"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 ақпанда № 20052 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      183-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "183. Мемлекеттік мекемелердің өткен қаржы жылының желтоқсанында ұсынылған төлеуге берілетін құжаттар бойынша ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт бойынша ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанында көрсетілген қызметтер (коммуналдық қызметтер, қоқысты шығару қызметтері, байланыс қызметтері, телерадио хабарларын тарату қызметтері, әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтері) үшін төлеуіне жол беріледі.

      Ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт бойынша, өткен қаржы жылындағы желтоқсан үшін төлеуге берілетін құжаттар бойынша ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанында көрсетілген көлік қызметтері және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу үшін мемлекеттік мекемелердің төлеуіне рұқсат етіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (Ерназарова З.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады