Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 65 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 18 ақпанда № 20044 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың:

      1) "Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигация мен әуежайлардың көрсететін қызметтеріне тарифтерді (бағалар, алымдар мөршерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 62 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14932 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) "Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигация мен әуежайлардың көрсететін қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 62 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 24 шiлдедегi № 532 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17262 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады