"Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигация мен әуежайлардың көрсететін қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 62 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 24 шiлдедегi № 532 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 тамызда № 17262 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 65 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.02.2020 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигация мен әуежайлардың көрсететін қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 27 наурызда № 14932 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигация мен әуежайлардың көрсететін қызметтеріне тарифтерді (бағалар, алымдар мөршерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес қызметтер сапасын ескере отырып, табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигацияның көрсетілетін қызметтеріне, тарифтерді (бағалар, алымдар мөршерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигациялық көрсетілетін қызметтерге кірістердің, шығындар мен қолданыстағы активтердің бөлек есебін жүргізуді ескере отырып, тарифтерді (бағалар, алымдар мөршерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі;

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес қызметтер сапасын ескере отырып, табиғи монополиялар саласына жатқызылған әуежайлардың қызметтеріне, тарифтерді (бағалар, алымдар мөршерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі;

      4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес табиғи монополиялар саласына жатқызылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша әуежайлардың көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағалар, алымдар мөршерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигацияның көрсетілетін қызметтеріне қызмет сапасын ескере отырып, тарифтерді есептеу әдiстемесiнде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызметтер сапасын ескере отырып, табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигацияның көрсетілетін қызметтеріне, тарифтерді (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қызметтер сапасын ескере отырып, табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигацияның көрсетілетін қызметтеріне, тарифтерді (бағалар, алымдар мөршерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 15-1-бабының 7) тармақшасына, "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес әзірленді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Табиғи монополиялар субъектілері аэронавигация қызметтері саласында көрсететін қызметтерінің қызмет сапасын төмендету фактілерін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 505 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 31 тамызда № 15597 болып тіркелген) Азаматтық және экперименттік авиациядағы авиациялы оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес инциденттер үшін белгілейді.";

      Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигацияның көрсетілетін қызметтеріне қызмет сапасын ескере отырып, тарифтерді есептеу әдiстемесiне қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қызметтер сапасын ескере
отырып, табиғи монополиялар
саласына жатқызылған
аэронавигацияның көрсетілетін
қызметтеріне, тарифтерді
(бағалар, алымдар
мөршерлемелерін) есептеудің
кемсітпейтін әдістемесіне
қосымша";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигациялық көрсетілетін қызметтерге кірістердің, шығындар мен қолданыстағы активтердің бөлек есебін жүргізуді ескере отырып, тарифтерді есептеу әдістемесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигациялық көрсетілетін қызметтерге кірістердің, шығындар мен қолданыстағы активтердің бөлек есебін жүргізуді ескере отырып, тарифтерді (бағалар, алымдар мөршерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигациялық көрсетілетін қызметтерге кірістердің, шығындар мен қолданыстағы активтердің бөлек есебін жүргізуді ескере отырып, тарифтерді (бағалар, алымдар мөршерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 7) тармақшасына, "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес әзірленді.";

      Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигациялық көрсетілетін қызметтерге кірістердің, шығындар мен қолданыстағы активтердің бөлек есебін жүргізуді ескере отырып, тарифтерді есептеу әдістемесіне 1-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Табиғи монополиялар саласына
жатқызылған аэронавигациялық
көрсетілетін қызметтерге
кірістердің, шығындар мен
қолданыстағы активтердің бөлек
есебін жүргізуді ескере отырып,
тарифтерді (бағалар, алымдар
мөршерлемелерін) есептеудің
кемсітпейтін әдістемесіне
1-қосымша";

      Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигациялық көрсетілетін қызметтерге кірістердің, шығындар мен қолданыстағы активтердің бөлек есебін жүргізуді ескере отырып, тарифтерді есептеу әдістемесіне 2-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Табиғи монополиялар саласына
жатқызылған аэронавигациялық
көрсетілетін қызметтерге
кірістердің, шығындар мен
қолданыстағы активтердің бөлек
есебін жүргізуді ескере отырып,
тарифтерді (бағалар, алымдар
мөршерлемелерін) есептеудің
кемсітпейтін әдістемесіне
2-қосымша";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген табиғи монополиялар саласына жатқызылған әуежайлардың көрсетілетін қызметтеріне қызмет сапасын ескере отырып, тарифтерді есептеу әдістемесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қызметтер сапасын ескере отырып, табиғи монополиялар саласына жатқызылған әуежайлардың қызметтеріне, тарифтерді (бағалар, алымдар мөршерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      " 1.Осы қызметтер сапасын ескере отырып, табиғи монополиялар саласына жатқызылған әуежайлардың қызметтеріне, тарифтерді (бағалар, алымдар мөршерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 7) тармақшасына, "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тіркелген) (бұдан әрі - Ерекше тәртіп), Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы міндетін атқарушының 2013 жылғы 31 шілдедегі № 239-НҚ бұйрығымен бекітілген Әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8716 болып тіркелген) сәйкес әзірленген және қызметтер сапасын ескере отырып әуежайлардың табиғи монополиялар саласына жатқызылған қызметтеріне тарифтерді, есептеу тетігін анықтауға арналған.";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге (бұдан әрі – әуе кемесінің ұшып-қонуын қамтамасыз ету қызметі) тариф мынадай операциялар бойынша шығындарды есептеуді қамтиды:";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге (бұдан әрі – авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі) тариф мынадай операциялар бойынша шығындарды есептеуді қамтиды:";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған түрлері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру жөніндегі қызметтерге (бұдан әрі – әуе кемесіне тұрақ орнын беру бойынша қызмет) тариф әуе кемесінің тұрақта нақты болған әрбір сағаты үшін есептеледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Халықаралық бағыттарды қоспағанда, әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру жөніндегі қызметке тариф бір тәулікке белгіленеді.

      Толық емес тәулік бір тәулік болып есептеледі.

      Ең жоғары ұшу салмағының 1 тоннасы-тәулігі халықаралық бағыттарды қоспағанда, әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру жөніндегі қызметтің өлшем бірлігі болып табылады.";

      Табиғи монополиялар саласына жатқызылған әуежайлардың көрсетілетін қызметтеріне қызмет сапасын ескере отырып, тарифтерді есептеу әдістемесіне 1-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қызметтер сапасын ескере
отырып, табиғи монополиялар
саласына жатқызылған
әуежайлардың қызметтеріне,
тарифтерді (бағалар, алымдар
мөршерлемелерін) есептеудің
кемсітпейтін әдістемесіне
1-қосымша";

      Табиғи монополиялар саласына жатқызылған әуежайлардың көрсетілетін қызметтеріне қызмет сапасын ескере отырып, тарифтерді есептеу әдістемесіне 2-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қызметтер сапасын ескере
отырып, табиғи монополиялар
саласына жатқызылған
әуежайлардың қызметтеріне,
тарифтерді (бағалар, алымдар
мөршерлемелерін) есептеудің
кемсітпейтін әдістемесіне
2-қосымша";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген табиғи монополиялар саласына жатқызылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша көрсетілетін әуежайлардың көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар саласына жатқызылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша әуежайлардың көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағалар, алымдар мөршерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      " 1. Осы табиғи монополиялар саласына жатқызылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша әуежайлардың көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағалар, алымдар мөршерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 15-1-бабының 7) тармақшасына, "Табиғи монополиялар туралы" (бұдан әрі – табиғи монополиялар Заңы) 1998 жылғы 9 шілдедегі, "Концессиялар туралы" (бұдан әрі – концепциялар Заңы) 2006 жылғы 7 шілдедегі, "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" (бұдан әрі - Мемлекеттік-жекешелік әріптестік Заңы) 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тіркелген) (бұдан әрі - Ерекше тәртіп), Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 31 шілдедегі № 239-НҚ бұйрығымен бекітілген Әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8716 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 743 бұйрығымен бекітілген Өз қызметін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12526 болып тіркелген) сәйкес әзірленген және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша көрсетілетін әуежайлардың табиғи монополиялар саласына жатқызылған көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді есептеу тетігін анықтауға арналған.";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге (бұдан әрі – әуе кемесінің ұшып-қонуын қамтамасыз ету қызметі) тариф мынадай операциялар бойынша шығындарды есептеуді қамтиды:";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге (бұдан әрі – авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі) тариф мынадай операциялар бойынша шығындарды есептеуді қамтиды:";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған түрлері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру жөніндегі қызметтерге (бұдан әрі – әуе кемесіне тұрақ орнын беру бойынша қызмет) тариф әуе кемесінің тұрақта нақты болған әрбір сағаты үшін есептеледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Халықаралық бағыттарды қоспағанда, әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру қызметіне тариф бір тәулікке белгіленеді.

      Толық емес тәулік бір тәулік болып есептеледі.

      Ең жоғары ұшу салмағының 1 тоннасы-тәулігі халықаралық бағыттарды қоспағанда, әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтің өлшем бірлігі болып табылады.";

      Табиғи монополиялар саласына жатқызылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша көрсетілетін әуежайлардың көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесіне қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Табиғи монополиялар саласына
жатқызылған мемлекеттік-
жекешелік әріптестік шарты
бойынша, оның ішінде
концессия шарты бойынша
әуежайлардың көрсетілетін
қызметтеріне тарифтерді
(бағалар, алымдар
мөршерлемелерін) есептеудің
кемсітпейтін әдістемесіне
қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      ________________ Р. Дәленов

      2018 жылғы 26 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады