"Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 192 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 ақпанда № 20081 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      1. "Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын тіркеу карточкасының нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қолма-қол ақшаны есепке алу кітабының нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тауар чегі кітабының нысаны;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тауар чегінің нысаны;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) енгізу (алып тастау) қағидалары;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ фискалдық деректер операторының оларды мемлекеттік кірістер органдарына беру қағидалары;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес фискалдық деректер операторының деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру қағидалары бекітілсін.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидаларында:

      6 және 8-тармақтар алып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Салық төлеушi бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген өзгерістер туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Салық кодексінің 168-бабында белгіленген тәртіппен әрекеттерді жүзеге асырады.";

      12-тармақ алып тасталсын;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Салық төлеушiнiң жауапты тұлғасы бақылау-касса машинасын пайдаланған кезде:

      1) бақылау-касса машинасын пайдалану бойынша нұсқауға сәйкес ақшалай есеп айырысу туралы ақпараттың енгізуін жүзеге асырады;

      2) электр энергиясы болмаған немесе бақылау-касса машинасында ақаулар болған жағдайда тауар чегін толтырады және береді;

      3) фискалдық деректердің операторы ұсынатын телекоммуникациялар желісі уақытша болмаған жағдайда, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасының автономды жұмыс режимін пайдаланады;

      4) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинаны қолдану жағдайын қоспағанда, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын толтырады;

      5) ауысым аяқталған кезде бақылау-касса машинасының моделін дайындаушының техникалық талаптарына сәйкес ауысымдық есепті алу (Z-есеп) жолымен "ауысым соңы" рәсiмiн орындайды.

      Ауысымдық есептерді, қолма-қол ақшаны есепке алу және тауар чегі кiтаптарын, сондай-ақ олар бойынша жою және қайтару операциялары жүргізілген жою, қайтару чектері мен бақылау чектерін салық төлеуші оларды басып шығарған немесе толық толтырған күнінен бастап бес жыл бойы сақтайды.

      Бақылау-касса машиналары үшін ауысым кезеңі жиырма төрт сағаттан аспайды.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Бақылау-касса машинасының мемлекеттік кірістер органы пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес техникалық ақауы болған жағдайда, салық төлеуші ақау пайда болған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын есепке қою жүргізілген мемлекеттік кірістер органына:

      1) бақылау-касса машинаның тіркеу карточкасының нөмірін, берілген күнін және ақау болған күннің басындағы есептегіштің жиынтық көрсеткіштерін көрсете отырып, осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын пайдалану кезінде туындайтын міндеттемелердің орындалуы туралы салықтық өтінішті;

      2) жөндеу жүргізу мерзімдері мен ақау себептерін негіздеп көрсете отырып, техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысын береді.

      Мемлекеттік кірістер органы осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттар мәліметтерін бермеген немесе толық құрамда бермеген жағдайларда пломбаның бүтіндігін бұзуға мемлекеттік кірістер органының рұқсатын алуға құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Мемлекеттік кірістер органы салықтық өтінішті қабылдаған күні ақауды жою үшін бақылау-касса машинасы пломбасының бүтіндігін бұзуға рұқсат беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдайды.

      Бақылау-касса машинасы пломбасының бүтіндігін бұзуға мемлекеттік кірістер органының рұқсатын мемлекеттік кірістер органының пломба орнатуға жауапты лауазымды адамы оны беру туралы шешім қабылдаған күні, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

      Техникалық ақау жойылғаннан кейін фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасын пломба орнату үшін мемлекеттік кірістер органына табыс ету мерзімі техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысында көрсетілген жөндеу жүргізу мерзімінен кем болмауға, бірақ пломбаның бүтіндігін бұзуға мемлекеттік кірістер органы рұқсат берген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Бақылау-касса машинасы мына жағдайларда, егер:

      1) басып шығармаса, анық баспаса немесе бақылау-касса машинасының чегін электрондық түрде беру жағдайларын қоспағанда, Салық кодексінің 166-бабында айқындалған бақылау чегiндегі деректемелер толық басылмаса;

      2) фискалдық жадынан не фискалдық деректер жинақтауышынан деректерді алуға мүмкіндік болмаса;

      3) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасында мемлекеттік кірістер органының пломбасы болмаса немесе бүлінсе;

      4) дайындаушы зауыттың таңбасы болмаса;

      5) фискалдық деректердің операторы ұсынатын жарамды байланыс болған кезде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан деректерді беру мүмкіндігі болмаса, техникалық ақаулы деп есептеледі.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Салық төлеушi қолма-қол ақшаны есепке алу кiтабын және (немесе) тауар чектерiнiң кiтабын толық толтырған жағдайда, не олар жоғалған (бүлінген) жағдайда оларды ауыстыру (қалпына келтіру) үшін бес жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын есепке қойған жері бойынша мемлекеттік кірістер органына:

      1) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын пайдалану кезінде туындайтын міндеттемелердің орындалуы туралы салықтық өтінішті;

      2) нөмiрленген, тiгілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрiмен расталған жаңа қолма-қол ақшаны есепке алу кiтабын және (немесе) тауар чектерiнiң кiтабын;

      3) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын;

      4) бақылау-касса машинасын береді.

      Қолма-қол ақшаны есепке алу кiтабы толық толтырылған немесе жоғалған (бүлінген) жағдайда фискалдық есепті шығару үшін қосымша бақылау-касса машинасы беріледі.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасының нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) енгізу (алып тастау) қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу туралы мәселелерді қарау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мүдделі тұлғаның бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу туралы салықтық өтініші (бұдан әрі – Салықтық өтініш) негізінде жүзеге асырылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу бір мезгілде мынадай шарттар:

      1) Салықтық өтініш пен осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген материалдардың болуы;

      2) бақылау-касса машинасы моделінің осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес техникалық талаптарға сәйкестігі сақталған кезде жүзеге асырылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бақылау-касса машинасы моделін мемлекеттік тізілімге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешімді уәкілетті орган Салықтық өтінішті қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімі уәкілетті органның сайтында орналастырылады.

      Бақылау-касса машинасы моделін мемлекеттік тізілімге енгізуден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган бас тарту себептерін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша түрде хабардар етеді.

      Уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген шарттардың бірі сақталмаған жағдайда бас тарту туралы шешім қабылдайды.";

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ фискалдық деректер операторының оларды мемлекеттік кірістер органдарына беру қағидаларында:

      4-тарау алып тасталсын;

      осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын;

      8-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы "16" ақпандағы
№ 208 бұйрығына
9-қосымша"

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгiленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      Бірінші Орынбасары-
      Қаржы министрі А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 24 ақпандағы
№ 192 бұйрығына
1-қосымша
  Бақылау-касса машиналарын
қолдану қағидаларына
1-1-қосымша
нысан



  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 24 ақпандағы
№ 192 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы "16" ақпандағы
№ 208 бұйрығына
2-қосымша
нысан



  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші
Орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 24 ақпандағы
№ 192 бұйрығына
3-қосымша
  Бақылау-касса машиналарының
модельдерін мемлекеттік
тізілімге(тізілімнен) енгізу
(алып тастау) қағидаларына
1-қосымша
нысан



  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 24 ақпандағы
№ 192 бұйрығына
4-қосымша
  Бақылау-касса машиналарының
модельдерін мемлекеттік
тізілімге(тізілімнен) енгізу
(алып тастау) қағидаларына
2-қосымша

Ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беруді қамтамасыз ететін техникалық талаптар және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысаны _______________________________________________________________ (бақылау-кассалық машиналар үлгілерінің атауы)

№ р/с

Бақылау-кассалық машинаға (бұдан әрі – БКМ) техникалық талаптар

БКМ үлгісінің техникалық мінездемелері негізгі техникалық талаптарға сәйкестілігі жөніндегі мәліметтер

Ескерту


Жалпы талаптар

Осы бағанды толтыру үшін құжаттың атауын, беттің нөмірін және талапты іске асыру сипатталған құжаттың нақты тармағын міндетті түрде көрсете отырып, дайындаушы зауыт құжаттамасының мәліметтері пайдаланылады.


1-бөлім. Деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарға қойылатын талаптар

1.

Бағдарламалық паролі (кемінде төрт разряд) немесе нөмірлік кілттері болуы тиіс.
Бағдарламалық парольдермен кем дегенде БКМ жұмысының келесі режимдері қорғалуы тиіс:



1.1

1) сатуды тіркеу режимі;



1.2

2) бағдарламалау режимі;



1.3

3) "Ауысымды жабу" режимі.



2.

БКМ ауысым басында жұмысқа қосқан кезде, сондай-ақ ауысым соңында тәуліктік Z-есепті алған кезде автоматты тестілеу функционалы болуы тиіс.
Функционал өзіне қамтуы тиіс:



2.1

Негізгі блоктар мен тораптарды тестілеу.



2.2

БКМ бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу.



2.3

Жинақтауышта сақталған фискалдық деректердің тұтастығын тестілеу және бақылау:
1) Соңғы ауысымда берілген барлық чектер туралы ақпаратты тексеру және соңғы Z-есептің бақылау сомасымен салыстыру;
2) фискалдық деректер жинақтаушысындағы барлық жазбалардың жалпы бақылау сомасын барлық Z-есептердің бақылау жазбаларының сомасымен салыстыру.



2.4

Фискалдық деректер операторының серверімен байланысты тестілеу (мәтіндік хабарлама жіберу және жауап алу арқылы).



3.

Автоматты тестілеуден теріс өткен жағдайда БКМ бұғаттауды қамтамасыз ету:



3.1

Негізгі блоктар мен тораптарды тестілеу кезінде.



3.2

БКМ бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу кезінде.



3.3

Жинақтауышта сақталған фискалдық деректер тұтастығын тестілеу және бақылау кезінде



4.

Transmission Control Protocol/Internet Protocol (TCP/IP) қосылу хаттамасын пайдалана отырып және фискалдық деректер операторының серверіне БКМ деректерді беру хаттамасына сәйкес vpn арнасы бойынша фискалдық деректер операторының телекоммуникациялық желісі бойынша фискалдық деректер операторының серверіне қосылу*



5.

БКМ чегін ресімдеуді және чектің деректерін сатып алуды (сатуды) тіркеу кезінде бірыңғай жұмыс циклінде фискалдық деректер операторының серверіне беруді қамтамасыз ету.



6.

Чек лентасы болмаған немесе үзілген, кассир операцияны дұрыс орындамаған жағдайда және БКМ жұмысында кассирдің БКМ чегін сатып алушыға беру мүмкін еместігіне әкелген басқа да проблемалар туындаған кезде операцияларды жүргізуді оқшаулауды қамтамасыз ету.



6.1.

Тауарды таңбалау идентификаторын оқу үшін штрих код сканерін қосу мүмкіндігі болуы тиіс



7.

БКМ автономды режімде БКМ жұмысы кезеңінде жинақталған БКМ чектері туралы ақпараттың ФДО серверіне беру сәтіне дейін сақталуын қамтамасыз ету. БКМ автономды жұмыс режимі байланыс арналарына қолжетімділік болмаған кезде және фискалдық деректер операторының серверіне ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты жіберу сәтіне дейін әрекет етеді.



8.

БКМ-да әрбір жазбаның бақылау сомасын және барлық жазбалардың жалпы бақылау сомасын қалыптастыру арқылы БКМ фискалдық деректер жинауышындағы ақпараттың сақталуын тексеру режимі, олардың мерзімдік бақылау салыстыруын жүргізу (БКМ қосу және Z-есепті алу кезінде) көзделуі тиіс.



9.

Жұмыстың негізгі режимдерін бағдарламалауды (конфигурациялауды) қамтамасыз ету:
1) тіркеу режимі (сату, қайтаруларды тіркеу, салықтарды есептеу); есептерді X және Z режимі;
2) бағдарламалау режимі (қарау/БКМ параметрлерін өзгерту, сыртқы құрылғылары бар БКМ баптау);
3) қосымша режимдер (БКМ ішкі сағаттарында уақытты орнату, БКМ тестілеу режимі).



10.

Пернетақтадағы белгілер және индикацияға шығарылатын ақпарат мемлекеттік және / немесе орыс тілдерінде болуы тиіс.


Осы талап фискалды регистратор болып табылатын БКМ таратылмайды

11.

БКМ ауысымды жабу және ауысымдық (тәуліктік) есепті (Z есеп) қалыптастыру рәсімін жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс.



12.

Ауысымдық (тәуліктік) есепті (Z есепті) қалыптастыру кезінде БКМ осы Z есептің бақылау сомасы және барлық жазбалардың жалпы бақылау сомасы қалыптастырылуы және осы талаптардың 2.3-тармағына сәйкес фискалдық деректер жинауышында сақталған деректердің тұтастығын бақылау рәсімі іске қосылуы тиіс.



13.

БКМ ауысым ұзақтығын бақылауы тиіс.
Ауысым ұзақтығын есептеудің басталу сәті ауысым үшін бірінші төлем құжатын ресімдеудің аяқталуы болып саналады.
Ауысым ұзақтығы 24 сағаттан асқан жағдайда БКМ ауысымды жабу операциясын жүргізгенге дейін төлем құжаттарын ресімдеу мүмкіндігін оқшаулауы тиіс.



14.

БКМ БКМ чегін қайтару рәсімін жүргізуді және фискалдық деректер операторының серверіне тиісті хабарламаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді.



15.

БКМ фискалдық деректер операторының серверінен Мемлекеттік кіріс органдары ұсынған касса бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы талаппен хабарлама алған кезде жұмысты бұғаттауды қамтамасыз етеді.



16.

БКМ фискалдық деректер операторының серверінен алынған хабарламаларды мемлекеттік кіріс органдары қалыптастырған хабарламалармен шығаруды қамтамасыз етеді. Хабарламалар БКМ экранына шығарылады немесе фискалдық деректер операторының серверінен алынған кезде чек таспасында басылады.



Фискалдық деректер операторының серверімен жұмыс істеуге қойылатын талаптар

17.

БКМ деректерді берудің кемінде екі тәуелсіз арналарын ұстап тұруы тиіс.



17.1

2015 жылғы 1 шілдеге дейін БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізілген БКМ жаңғыртудан кейін деректерді берудің бір немесе одан да көп тәуелсіз арналарын қолдайды.
Жаңғырту - БКМ ескі моделін жаңа талаптар мен нормаларға, техникалық шарттарға сәйкес келтіру.



18.

БКМ деректерді фискалдық деректер операторының серверіне берудің хаттамасында сипатталған тәртіпке сәйкес фискалдық деректер операторының серверінде БКМ авторизациялауды жүргізу.



19.

БКМ деректерді беру хаттамасына сәйкес фискалдық деректер операторының серверіне жасалатын кассалық операциялар туралы деректерді беру.



20.

Ауысымды жабудың жасалатын операциялары туралы деректерді беру және фискалдық деректер операторының серверіне БКМ деректерді беру хаттамасына сәйкес z-есептерді қалыптастыру.



21.

Фискалдық деректер операторының серверінен фискалдық белгіні алу.



22.

Фискалдық деректер операторының серверінен алынған фискалдық белгісі бар кассалық чекті басып шығару. Чектің мазмұнына қойылатын талаптар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі-Салық кодексі) 166-бабының 6-тармағында белгіленген.



23.

Фискалдық деректер операторының серверіне деректерді қабылдау-беру уақыты (оператор чекті ресімдеу туралы ақпаратты енгізу рәсімдерін аяқтағаннан кейін чекті қалыптастыру уақыты) 7 секундтан аспауы тиіс.



24.

Фискалдық деректер операторының серверімен қосылудың уақытша жоғалуы жағдайында чектерді қалыптастыру және чектерді басып шығаруды қамтамасыз ету (БКМ автономды жұмыс режиміне көшуі).



25.

БКМ фискалдық деректер операторының серверіне кассаға қолма-қол ақшаны енгізу және кассадан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі ақпаратты беруді қамтамасыз етеді




Сервермен байланысты уақытша жоғалту жағдайында жұмысқа қойылатын талаптар



26.

БКМ автономды режимде фискалдық белгінің қалыптасуын қамтамасыз ететін фискалдық деректердің жинақтаушысы болуы тиіс, фискалдық деректер операторының серверіне кейіннен беру үшін жазу күнінен бастап кем дегенде 1 ай (720 сағат) ішінде қоректендіру көздерінен энергия тұтынусыз өзгеріссіз түрде фискалдық деректерді жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау. Фискалдық деректер жинауышы БКМ фискалдық және жедел жадынан тұрады.



27.

Фискалдық деректер операторының серверімен байланыс уақытша болмаған кезде немесе деректерді беру арнасында рұқсат етілген шамадан тыс кідірістер кезінде (фискалдық деректер операторының серверінен жауап алуға 5 секунд), сондай-ақ БКМ фискалдық деректер операторының серверімен байланыс үшін жеткілікті электр қорегі болмаған кезде фискалдық деректер операторының серверімен байланыс жасауға:



27.1

1) БКМ автономды жұмыс режиміне өтеді



27.2

2) оператор-кассирге фискалдық деректер операторының серверіне қол жетімділік жоқтығы және БКМ автономды режимге көшкені туралы хабарлайды;



27.3

3) чекке жеке бірегей нөмір - автономды фискалдық белгі береді.
Чектің жеке бірегей нөмірі БКМ пайдалану мерзімі ішінде бірегей болуы тиіс.



27.4

4) чекте автономды фискалды белгіні басып шығарады;



27.5

5) басып шығарылатын чектерде құрылғының автономды режимде жұмыс істейтіні белгісі болуы тиіс:
"Автономды" термині көрсетілген;



27.6

6) БКМ автономды режімде 72 сағаттан артық жұмыс істеген кезде, кассир-операторды хабардар ете отырып (ең "ескі" автономды чек 72 сағаттан аспауы тиіс) блоктайды.



27.7

7) БКМ автономды жұмыс режимінде Z-есептің мөрімен "Ауысымды жабу" рәсімін жүргізуді қамтамасыз етеді.
БКМ ауысымды автономды кезекке жабуға сұраныс қосып, Z-есепті алу күні мен уақыты бар белгіні қоса отырып, байланысты қалпына келтіру кезінде оны серверге беруі тиіс.
Фискалдық деректер операторының серверімен байланыс болмаған жағдайда, Z-есеп БКМ фискалдық деректер жинауышында сақталған жүргізілген ақша операциялары және берілген чектер туралы деректер негізінде БКМ-де жинақталуы тиіс.



28.

Фискалдық деректер операторының серверімен байланысты қалпына келтіру кезінде БКМ келесі әрекеттерді орындауы тиіс:



28.1

1) фискалдық деректер операторының серверіне автономды режимде жұмыс істеу ұзақтығы туралы ақпараты бар хабарламаны қалыптастыру және жіберу;



28.2

2) фискалдық деректер операторының серверіне БКМ барлық бақылау чектерін және БКМ автономды режимде жұмыс істеу кезінде жинақталған ауысым жабулары (Z-есептер) туралы белгілерді жіберу, олардың әрқайсысына БКМ деректерді фискалдық деректер операторының серверіне беру хаттамасына сәйкес фискалдық деректер операторының серверінен жауап алу*;



28.3

3) әрбір хабарламада тиісті өрісте дербес жұмыс кезінде БКМ берілген бақылау чегінің автономды фискалдық белгісі ("Бақылау чегінің автономды фискалдық белгісі" өрісі) немесе деректерді БКМ-дан фискалдық деректер операторының серверіне беру хаттамасына сәйкес автономды режимде жұмыс істеу белгісі (автономды режимде жұмыс белгі өрісі) болуы тиіс.



БКМ қалыптастыратын чектерге және өзге де құжаттарға қойылатын талаптар

29.

БКМ келесі құжаттардың басып шығарылуын қамтамасыз етуі тиіс:



29.1

1) БКМ чегі;



29.2

2) кассирлер бойынша есеп;



29.3

3) секциялар бойынша есеп;



29.4

4) өшірусіз есеп (X-есеп).
Фискалдық деректер операторының серверімен байланыс болған жағдайда х-есеп серверден басып шығаруға беріледі, фискалдық деректер операторының серверімен байланыс болмаған жағдайда, есеп БКМ фискалдық деректер жинауышында сақталған есептеуіштердің деректері негізінде БКМ-ге генерацияланады;



29.5

5) ауысымдық (тәуліктік) есеп (Z-есеп).
Ауысымдық (тәуліктік) есеп БКМ сұрау салуы бойынша фискалдық деректер операторының серверінде қалыптастырылады және БКМ жеке құжатпен мөр үшін беріледі.
Фискалдық деректер операторының серверімен байланыс болмаған жағдайда, Z - есеп БКМ фискалдық деректер жинауышында сақталған жүргізілген ақша операциялары және берілген чектер туралы деректер негізінде БКМ-де генерацияланады.
Z-есептің құрылымы 11.3.т. "Есептерді алу - Z-есеп, Х-есеп" фискалдық деректер операторының серверіне БКМ-нан деректерді беру хаттамасына сәйкес келтірілген*.



30.

БКМ Салық кодексінің 166-бабы 6-тармағына сәйкес бақылау чегінде деректемелерді басып шығаруды, оның ішінде қазақ тілі әліпбиінің ерекше әріптерін пайдалана отырып, қазақ тілінде қамтамасыз етуі тиіс.



30.1

уәкілетті органның интернет-ресурсында чектің түпнұсқалығын автоматтандырылған тексеру үшін чекте QR-кодты қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.



30.2

QR-кодта болуы тиіс:
Осы чекке URL, ол келесіні қосады:
1) фискалды деректер операторы сайтынан немесе автономды режимде БКМ-мен қалыптастырылған фискалды белгі;
2) мемлекеттік кірістер органдарындағы БКМ тіркеу нөмірі;
3) БКМ чекті қалыптастыру күні мен уақыты;
4) БКМ чегінің жалпы сомасы.



30.3

QR-кодты қалыптастыру жол пішіні келесі маскаға сәйкес болуы қажет:
Протокол://URL?i=Фискальный признак&f=РНМ&s=сумма тенге.тиын&t=датаTвремя.



30.4

Қалыптасатын QR-кодтың мөлшері мен сапасы ҚР СТ ISO IEC 18004-2017 стандартының 9 және 10-бөлімдеріне сәйкес белгіленеді және БКМ техникалық мүмкіндіктеріне байланысты болады.



Жұмыс режиміне және серверге фискалдық деректерді беру тәртібіне қойылатын талаптар

31.

БКМ фискалдық деректер серверіне қосу тәртібі БКМ нақты моделіне пайдалану құжаттамасында көрсетілуі тиіс.



32.

БКМ жұмыс режимі (деректерді фискалдық деректер операторының серверіне беру режимі, сондай-ақ сервермен байланыс болмаған жағдайда автономды) БКМ жұмысын пайдалану құжаттамасына толық сәйкес қамтамасыз етуі тиіс.



33.

БКМ ресімделген барлық құжаттардың (деректерді фискалдық деректер операторының серверіне беру режимінде, сондай-ақ сервермен байланыс болмаған жағдайда автономды түрде) фискалдық режимнің ерекше белгісі болуы тиіс ("фискалдық чек" сөз тіркесі) фискалдық деректер операторының серверінен бақылау чегінің нөмірін алғаннан кейін немесе фискалдық деректер операторының серверімен байланыс болмаған жағдайда БКМ автономды фискалдық белгіні қалыптастырғаннан кейін ғана басып шығаруға шығарылатын.



34.

БКМ келесі деректерді енгізуді қамтамасыз етуі тиіс:



34.1

1) фискалдық деректер операторының серверімен жұмыс істеуге арналған мекенжайлар мен порттар;



34.2

2) мемлекеттік кірістер органдарында БКМ тіркеу нөмірі (12 белгіден кем емес);



34.3

3) БКМ сәйкестендіру нөмірі;



34.4

4) бастапқы инициализациялық токен (деректерді алмасуға рұқсатсыз араласудан қорғау үшін фискалдық деректер операторының серверімен жасалған сандық код);



34.5

5) қабылдау-беру арнасын таңдау басымдығын басқару, пайдаланылатын байланыс арналарының параметрлерін баптау..



35.

Фискалдық деректер операторының серверіне БКМ қосу (токенді енгізуден басқа) және күні мен уақытын түзету операциялары БКМ ауысымды жабу операциясы аяқталғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.
Осы сәтке дейін осы операцияларды жүргізу бұғатталуы тиіс.



36.

БКМ күні мен уақытын бағдарламалау операцияларын жүргізу кезінде соңғы қалыптастырылған фискалдық құжаттың күні мен уақытына қарағанда аз мәндерді енгізуге бақылау және тыйым салу қажет.



БКМ үшін бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

37.

Техникалық талаптарға сәйкес функцияларды толық іске асырумен қатар:



37.1

1) БКМ бағдарламалық бөлігін өндіруші санкцияланбаған өзгерту;



37.2

2) фискалдық деректер жинақтаушысына сақталған бақылау чектерінің деректеріне түзетулер енгізу;



37.3

3) фискалдық деректер операторының серверінен бақылау чегінің нөмірін алмай немесе БКМ автономды кодын қалыптастырмай, фискалдық деректер операторының серверімен байланыс болмаған жағдайда, фискалдық режимнің ерекшелік белгісін құжаттарға шығару;



37.4

4) фискалдық деректер операторының серверінен алынған фискалдық белгінің, сондай-ақ автономды жұмыс режимінде БКМ чегіне берілген автономды фискалдық белгінің өзгеруі.



2-бөлім. Деректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарға қойылатын талаптар

38

Бағдарламалық паролі (кемінде төрт разряд) немесе нөмірлік кілттері болуы тиіс.
Бағдарламалық парольдермен кем дегенде БКМ жұмысының келесі режимдері қорғалуы тиіс:



38.1

1) сатуды тіркеу режимі;



38.2

2) теңшеу режимі



38.3

3) "Ауысымды жабу" режимі.



39

Фискалдық деректер операторының серверімен байланыстың болуын тексеру фискалдық деректер операторы серверінің қолжетімділігін тексеру хабарламасын жіберу арқылы қамтамасыз етіледі.



40

Чек лентасы болмаған немесе үзілген, кассир операцияны дұрыс орындамаған, фискалдық деректер операторының серверімен қосылмаған жағдайда және БКМ электронды чегін жіберу немесе кассирдің БКМ чегін сатып алушыға беру мүмкін еместігіне әкелген БКМ жұмысында басқа да проблемалар туындаған жағдайда операцияларды жүргізуді бұғаттауды қамтамасыз ету.



41

Тауарды таңбалау идентификаторын оқу үшін штрих код сканерін қосу мүмкіндігі болуы тиіс



42

Transmission Control Protocol/Internet Protocol (TCP/IP) қосылу хаттамасын пайдалана отырып және фискалдық деректер операторының серверіне БКМ деректерді беру хаттамасына сәйкес vpn арнасы бойынша фискалдық деректер операторының телекоммуникациялық желісі бойынша фискалдық деректер операторының серверіне қосылу*



43

Сатып алуды (сатуды) тіркеу кезінде фискалдық деректер операторының серверінде чекті ресімдеуді қамтамасыз ету.



44

Жұмыстың негізгі режимдерін бағдарламалауды (конфигурациялауды) қамтамасыз ету:
1) тіркеу режимі (сату, қайтаруларды тіркеу, салықтарды есептеу); есептерді X және Z режимі;
2) бағдарламалау режимі (қарау/БКМ параметрлерін өзгерту, сыртқы құрылғылары бар БКМ баптау);
3) қосымша режимдер (БКМ ішкі сағаттарында уақытты орнату, БКМ тестілеу режимі және).



45

БКМ ауысымды жабу рәсімін және фискалдық деректер операторының серверінен алынған ауысымдық (тәуліктік) есептің (Z есептің) мөрін жүргізуді қамтамасыз етеді.



46

БКМ ауысым ұзақтығын бақылауы тиіс.
Ауысым ұзақтығын есептеудің басталу сәті ауысым үшін бірінші төлем құжатын ресімдеудің аяқталуы болып саналады.
Ауысым ұзақтығы 24 сағаттан асқан жағдайда БКМ ауысымды жабу операциясын жүргізгенге дейін төлем құжаттарын ресімдеу мүмкіндігін оқшаулауы тиіс.



47

БКМ чекті қайтару рәсімін жүргізуді және фискалдық деректер операторының серверіне тиісті хабарламаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді.



48

БКМ фискалдық деректер операторының серверінен Мемлекеттік кіріс органдары ұсынған касса бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы талаппен хабарлама алған кезде жұмысты бұғаттауды қамтамасыз етеді.



49

БКМ фискалдық деректер операторының серверінен алынған хабарламаларды мемлекеттік кіріс органдары қалыптастырған хабарламалармен шығаруды қамтамасыз етеді. Хабарламалар БКМ экранына шығарылады немесе фискалдық деректер операторының серверінен алынған кезде чек таспасында басылады.



50

БКМ аппараттық бөлігі деректерді берудің кемінде екі тәуелсіз каналын ұстауы тиіс.



51

Фискалдық деректер операторының серверіне БКМ-мен деректерді беру хаттамасына сәйкес фискалдық деректер операторының серверінде жасалатын чектік операциялар туралы деректерді қалыптастыру*.



52

Фискалдық деректер операторының серверінде ауысымдарды жабу операциясын жүргізу және фискалдық деректер операторының серверіне БКМ деректерді беру хаттамасына сәйкес Z-есептерді қалыптастыру*.



53

Фискалдық деректер операторының серверінен фискалдық белгіні алу.



54

Фискалдық деректер операторының серверінен алынған фискалдық белгісі бар БКМ чегін басып шығару және сатып алушыға БКМ электрондық чегін жіберу мүмкіндігі болуы тиіс. Чектің мазмұнына қойылатын талаптар Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағында белгіленген.



55

Фискалдық деректер операторының серверіне деректерді қабылдау-беру уақыты (оператор чекті ресімдеу туралы ақпаратты енгізу рәсімдерін аяқтағаннан кейін чекті қалыптастыру уақыты) 7 секундтан аспауы тиіс.



56

Фискалдық деректер операторының серверімен байланыс уақытша жоғалғанда кассалық операцияларды орындауды бұғаттау.



57

БКМ кассадан қолма-қол ақшаны енгізу және алу бойынша ақпаратты фискалдық деректер операторының серверіне беруді қамтамасыз етеді



БКМ қалыптастыратын чектерге және өзге де құжаттарға қойылатын талаптар

58

БКМ келесі құжаттарды басып шығаруды қамтамасыз етеді:



58.1

1) БКМ чегі;



58.2

2) кассирлер бойынша есеп;



58.3

3) секциялар бойынша есеп;



58.4

4) өшірусіз есеп (X-есеп).
X - есеп фискалдық деректер операторының серверінен басып шығаруға беріледі;



58.5

5) ауысымдық (тәуліктік) есеп (Z-есеп).
Ауысымдық (тәуліктік) есеп БКМ сұрау салуы бойынша фискалдық деректер операторының серверінде қалыптастырылады және БКМ жеке құжатпен мөр үшін беріледі.



59

БКМ Салық кодексінің 166-бабы 6-тармағына сәйкес бақылау чегінде деректемелерді басып шығаруды, оның ішінде қазақ тілі әліпбиінің ерекше әріптерін пайдалана отырып, қазақ тілінде қамтамасыз етуі тиіс.



60

уәкілетті органның интернет-ресурсында чектің түпнұсқалығын автоматтандырылған тексеру үшін чекте QR-кодты қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.



60.1

QR-кодта болуы тиіс:
Осы чекке URL, ол келесіні қосады:
1) фискалды деректер операторы сайтынан немесе автономды режимде БКМ-мен қалыптастырылған фискалды белгі;
2) мемлекеттік кірістер органдарындағы БКМ тіркеу нөмірі;
3) БКМ чекті қалыптастыру күні мен уақыты;
4) БКМ чегінің жалпы сомасы.



60.2

QR-кодты қалыптастыру жол пішіні келесі маскаға сәйкес болуы қажет:
Протокол://URL?i=Фискальный признак&f=РНМ&s=сумма тенге.тиын&t=датаTвремя.



60.3

Қалыптасатын QR-кодтың мөлшері мен сапасы ҚР СТ ISO IEC 18004-2017 стандартының 9 және 10-бөлімдеріне сәйкес белгіленеді және БКМ техникалық мүмкіндіктеріне байланысты болады.



Фискалдық деректер операторының серверіне фискалдық деректерді беру тәртібі мен жұмыс режиміне қойылатын талаптар

61

БКМ фискалдық деректер операторының серверіне қосу тәртібі БКМ нақты моделіне пайдалану құжаттамасында көрсетілуі тиіс.



62

БКМ жұмыс режимі пайдалану құжаттамасына толық сәйкес БКМ жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.



63

БКМ ресімделген барлық құжаттардың фискалдық режимнің ерекше белгісі ("Фискалдық чек" сөз тіркесі) болуы тиіс, фискалдық деректер операторының серверінен БКМ чегінің нөмірін алғаннан кейін ғана басып шығаруға шығарылады.



64

БКМ мынадай деректерді енгізуді қамтамасыз етеді:



64.1

1) фискалдық деректер операторының серверімен жұмыс істеуге арналған мекенжайлар мен порттар;



64.2

2) мемлекеттік кірістер органдарында БКМ тіркеу нөмірі (12 белгіден кем емес);



64.3

3) фискалдық деректер операторының серверінде алынған БКМ сәйкестендіру нөмірі



64.4

4) астапқы инициализациялық токен (деректерді алмасуға рұқсатсыз араласудан қорғау үшін фискалдық деректер серверімен жасалған сандық код);



64.5

5) қабылдау-беру арнасын таңдау басымдығын басқару, пайдаланылатын байланыс арналарының параметрлерін баптау.



65

БКМ жүйедегі уақытты бақылап, фискалдық деректер операторының серверіне тіркелген соңғы операцияға қарағанда аз уақытпен операциялық қызметке тыйым салуы тиіс.



БКМ үшін бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

66

Техникалық талаптарға сәйкес функцияларды толық іске асырумен қатар:



66.1

1) БКМ бағдарламалық бөлігін өндіруші санкцияланбаған өзгерту



66.2

2) фискалдық деректер операторының серверінен БКМ чегінің нөмірін алмай фискалдық режимнің ерекше белгісін құжаттарға шығару;



66.3

3) фискалдық деректер операторының серверінен алынған фискалдық белгінің өзгеруі;



66.4

4) серверден алынған кезде БКМ кассалық операцияларды орындау
сәйкессіздікті жойғанға дейін салық төлеуші және (немесе) БКМ туралы мәліметтердің сәйкессіздігі туралы фискалдық деректер операторының жауап беруі.



3-бөлім. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын БКМ-ға қойылатын техникалық талаптар

69.

Бағдарламалық паролі (кемінде төрт разряд) немесе нөмірлік кілттері болуы тиіс.
Бағдарламалық парольдермен кем дегенде БКМ жұмысының келесі режимдері қорғалуы тиіс:



69.1

1) сатуды тіркеу режимі;



69.2

2) теңшеу режимі



69.3

3) "Ауысымды жабу" режимі.



70

Сақталған фискалдық деректердің бүтіндігін автоматты бақылау және ақпаратты тексеру, фискалдық деректер операторымен байланыстың болуы функционалының болуы.
Функционал өзіне қамтуы тиіс:



70.1

1. Сақталған фискалдық деректердің тұтастығын бақылау:
1) Соңғы ауысымда берілген барлық чектер туралы ақпаратты тексеру және соңғы Z-есептің бақылау сомасымен салыстыру;
2) фискалдық деректер жинақтаушысындағы барлық жазбалардың жалпы бақылау сомасын барлық Z-есептердің бақылау жазбаларының сомасымен салыстыру.



70.2

Фискалдық деректер операторының серверімен байланыстың болуын тексеру фискалдық деректер операторы серверінің қолжетімділігін тексеру хабарламасын жіберу арқылы қамтамасыз етіледі.



70.3

Клиенттік бөлікте Аппараттық-бағдарламалық кешеннің (бұдан әрі – АБК) серверімен автоматты байланыс тестілеу функционалы болуы тиіс.



71.

БКМ 70.1 және 70.3-тармақтарда көрсетілген тестілеуден теріс өту кезінде жұмысты оқшаулауы тиіс.



72.

Transmission Control Protocol/Internet Protocol (TCP/IP) қосылу хаттамасын пайдалана отырып және фискалдық деректер операторының серверіне БКМ деректерді беру хаттамасына сәйкес vpn арнасы бойынша фискалдық деректер операторының телекоммуникациялық желісі бойынша фискалдық деректер операторының серверіне қосылу*



73.

БКМ чегін ресімдеуді және чектің деректерін сатып алуды (сатуды) тіркеу кезінде бірыңғай жұмыс циклінде фискалдық деректер операторының серверіне беруді қамтамасыз ету.



73.1

Чекті қағаз түрінде беру және сатып алушыға чекті электрондық түрде жіберу мүмкіндігін қамтамасыз ету



74.

Кассир БКМ осы моделіне пайдалану жөніндегі басшылықта сипатталған алгоритмдерді бұзған жағдайда, сондай-ақ қағаз тасығышта чекті басып шығару немесе чекті электронды түрде жіберу мүмкін болмаған жағдайда операция жүргізуді оқшаулауды қамтамасыз ету



74.1

Чекті басып шығаруға қайта жіберу немесе электрондық чекті жіберу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Қайталама чекте "Телнұсқа" деген белгі болуы тиіс.



75.

БКМ автономды режімде БКМ жұмысы кезеңінде жинақталған БКМ чектері туралы ақпараттың ФДО серверіне беру сәтіне дейін сақталуын қамтамасыз ету. БКМ автономды жұмыс режимі байланыс арналарына қолжетімділік болмаған кезде және фискалдық деректер операторының серверіне ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты жіберу сәтіне дейін әрекет етеді.



76.

БКМ әрбір жазбаның бақылау сомасын және барлық жазбалардың жалпы бақылау сомасын қалыптастыру жолымен БКМ фискалдық деректер жинауышында ақпараттың сақталуын тексеру режимі қарастырылуы тиіс және ауысымында 2 реттен кем емес (ауысым басында және соңында) мерзімдік бақылау тексеруін жүргізу керек.



77.

Жұмыстың негізгі режимдерін конфигурациялауды қамтамасыз ету:
1) тіркеу режимі (сату, қайтаруларды тіркеу, салықтарды есептеу);
2) X және Z есептер режимі, конфигурациялау режимі (БКМ баптауларын қарау/өзгерту, сыртқы құрылғылары бар БКМ баптау);
3) қосымша режимдер (сынақ чегін басып шығару).



77.1

Пайдаланушының құрылғысында қолданылатын БКМ АӨК клиенттік бөлігінің бағдарламалық құраушысы БКМ пайдаланушының сағаттық белдеуін ескере отырып, БКМ АӨК серверінің уақытын БКМ ішкі уақыты ретінде пайдалануы тиіс.



77.2

Клиенттік бөлікте тауарды таңбалау идентификаторын оқу үшін штрих код сканерінен деректер алу немесе қосу мүмкіндігі болуы тиіс.



78.

Пайдаланушының интерфейсіндегі белгілер, сондай-ақ баспаға және индикацияға шығарылатын ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде болуы тиіс.



79.

БКМ ауысымды жабу және қалыптастыру рәсімін өткізуді қамтамасыз етеді есеп (Z есеп).



80.

Ауысымдық (тәуліктік) есепті (Z есепті) қалыптастыру кезінде БКМ осы Z есептің бақылау сомасы және барлық жазбалардың жалпы бақылау сомасы қалыптастырылуы және осы талаптардың 70.1-тармағына сәйкес фискалдық деректер жинауышында сақталған деректердің тұтастығын бақылау рәсімі іске қосылуы тиіс.



81.

БКМ ауысым ұзақтығын бақылауы тиіс.
Ауысым ұзақтығын есептеудің басталу сәті ауысым үшін бірінші кассалық операцияны ресімдеудің аяқталуы болып саналады.
Ауысым ұзақтығы 24 сағаттан асқан жағдайда БКМ ауысымды жабу операциясын жүргізгенге дейін кассалық операцияларды ресімдеу мүмкіндігін оқшаулауы тиіс.



82.

БКМ чекті қайтару рәсімін жүргізуді және фискалдық деректер операторының серверіне тиісті хабарламаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді.



83.

БКМ фискалдық деректер операторының серверінен Мемлекеттік кіріс органдары ұсынған касса бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы талаппен хабарлама алған кезде жұмысты бұғаттауды қамтамасыз етеді.



84.

БКМ фискалдық деректер операторының серверінен алынған хабарламаларды мемлекеттік кіріс органдары қалыптастырған хабарламалармен шығаруды қамтамасыз етеді. Хабарламалар БКМ экранына шығарылады немесе фискалдық деректер операторының серверінен алынған кезде чек таспасында басылады.



Фискалдық деректер операторының серверімен аппараттық-бағдарламалық кешеннің жұмысына қойылатын талаптар

85.

БКМ серверлік бөлігі деректерді берудің кемінде екі тәуелсіз арналарын ұстап тұруы тиіс.



86.

Фискалдық деректер операторының серверіне деректерді беру хаттамасына сәйкес серверде БКМ авторизациялауды жүргізу*



87.

Жасалатын операциялар туралы деректерді фискалдық деректер операторының серверіне беру,
фискалдық деректер операторының серверіне деректерді беру хаттамасына сәйкес.*



88.

Фискалдық деректер операторының серверімен байланыс болған жағдайда фискалдық деректер операторының серверінен фискалдық белгі алу.



89.

 Фискалдық деректер операторының серверімен байланыс болмаған жағдайда фискалдық деректер операторының серверінен алынған фискалдық белгісі бар БКМ чегін басып шығару немесе БКМ электронды чегін қалыптастыру.



90.

Фискалдық деректер операторының серверіне деректерді қабылдау-беру уақыты (оператор чекті ресімдеу туралы ақпаратты енгізу рәсімдерін аяқтағаннан кейін чекті қалыптастыру уақыты) 7 секундтан аспауы тиіс.



91.

Фискалдық деректер операторының серверімен қосылудың уақытша жоғалуы жағдайында БКМ чектерін қалыптастыруды және чектерді басып шығаруды қамтамасыз ету (БКМ автономды жұмыс режиміне көшуі).




Фискалдық деректер операторының серверімен қосылыстың уақытша жоғалуы жағдайында жұмысқа қойылатын талаптар



92.

БКМ серверлік бөлігінде фискалдық белгіні автономды режимде қалыптастыруды, фискалдық деректерді жазуды, жүйелендіруді, жинақтауды, сақтауды қамтамасыз ететін фискалдық деректердің жинақтауышы болуы тиіс, фискалдық деректер операторының серверіне кейіннен беру үшін БКМ пайдаланудың барлық мерзімі ішінде қоректендіру көздерінен энергия тұтынусыз өзгеріссіз, бірақ 5 жылдан кем емес.



93.

Фискалдық деректер жинағышына БКМ барлық пайдалану мерзімі ішінде сақтау үшін, барлық бақылау чектері мен БКМ қалыптасқан Z-есептерді (фискалдық деректер операторының серверімен байланыс режимінде, сондай-ақ автономды режимде) энергияға тәуелді жады кіреді.



94.

Фискалдық деректер операторының серверімен байланыс уақытша болмаған кезде немесе деректерді беру арнасында рұқсат етілген шамадан артық кідіріс болған кезде (фискалдық деректер операторының серверінен жауап алуға 5 секундтан артық емес), сондай-ақ БКМ фискалдық деректер операторының серверімен байланыс үшін жеткілікті электр қорегі болмаған кезде фискалдық деректер операторының серверімен байланыс жасауға міндетті:



94.1

1) БКМ автономды жұмыс режиміне өту



94.2

2) оператор-кассирге фискалдық деректер операторының серверіне қол жетімділік жоқтығы және БКМ автономды режимге көшкені туралы хабарлау;



94.3

3) чекке жеке бірегей нөмір - дербес фискалдық белгі беру.
Чектің жеке бірегей нөмірі БКМ пайдалану мерзімі ішінде бірегей болуы тиіс.



94.4

4) чекте автономды фискалды белгіні басып шығару (немесе электрондық чекте көрсету) ;



94.5

5) басып шығарылатын және электрондық чектерде құрылғының автономды режимде жұмыс істейтіні белгісі болуы тиіс:
"Автономды" термині көрсетілген;



94.6

6) БКМ автономды режімде 72 сағаттан артық жұмыс істеген кезде, кассир-операторды хабардар ете отырып (ең "ескі" автономды чек 72 сағаттан аспауы тиіс) бұғаттауға.



94.7

7) БКМ автономды жұмыс режимінде Z-есептің мөрімен "ауысымды жабу" рәсімін жүргізуді қамтамасыз етеді.
БКМ ауысымды автономды кезекке жабуға сұраныс қосып, Z-есепті алу күні мен уақыты бар белгіні қоса отырып, байланысты қалпына келтіру кезінде оны серверге беруі тиіс.
Фискалдық деректер операторының серверімен байланыс болмаған жағдайда, Z-есеп БКМ фискалдық деректер жинауышында сақталған жүргізілген ақша операциялары және берілген чектер туралы деректер негізінде БКМ-де жинақталуы тиіс.



95

Фискалдық деректер операторының серверімен байланысты қалпына келтіру кезінде БКМ келесі әрекеттерді орындауы тиіс:



95.1

1) фискалдық деректер операторының серверіне автономды режимде жұмыс істеу ұзақтығы туралы ақпараты бар хабарламаны қалыптастыру және жіберу;



95.2

2) фискалдық деректер операторының серверіне БКМ барлық бақылау чектерін және БКМ автономды режимде жұмыс істеу кезінде жинақталған алынған Z-есептер туралы белгілерді жіберу, олардың әрқайсысына фискалдық деректер операторының серверінен деректерді фискалдық деректер операторының серверіне беру хаттамасына сәйкес бақылау чегінің жарамды фискалдық белгісі бар жауап алу*;



95.3

3) әрбір хабарламада тиісті өрісте дербес жұмыс кезінде БКМ берілген бақылау чегінің автономды фискалдық белгісі ("бақылау чегінің автономды фискалдық белгісі" өрісі) немесе деректерді БКМ-дан фискалдық деректер операторының серверіне беру хаттамасына сәйкес автономды режимде жұмыс істеу белгісі (автономды режимде жұмыс белгі өрісі) болуы тиіс.



БКМ қалыптастыратын чектерге және өзге де құжаттарға қойылатын талаптар

96

БКМ келесі құжаттарды басып шығаруды қамтамасыз етеді:



96.1

1) БКМ чегі;



96.2

2) кассирлер бойынша есеп;



96.3

3) секциялар бойынша есеп;



96.4

4) өшірусіз есеп (X-есеп). Фискалдық деректер операторының серверімен байланыс болған жағдайда х - есеп фискалдық деректер операторының серверінен басып шығаруға беріледі, фискалдық деректер операторының серверімен байланыс болмаған жағдайда, есеп БКМ фискалдық деректер жинауышында сақталған есептеуіштердің деректері негізінде БКМ-де генерацияланады;



96.5

5) ауысымдық (тәуліктік) есеп (Z-есеп).
Ауысымдық (тәуліктік) есеп БКМ сұрау салуы бойынша фискалдық деректер операторының серверінде қалыптастырылады және БКМ жеке құжатпен мөр үшін беріледі. Фискалдық деректер операторының серверімен байланыс болмаған жағдайда, Z-есеп БКМ фискалдық деректер жинауышында сақталған есептеуіштердің деректері негізінде БКМ-де генерацияланады.



97

БКМ Салық кодексінің 166-бабы 6-тармағына сәйкес бақылау чегінде деректемелерді басып шығаруды, оның ішінде қазақ тілі әліпбиінің ерекше әріптерін пайдалана отырып, қазақ тілінде қамтамасыз етуі тиіс.



98

уәкілетті органның интернет-ресурсында чектің түпнұсқалығын автоматтандырылған тексеру үшін чекте QR-кодты қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.



98.1

QR-кодта болуы тиіс:
Осы чекке URL, ол келесіні қосады:
1) фискалды деректер операторы сайтынан немесе автономды режимде БКМ-мен қалыптастырылған фискалды белгі;
2) мемлекеттік кірістер органдарындағы БКМ тіркеу нөмірі;
3) БКМ чекті қалыптастыру күні мен уақыты;
4) БКМ чегінің жалпы сомасы.



98.2

QR-кодты қалыптастыру жол пішіні келесі маскаға сәйкес болуы қажет:
Протокол://URL?i=Фискальный признак&f=РНМ&s=сумма тенге.тиын&t=датаTвремя.



98.3

Қалыптасатын QR-кодтың мөлшері мен сапасы ҚР СТ ISO IEC 18004-2017 стандартының 9 және 10-бөлімдеріне сәйкес белгіленеді және БКМ техникалық мүмкіндіктеріне байланысты болады.



Фискалдық деректер операторының серверіне фискалдық деректерді беру тәртібі мен жұмыс режиміне қойылатын талаптар

99

БКМ фискалдық деректер операторының серверіне қосу тәртібі БКМ нақты моделіне пайдалану құжаттамасында көрсетілуі тиіс.



100

БКМ жұмыс режимі (деректерді фискалдық деректер операторының серверіне беру режимі, сондай-ақ сервермен байланыс болмаған жағдайда автономды) БКМ жұмысын пайдалану құжаттамасына толық сәйкес қамтамасыз етуі тиіс.



101

БКМ ресімделген барлық құжаттардың (деректерді фискалдық деректер операторының серверіне беру режимінде, сондай-ақ сервермен байланыс болмаған жағдайда автономды түрде) фискалдық режимнің ерекше белгісі болуы тиіс ("фискалдық чек" сөз тіркесі) фискалдық деректер операторының серверінен бақылау чегінің нөмірін алғаннан кейін немесе фискалдық деректер операторының серверімен байланыс болмаған жағдайда БКМ автономды фискалдық белгіні қалыптастырғаннан кейін ғана басып шығаруға шығарылатын.



102

БКМ келесі деректерді енгізуді қамтамасыз етуі тиіс:



102.1

1) фискалдық деректер операторының серверімен жұмыс істеуге арналған мекенжайлар мен порттар;



102.2

2) мемлекеттік кірістер органдарындағы БКМ тіркеу нөмірі (12 белгіден кем емес);



102.3

3) фискалдық деректер операторының серверінде БКМ сәйкестендіру нөмірі;



102.4

4) бастапқы инициализациялық токен (деректерді алмасуға рұқсатсыз араласудан қорғау үшін фискалдық деректер операторының серверімен жасалған сандық код);



102.5

5) қабылдау-беру арнасын таңдау басымдығын басқару, пайдаланылатын байланыс арналарының параметрлерін баптау.



103

Фискалдық деректер операторының серверіне БКМ қосу (токенді енгізуден басқа) және күні мен уақытын түзету операциялары БКМ ауысымды жабу операциясы аяқталғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.
Осы сәтке дейін осы операцияларды жүргізу бұғатталуы тиіс.



104

БКМ күні мен уақытын бағдарламалау операцияларын жүргізу кезінде соңғы сыналған фискалдық құжаттың күні мен уақытына қарағанда аз мәндерді енгізуге бақылау және тыйым салу қажет.




БКМ үшін бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар



105

Техникалық талаптарға сәйкес функцияларды толық іске асырумен қатар:



105.1

1) БКМ бағдарламалық бөлігін өндіруші санкцияланбаған өзгерту;



105.2

2) фискалдық деректер жинауышында автономды режимде сақталған бақылау чектерінің деректеріне түзетулер енгізу;



105.3

3) фискалдық деректер операторының серверінен бақылау чегінің нөмірін алмай немесе БКМ автономды кодын қалыптастырмай, фискалдық деректер операторының серверімен байланыс болмаған жағдайда, фискалдық режимнің ерекшелік белгісін құжаттарға шығару;



105.4

4) фискалдық деректер операторының серверінен алынған фискалдық белгінің өзгеруі;



105.5

5) автономды режимде жұмыс істеу кезінде БКМ қалыптастырған автономды кодтың өзгеруі.



106

Мынадай функционалы бар "Салық инспекторының жұмыс орны" бағдарламалық модулі болуы:



106.1

Интернет желісі бойынша логин және пароль бойынша БКМ серверлік бөлігіне қашықтан қосылу (қол жетімділігі шектеулі)



106.2

Көрсетілген БКМ бойынша көрсетілген кезеңде жүргізілген операциялар бойынша есептерді қалыптастыру




БКМ АБК техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптар



107

АБК ҚР СТ МЕМСТ Р ИСО/МЭК 15408-3-2006 "Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігін бағалау критерийлері" бойынша қауіпсіздіктің үшінші деңгейінен төмен емес талаптарға сәйкес болуы тиіс.



      Ескерту: * - БКМ-нан деректерді фискалдық деректер операторының серверіне беру хаттамасы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 24 ақпандағы
№ 192 бұйрығына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы "16" ақпандағы
№ 208 бұйрығына
8-қосымша

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 167-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар мен қысқартулар:

      1) Комитет – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;

      2) ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

      3) әкімші – ақпараттық жүйені әкімшілендіруді және сүйемелдеуді қамтамасыз ететін жауапты маман;

      4) БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      5) МКК АЖ – деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын тіркеуді, тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтерді өзгертуді және есептен шығаруды қамтамасыз ететін Комитеттін ақпараттық жүйесі.

      6) ИШ – Комитеттің интеграциялық шинасы;

      7) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машина (бұдан әрі – ДТБ бар БКМ) – тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеуді және көрсетуді қамтамасыз ететін деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар аппараттық-бағдарламалық кешен, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы;

      8) МО БКО – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көліктік ортасы;

      9) ФДО АЖ – интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы мемлекеттік кірістер органдарына деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін фискалдық деректер операторының ақпараттық жүйесі;

      10) фискалдық деректер операторы (бұдан әрі – ФДО) – Салық кодексінің 165-бабының 16) тармақшасына сәйкес, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган айқындаған ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      11) хабарлама – ХML форматындағы хабарламаның тақырыбы мен денесінен тұратын және фискалдық деректер операторының ақпараттық жүйесінен ақпаратты Комитеттің ақпараттық жүйесіне және керісінше беру үшін қызмет ететін құрылым;

      12) "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі (бұдан әрі – ЭҮСШ) – МО БКО тұрған ақпараттық жүйелердің МО БКО тыс тұрған ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған "электрондық үкімет" шлюзінің кіші жүйесі;

      13) "электрондық үкімет" шлюзі" (бұдан әрі – ЭҮШ) – "электрондық үкімет" шеңберінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер интеграциясына арналған ақпараттық жүйе;

2-тарау. Интеграциялық өзара іс-қимылға қатысушылар

      3. Интеграциялық өзара іс-қимылға қатысушылар:

      1) МКК АЖ;

      2) ФДО АЖ болып табылады.

      4. МКК АЖ және ФДО АЖ өзара іс-қимылы ЭҮАШ/ЭҮШ және ИШ арқылы жүзеге асырылады.

3-тарау. Бақылау-касса машинасы туралы мәліметтерді беру тәртібі

      5. Комитет ФДО мәліметтері негізінде жүзеге асырады:

      1) Салық кодексінің 167-бабының 1-тармағында, 2-тармағының 1) тармақшасында, 5-тармағында көзделген ДБФ бар БКМ есепке қою;

      2) Салық кодексінің 168-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында, 2-тармағында, 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген ДБФ бар БКМ тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтерді өзгерту;

      3) Салық кодексінің 169-бабының 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында, 2-тармағының 1) тармақшасында, 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда ДБФ бар БКМ есептен шығару.

      6. МКК АЖ және ФДО АЖ арасындағы интеграциялық өзара іс-қимыл осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес ДБФ бар БКМ туралы мәліметтерді сипаттауға сәйкес ЭҮСШ/ЭҮШ және ИШ арқылы хабарламалармен жүзеге асырылады.

      7. ФДО ДБФ бар БКМ туралы мәліметтерді Комитетке:

      1) интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы электрондық түрде, не интеграциялық өзара іс-қимылдың техникалық іркілістері болған жағдайда Комитеттің бөлінген серверіне балама тәсілмен деректерді жүктеу жолымен;

      2) ДБФ бар БКМ туралы мәліметтерді электрондық түрде беру мүмкін болмаған кезде қағаз тасымалдағышта, осы Қағидаларға 2 "Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есепке қою (деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының тіркеу деректерін өзгерту)" және 3 "Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есептен шығару" қосымшаларға сәйкес жолдайды.

      8. Комитет ФДО электрондық поштасына осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес ДБФ бар БКМ модельдер аңықтамалығын жібереді.

4-тарау. Ақпараттық алмасу тәртібі

      9. МКК АЖ мен ФДО АЖ арасында өзара іс-қимылы XML хабарламалармен ЭҮСШ, ЭҮШ және ИШ арқылы веб-сервистер технологиясын пайдалана отырып асинхронды режимде жүзеге асырылады.

      10. МКК АЖ бен ФДО АЖ арасындағы ақпараттық алмасудың техникалық талаптары "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ЭҮСШ, ЭҮШ арқылы МКК АЖ-дің ФДО АЖ-бен интеграциясы бойынша жеке келісіммен анықталған.

      11. Өнеркәсіптік пайдалануға ақпарат алмасу іске қосылғанға дейін мынадай рәсімдерді орындау қамтамасыз етіледі:

      1) тестілік стендте ақпараттық алмасуға сынақ жүргізу;

      2) МКК АЖ және ФДО АЖ, ЭҮСШ, ЭҮШ, ИШ ақпараттық өзара іс-қимылды тәжірибелік пайдалануды жүргізу;

      3) тәжірибелік пайдалану нәтижелеріне талдау жүргізу, қажет болған жағдайда бағдарламалық қамтамасыз етуді пысықтауды қамтамасыз ету;

      4) тәжірибелік режимде қосылатын сервистің ақпараттық сұраныстарының қарқындылығын бағалау, жүктемелік тестілеу.

      12. Хабарламаларды жіберу және алу фактілері МО БКО арқылы электрондық байланыс арнасы бойынша деректерді беру кезінде ақпараттық жүйелермен көзделген деректер алмасу хаттамасында тіркеледі.

      13. Хабарламаларды қабылдау-беру процесінде барлық уақыт параметрлерін тіркеу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.

      14. Хабарламаны жіберу куәлігі жөнелтушінің ЭҮШ-дан, ИШ-дан алған хабарламаны жеткізу туралы хабарлама болып табылады. Ақпарат алмасу алушыдан жауап хабарламаны алған кезде аяқталады.

      15. Интеграциялық алмасудың техникалық іркілістері туындаған кезде, ФДО АЖ бен МКК АЖ арасындағы өзара іс-қимыл Комитет пен ФДО бекіткен регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

  Деректерді тіркеу және (немесе)
беру функциясы бар бақылау-
касса машиналары туралы
мәліметтерді мемлекеттік
кірістер органдарына фискалдық
деректер операторымен беру
қағидаларына
1-қосымша

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтердің сипаттамасы

      1. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын тіркеу үшін хабарлама жіберу

р/с №

Деректеменің атауы

Типі

Өлшемі

Міндеттілігі

Ескерту

1

Салық төлеушінің ЖСН/БСН

Сандық

12

иә

Бүтін саннан құралады

2

ДБФ бар БКМ зауыттық нөмірі

Тексттік

255

иә


3

ДБФ бар БКМ атауы (маркасы)

Сандық анықтамалық

14

иә

БКМ модельдері анықтамалығынан жазба идетификаторы

4

ДБФ бар БКМ шығарылған жылы

Сандық

4

иә

Жжжж форматында

5

Мәліметтерді беру күні

Дата


иә

жжжж-аа-кк форматында

6

ДБФ бар БКМ пайдалану орны

Құрамдас


иә


6.1

Қала (ауыл)

Сандық

10

иә

ӘАОЖ коды

6.2

Көше (шағын аудан)

Символдық

255

иә


6.3

Үй нөмірі

Символдық

255

иә


6.4

Пәтер (бөлме, өзге үй-жайлар) нөмірі

Символдық

255

жоқ


7

Салық төлеуші ЭЦҚ

ds:Signature


иә


      2. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтерді өзгерту үшін хабарламаны беру

р/с №

Атауы

Типі

Өлшемі

Міндеттілігі

Ескерту

1

Салық төлеушінің ЖСН/БСН

Сандық

12

иә


2

БКМ зауыттық нөмірі

Тексттік

255

иә


3

БКМ атауы (маркасы)

Сандық анықтамалық

14

иә

БКМ модельдері анықтамалығынан жазба идетификаторы

4

БКМ шығарылған жылы

Сандық

4

иә

Жжжж форматында

5

Мәліметтерді беру күні

Дата



жжжж-аа-кк форматында

6

ДБФ бар БКМ тіркеу нөмірі

Тексттік


иә

МТН

7

БКМ жаңа пайдалану орны

Құрамдас

10

иә


7.1

Қала (ауыл)

Сандық

255

иә

ӘАОЖ коды

7.2

Көше (шағын аудан)

Символдық

255

иә


7.3

Үй нөмірі

Символдық




7.4

Пәтер (бөлме, өзге үй-жайлар) нөмірі

Символдық

255

жоқ


8

Салық төлеуші ЭЦҚ

ds:Signature


иә


      3. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін хабарламаны беру

р/с №

Атауы

Типі

Өлшемі

Міндеттілігі

Ескерту

1

Салық төлеушінің ЖСН/БСН

Сандық

12

иә


2

ДБФ бар БКМ зауыттық нөмірі

Тексттік

20

иә


3

ДБФ бар БКМ атауы (маркасы)

Сандық анықтамалық



БКМ модельдері анықтамалығынан жазба идетификаторы

4

ДБФ бар БКМ шығарылған жылы

Сандық

4

иә

Жжжж форматында

5

Мәліметтерді беру күні

Дата



жжжж-аа-кк форматында

6

ДБФ бар БКМ тіркеу нөмірі

Тексттік

12

иә

МТН

7

ДБФ бар БКМ есептен шығару себебі

Анықтамалық

14

иә

Ашылмалы тізім

8

Салық төлеуші ЭЦҚ

ds:Signature


иә


      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ДБФ бар БКМ – деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы;

      ӘАОЖ коды – әкімшілік – аумақтық объектілер жіктеуші коды;

      МТН – бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірі;

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

  Деректерді тіркеу және (немесе)
беру функциясы бар бақылау-
касса машиналары туралы
мәліметтерді мемлекеттік
кірістер органдарына фискалдық
деректер операторымен беру
қағидаларына
2-қосымша

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есепке қою (деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының тіркеу деректерін өзгерту)

р/с№

ЖСН/БСН

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Жеке кәсіпкердің, заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің атауы

ДБФ бар БКМ туралы мәліметтерді беру себебі

Бақылау-кассалық машина

БКМ есепке қою / тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтерді өзгерту

атауы

зауыттық нөмірі

шығарылған жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      Кестенің жалғасы

Бақылау-касса машинасын пайдалану орны

Мәліметтерді беру күні

облыс/аудан

қала (ауыл)

көше (шағын аудан)

үй нөмірі

пәтер (бөлме, өзге үй-жайлар) нөмірі

11

12

13

14

15

16

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ДБФ бар БКМ – деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы.

  Деректерді тіркеу және (немесе)
беру функциясы бар бақылау-
касса машиналары туралы
мәліметтерді мемлекеттік
кірістер органдарына фискалдық
деректер операторымен беру
қағидаларына
3-қосымша

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есептен шығару

р/с№

ЖСН/БСН

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Жеке кәсіпкердің, заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің атауы

Өтініш беру себебі:

Бақылау-кассалық машина

Алынған фискалдық есеп туралы мәліметтер:

Мәліметтерді беру күні

1) Қолма-қол ақша арқылы сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларға байланысты қызметті жүзеге асыруды тоқтату;
2) Бақылау-касса машинасының техникалық ақаулығына байланысты одан әрі қолданудың мүмкін еместігі;
3) Бақылау-касса машинасын мемлекеттік тізілімнен алып тастау;
4) Бақылау-касса машинасының техникалық жарамды моделін бақылау-касса машинасының жаңа моделіне ауыстыру;
5) Бақылау-касса машинасын ұрлау, жоғалту;
6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайлар

атауы

зауыттық нөмірі

шығарылған жылы

______ бастап _____ дейінгі кезең

бақылау-касса машинасы есептеуішінің қорытынды көрсеткіштері


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ДБФ бар БКМ – деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы.

  Деректерді тіркеу және (немесе)
беру функциясы бар бақылау-
касса машиналары туралы
мәліметтерді мемлекеттік
кірістер органдарына фискалдық
деректер операторымен беру
қағидаларына
4-қосымша

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналардың анықтамалығы

Анықтама жазбасының ИД

Орысша атауы

Қазақша атауы

Пайдалану белгісі
1-пайдаланылмайды
0-пайдаланылады

нұсқасы

компьютерлік жүйе белгісі

онлайн БКМ белгісі
1-онлайн
0-онлайн емес

Мем. тізілімге енгізілген күні

Өндіруші ИД

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ДБФ бар БКМ – деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы;

      БКМ – бақылау-касса машинасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады