1. "Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6388 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалану қағидаларында:
1-бөлімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6-тармағына, "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалану тәртібін айқындайды.";
2-бөлімнің 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комиссия олардың қалыптастырылуын және сәйкестендірілмеу мүмкіндігін тексере отырып, сұратылатын деректер базаларын ұсыну мүмкіндігін қарастырады. Сұрау салуды қарастыру нәтижесі оң болған жағдайда "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ведомствоға бағынысты ұйым (бұдан әрі – ведомствоға бағынысты ұйым) орнына нөмірлеуді қолдана отырып, респондент туралы сәйкестендіруші ақпаратты (респонденттің тегі, аты, әкесінің аты, заңды тұлғаның атауы, сәйкестендіру нөмірі) жояды. Ведомствоға бағынысты ұйым құрылымдық бөлімшеге қалыптастырылған сәйкестендірілмеген түрдегі деректер базаларын CD дискіде жолдайды.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық технологиялар басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық технологиялар басқармасы осы бұйрықты мүдделі құрылымдық бөлімшелерге және "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жұмыс бабында басшылыққа алу және қолдану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Н. Көшкімбаев) жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Н. Айдапкелов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі