 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9753 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқық жүйесінде 2014 жылғы 6 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларында:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15.ҚАЖ-дың емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі, тәртіптік изоляторлардағы, жалғыз адамдық камералардағы, уақытша оқшаулау үй-жайларындағы, сондай-ақ ҚАЖ мекемелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздігі аралас мекемелерге ауыстырылған өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарға бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімді өз бетінше алуы үшін жағдайлар жасалады. Сотталғандарға өз бетінше оқу және оқытушылардан консультациялар алу мүмкіндігі беріледі. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарға оқытушылар қажетті әдістемелік және консультациялық көмекті жеке тәртіпте көрсетеді. ҚАЖ-дың емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі, тәртіптік изоляторлардағы, жалғыз адамдық камералардағы, уақытша оқшаулау үй-жайларындағы, сондай-ақ ҚАЖ мекемелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздігі аралас мекемелерге ауыстырылған сотталғандарға әдістемелік және консультациялық көмек жеке не топтарда ұйымдастырылады."

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      2019 жылғы " " ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады