"Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 ақпанда № 20020 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14933 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 сәуірде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 6 ақпандағы
№ 42 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 23 ақпандағы
№ 83 бұйрығына
1-қосымша
  Нысан

Бұзушылықтарды жою туралы №________ нұсқама

      __________                                           20 __ жылғы "___" _____

      актіні толтыру орны                                     Уақыты ________

      1. Бақылау мен қадағалау органының атауы

      ____________________________________________________________________

      2. Тексеру жүргізуге негіз болған тексеру/профилактикалық бақылау тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі

      ____________________________________________________________________

      3. "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 137, 144 және 152-1–баптарына сәйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру/профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізген адамның (адамдардың) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және лауазымы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Тексерілетін субъектінің, объектінің атауы (заңды тұлғаның немесе оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру/профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі), оның орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), аумақ учаскесі

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру/профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу күні, орны мен кезеңі

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      6. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасы талаптарын бұзғаны үшін (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 152-1-бабының 3-тармағын ескере отырып) анықталған бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында, "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын басшылыққа ала отырып, мынадай іс-шараларды орындауға нұсқама беремін:

      ____________________________________________________________________

Объектілер тізбесі

Анықталған бұзушылықтар тізбесі (бұзушылықтар анықталған талаптар тармақтары және тексеру парақтарының атаулары)

Тәуекел дәрежесін бағалау

Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар мен нұсқаулар, оларды жою мерзімдері

1.





2.





      7. Бақылау мен қадағалау субъектісі өкілінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның), сондай-ақ, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде қатысқан адамдардың нұсқамамен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы

      ____________________________________________________________________

      8. Нұсқаманы енгізген (бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру/профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізген уәкілетті органның лауазымды адамының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      ____________________________________________________________________

      9. Нұсқаманы алған (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      ____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады