"Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2020 жылғы 3 наурыздағы № 78 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 наурызда № 20099 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9890 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мындай ұғымдар қолданылады:

      1) вагон-норма – сұйытылған мұнай газының отыз алты тоннаға тең салмағы;

      2) жиынтық өтінім – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүгінуі;

      3) өнім беруші – өнім беру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру және өткізу міндеті Заңмен жүктелген сұйытылған мұнай газын өндіруші немесе оған меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иесі;

      4) өтінім – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, оны:

      газ желісі ұйымдары;

      мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар;

      сұйытылған мұнай газының сауда-саттығына қатысушылар ұсынады.

      5) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Сұйытылған мұнай газын жеткізуге өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия) газ желісі ұйымдары ұсынған өтінімдерді осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес өңірдің сұйытылған мұнай газына деген қажеттілігін ескере отырып, олардың негізділігі мәніне қарайды.

      Бұл ретте сұйытылған мұнай газының көлемдерін газ желісі ұйымдары арасында бөлу осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген Газ желісі ұйымдары үшін сұйытылған мұнай газы көлемдерін айқындау тетігіне (бұдан әрі – Тетік) сәйкес жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

      "20-1. Газ желісі ұйымының тиісті өңірге арналған өтінімі кемінде бір вагон-норманы құрайды және онда Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, сұйытылған мұнай газының айналымы бойынша газ желісі ұйымының нақты мүмкіндіктері ескеріледі.";

      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Жиынтық өтінімді қарау нәтижелері бойынша Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия жиынтық өтінімді мақұлдау туралы немесе оны түзету қажеттігі туралы шешім қабылдайды.

      Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия оны Тетікке сәйкес келтіру мақсатында жиынтық өтінімді түзетеді.

      24. Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімімен мақұлданған жиынтық өтінімді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы бекітеді және жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде Комиссия отырысының хаттамасымен және сұйытылған мұнай газын Тетікке сәйкес өңірдің газ желісі ұйымдары арасында бөлу есебімен қоса уәкілетті органға жолданады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында мыналар:

      1) жиынтық өтінім және Комиссия отырысының хаттамасы;

      2) Тетікке сәйкес айқындалған мынадай көрсеткіштердің мәндері:

      өңірдің газ желісі ұйымдары қуатының жалпы көлемі;

      топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын сату көлемін қоспағанда, өңірдің газ желісі ұйымдарының алдыңғы үш күнтізбелік ай ішіндегі жалпы сату көлемі;

      өңірдің сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда сатуға арналған инфрақұрылмы бар газ желісі ұйымдарының жиынтық саны жарияланады.";

      мынадай мазмұндағы 25-1 және 25-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "25-1. Мүдделі тұлға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы бекіткен жиынтық өтінімге немесе Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес шағымдануы мүмкін.

      25-2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті жергілікті атқарушы органы бекіткен жиынтық өтінім Қағидалардың осы тарауына сәйкес қалыптастырылады және уәкілетті органға жіберіледі.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына өткізу міндетті болып табылатын сұйытылған мұнай газының көлемі өнім беру жоспарында әрбір өнім беруші үшін сұйытылған мұнай газының өнім берушісі жалпы өндірген көлеміне пайыздық қатынаста белгіленеді. Пайыздық қатынас вагон-норманы есепке ала отырып, барлық өнім берушілер үшін бірыңғай болып белгіленеді.

      Бұл ретте, егер өндірушінің есептік айдағы сұйытылған мұнай газын өндірудің нақты өндірілген көлемі жоспарланған көлемнен 110 (жүз он) пайыздан астам болса, онда есептік айдан кейінгі айға осындай өндірушінің сұйытылған мұнай газының нақты өндірілген көлемі мен жоспарланған көлем арасындағы айырмаға өсірілуге жатады.";

      мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:

      "29-1. Ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары арқылы беру жоспарын қалыптастыру кезінде өнім беру өңірі ретінде тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана не өңірлер тобы немесе Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы айқындалады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Егер сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі өндіруші көрсететін қызметтерді екі және одан да көп өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иесі пайдаланатын болса, онда өндіруші:

      1) меншік құқығы немесе өзге де заңды негіздемелер бойынша тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газы меншік иелері арасында беруге міндетті сұйытылған мұнай газының жалпы көлемін вагон-норманы ескере отырып, олардың сұйытылған мұнай газы өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесіне сәйкес бөлуді;

      2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздемелер бойынша тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының әрбір меншік иесі үшін өнім беру жоспарына сәйкес оның сұйытылған мұнай газы көлемін алушыларды айқындау;

      3) өнім беру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының сұйытылған мұнай газына ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету басымдығын ескере отырып, сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелтуді жүзеге асырады.

      Егер өндіруші сұйытылған мұнай газының екі немесе одан көп маркаларын өндіретін болса (меншік иесінің көмірсутегі шикізатынан сұйытылған мұнай газының екі немесе одан көп маркасы өндіріледі), онда мұндай өндіруші оның өнім беру жоспарында көрсетілген барлық газ желісі ұйымдары үшін оларды өндіру көлеміне пропорционал түрде өндірілген сұйытылған мұнай газының барлық маркаларын жеткізуді жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:

      "31-1. Тиісті өңірге электрондық сауда алаңдарынан тыс сұйытылған мұнай газын беру үшін бірнеше өнім берушіні анықтау кезінде өңірдің газ желісі ұйымдары мен көрсетілген өнім берушілер арасында сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлу вагон-норманы есепке ала отырып, пропорционалды жүзеге асырылады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия сұйытылған мұнай газын өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды, тиеп-жөнелтуді және өткізуді мониторингтеу деректерінің негізінде жиынтық өтінімді өзгерту туралы дәлелді шешім қабылдайды мына жағдайларда:

      1) егер жиынтық өтінім Тетікке сәйкес келмесе;

      2) газ желісі ұйымы электрондық сауда алаңдарынан тыс сұйытылған мұнай газының көлемін сатып алудан мұндай газ желісі ұйымының кінәсінен бас тарту жағдайы туындаған кезде.

      Жиынтық өтінімді өзгерту туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген мерзімде бұл туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органын хабардар етеді.";

      мынадай мазмұндағы 39-1 және 39-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "39-1. Бекітілген өнім беру жоспарын түзету мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі тиісті өнім берушіге өнім беру жоспарын орындауға мүмкіндік бермейтін деңгейге дейін төмендеген кезде;

      2) газ желісі ұйымы үшін өз қызметін жүзеге асыру және (немесе) өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын сатып алуға қатысу объективті түрде мүмкін болмаған және (немесе) тыйым салынған кезде;

      3) газ желісі ұйымы электрондық сауда алаңдарынан тыс сұйытылған мұнай газының көлемін сатып алудан мұндай газ желісі ұйымының кінәсінен бас тарту жағдайы туындаған кезде.

      39-2. Осы Қағидалардың 39-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, қалған өнім берушілердің Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру көлемін пропорционалды арттыру және (немесе) электрондық сауда алаңдарынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде газ желісі ұйымдары алатын көлемдерді пропорционалды азайту жүргізіледі.

      Осы Қағидалардың 39-1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда Тетікке сәйкес тиісті өңірдегі қалған газ желісі ұйымдарының пайдасына сұйытылған мұнай газын пропорционалды қайта бөлу жүргізіледі.";

      40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Өнім берушіде газ желісі ұйымы немесе сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушы сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартуына байланысты, электрондық сауда алаңдарынан тыс Қазақстан Республикасының ішкі нарығына өткізу үшін міндетті болып табылатын өнім беру жоспары шеңберінде көзделген сұйытылған мұнай газының тиеп-жөнелтілмеген көлемдері пайда болған жағдайда, мұндай өнім беруші уәкілетті органға 2 (екі) жұмыс күні ішінде алдын ала хабарлама бере отырып, электрондық сауда алаңдары арқылы тиеп-жөнелтілмеген көлемдерді өткізуді жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда сұйытылған мұнай газын өткізу Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 481 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17897 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.

      41. Өнім берушілер жоспарланған ай басталғанға дейін және (немесе) өндіруші бөлгенге дейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде газ желісі ұйымдарының және сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың мекенжайына өнім беру жоспарына және өндірушінің бөлуіне сәйкес өз тарапынан қол қойылған сұйытылған мұнай газын беру шартын (шартқа қосымша келісімді) жолдайды.

      Газ желісі ұйымы және сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушы сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартқан жағдайда:

      1) газ желісі ұйымы немесе сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушының уәкілетті адамы қол қойған сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартуы туралы немесе ақысы төленгенді алудан бас тартуы туралы өнім берушінің мекенжайына хат;

      2) өнім берушінің өнім беру шартын жасасу туралы, сұйытылған мұнай газына ақы төлеу немесе тиеп-жөнелту туралы жазбаша сұрауына газ желісі ұйымы немесе сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушы 5 (бес) жұмыс күн ішінде ресми жауап жібереді;

      3) 5 (бес) жұмыс күн өткен соң газ желісі ұйымынан немесе сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушыдан ресми жауап алмау сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тарту болып саналады.

      Өнім берушілер ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына газ желісі ұйымдарының немесе сұйытылған мұнай газын мұнай-газ химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушының электрондық сауда алаңынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газы көлемдерінен бас тарту жағдайлары туралы хабарлайды.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Заңның 27-1-бабының 14-тармағына сәйкес сұйытылған мұнай газын өндірушілер, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері өнім беру жоспарын орындауға міндетті.

      Егер өнім беру жоспары орындалмаса, оның ішінде осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын өндірушінің бөлуі орындалмаса, онда сұйытылған мұнай газының жеткізілмеген көлемдері мұндай айға арналған өнім беру жоспарында көзделген сұйытылған мұнай газының көлемдеріне қосымша келесі айда жеткізілуі тиіс.";

      көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнайгаз-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің м.а.
А. Магауов

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 3 наурыздағы
№ 78 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
ішкі нарығына сұйытылған
мұнай газын беру жоспарын
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

________ (жылғы) ________(айы) арналған _____________________ (өңір атауы) сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінім

      Өңірдің сұйытылған мұнай газына 20_____ жылғы ________ қажеттілігі ______ тоннаны құрайды, оның ішінде электрондық сауда алаңдары арқылы ___% немесе ______ тонна, электрондық сауда алаңдарынан тыс ___% немесе ______ тонна, оның ішінде:

  тоннамен

р/с №

Алушының атауы, орналасқан жері

Алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Өнімнің сұратылатын көлемі

оның ішінде ары қарай өткізу түрлері бойынша бөле отырып

моноблоктарды қоса алғанда, автогазқұю станциялары арқылы

газ толтыру пункттері арқылы (тұрмыстық баллондар)

топтық резервуарлық қондырғылар арқылы**

меншік

бөгде

меншік

бөгде

1

2

3

4

5

6

7

8

9










оның ішінде ары қарай өткізу түрлері бойынша бөлумен бірге

Мұнай-газ-химия өнімін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемі (бар болған жағдайда)

Түсіру орны: газтолтыру станциясының орналасқан мекенжайы (аккредиттеу туралы куәлікте және/немесе сақтау (ауыстырып тиеу) шарты бойынша көрсетілген)

сыйымдылық газы

тұрмыстық тұтынушыларға

коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға

өнеркәсіптік тұтынушыларға

10

11

12

13

14
















      Ескертпе:

      - *пайдаланылуы Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар салаларына жатқызылған топтық резервуарлық қондырғылар бойынша ғана толтырылады.

      Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін пайдаланатын өнеркәсіптік кәсіпорындар 2, 3, 4 және 13-бағандарды толтырады.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 3 наурыздағы
№ 78 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
ішкі нарығына сұйытылған
мұнай газын беру жоспарын
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Газ желісі ұйымдарының, мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың және сұйытылған мұнай газы сауда-саттығына қатысушылардың сұйытылған мұнай газын жеткізуге арналған өтінімі

      __________________________________, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________,

                        (алушының атауы)

      орналасқан жері ______________________________ ________ жылғы ________ (айға),

      жеткізілетін өңір________________________________________________________

                                    (жеткізілетін өңір көрсетіледі)

  тоннамен

Өнімнің сұратылатын көлемі

Оның ішінде ары қарай өткізу түрлері бойынша бөле отырып

автогазқұю станциялары және (немесе) моноблоктар арқылы

газ толтыру пункттері арқылы (тұрмыстық баллондар)

топтық резервуарлық қондырғылар арқылы**

сыйымдылық газы

меншік

бөгде

меншік

бөгде

тұрмыстық тұтынушыларға

коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға

өнеркәсіптік тұтынушыларға

1

2

3

4

5

6

7

8

9











Мұнай-газ-химия өнімін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемі (бар болған жағдайда)

Түсіру орны: газтолтыру станцияның орналасқан мекенжайы (аккредиттеу туралы куәлікте және/немесе сақтау (ауыстырып тиеу) шарты бойынша көрсетілген)

* 50 текше метрден кем емес ыдыстарды сақтаудың жиынтықты көлемі бар, 1 жылдан артық мерзімге жекеменшік және/немесе жалға алынған автогазқұю станциялары, моноблоктар және/немесе газ толтыру пункттері бойынша құжаттар

автогаз құю станцияларын, моноблокты және/немесе газ толтыру пункттерін жалдау шартының № және күні

автогазқұю станцияларын, моноблокты және/немесе газ толтыру пункттерін пайдалануға қабылдау актісінің № және күні

қысыммен жұмыс істейтін ыдыстың көлемі, паспортының № және күні, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға есепке қою күні

жекеменшік құқығына арналған актінің немесе моноблок орнату үшін жер учаскесін жалдау шартының № және күні

10

11

12

13

14

15







      Ескертпе:

      - * мәлімделген өңірде газ толтыру станциясы болмаған кезде, газ желісі ұйымдары толтырады;

      12, 13, 14 және 15-бағандарда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына бірінші рет өтінім беру кезінде беріледі.

      Өтінімде көрсетілетін мәліметтер өзгерген кезде газ желісі ұйымы үш жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына өзгертілген мәліметтер бойынша растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады;

      - **пайдаланылуы Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар салаларына жатқызылған топтық резервуарлық қондырғылар бойынша ғана толтырылады.

      Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін пайдаланатын өнеркәсіптік кәсіпорындар 1 және 10-бағандарды толтырады.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 3 наурыздағы
№ 78 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасының
ішкі нарығына сұйытылған
мұнай газын беру жоспарын
қалыптастыру қағидаларына
4-қосымша

Газ желісі ұйымдары үшін сұйытылған мұнай газы көлемдерін айқындау тетігі

      1. Газ желісі ұйымдары ұсынған өтінімдер мынадай өлшемшарттарға сүйене отырып қарастырылады:

      1) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес пайдаланылуы табиғи монополиялар саласына жатқызылған топтық резервуарлық қондырғыларды қоспағанда, осы Тетіктің 5-тармағында көрсетілген өңірде мәлімделген объектілердің газ желісі ұйымдары пайдаланатын жобалық қуаты (бұдан әрі – P1 көрсеткіші);

      2) топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын өткізуді қоспағанда, мәлімделген өңірде сұйытылған мұнай газын өткен кезеңдерде өткізудің нақты көлемдері (бұдан әрі – P2 көрсеткіші);

      3) мәлімделген өңірде сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда өткізу (бұдан әрі – P3 көрсеткіші).

      2. Әрбір өлшемшарт бойынша жалпы мәннен пайыздық арақатынастағы үлесі шығарылады. Газ желісі ұйымы көрсеткішінің қорытынды мәні пайыздық көрсеткіштердің орташа өлшенген мәні ретінде белгіленеді.

      3. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес пайдаланылуы табиғи монополиялар саласына жатқызылған топтық резервуарлық қондырғылар (бұдан әрі – топтық резервуарлық қондырғылар) арқылы өткізілуі тиіс сұйытылған мұнай газының көлемдері өткен үш күнтізбелік айдағы орташа айлық тұтынуды ескере отырып, толық көлемде белгіленеді.

      4. Жалпы көлемнен үлес:

      1) газ желісі ұйымының инфрақұрылымы артқан кезінде;

      2) газ желісі ұйымының орташа айлық өткізу көлемі өскен кезінде арттыруға жатады.

      5. P1 көрсеткішін бағалау кезінде газ желісі ұйымының пайдаланымдағы қуаттары жалпы көлемінің жиынтықты көрсеткіші көрсетіледі:

      1) газ толтыру станциялары;

      2) газ толтыру пункттері;

      3) моноблоктарды қоса алғанда, автогазқұю станциялары.

      Аталған қуаттың бар болуын растау үшін газ желісі ұйымдары құқық белгілеуші құжаттардың, сондай-ақ әрбір объектінің жалпы сыйымдылығын және жобалық қуатын белгілейтін құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      6. P2 көрсеткішін бағалау кезінде топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізілген сұйытылған мұнай газы көлемін қоспағанда, газ желісі ұйымының өткен үш күнтізбелік айдағы өткізуінің нақты көлемі көрсетіледі.

      7. P3 көрсеткішін бағалау кезінде сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондармен өткізетін газ желісі ұйымының нақты көлемі көрсетіледі.

      8. Өлшемшарттардың әрқайсысының үлесі мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      P1 көрсеткіші – өңірдің газ желісі ұйымдары қуатының жалпы көлемінен үлес;

      PГСО (көлем) – газ желісі ұйымдары қуатының нақты көлемі;

      PГСО жалпы (көлемі) – өңірдің газ желісі ұйымдары қуатының жалпы көлемі;



      мұндағы:

      P2 көрсеткіші (%) – топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізілген сұйытылған мұнай газы көлемін қоспағанда, газ желісі ұйымының өткен күнтізбелік үш айдағы өткізу көлемінің үлесі;

      PГСО (өткізу көлемі) – топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізілген сұйытылған мұнай газы көлемін қоспағанда, газ желісі ұйымының өткен күнтізбелік үш айдағы өткізуінің нақты көлемі;

      P ГСО жалпы (өткізу көлемі) – топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізілген сұйытылған мұнай газы көлемін қоспағанда, газ желісі ұйымының өткен күнтізбелік үш айдағы өткізуінің жалпы көлемі.



      мұндағы:

      P3 көрсеткіші (%) – тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын өткізу үлесі;

      PГСО (тб) – тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізу үшін инфрақұрылымның бар болуы (болған жағдайда =1, жоқ болса= 0);

      PГСО жалпы (тб) – тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізу үшін инфрақұрылымы бар өңірдің газ желісі ұйымдарының жиынтық саны.

      Тиісті өңірде арнайы автокөліктің, авариялық-диспетчерлік қызметтің, тұтынушылардың абонеттік есебі, тұрмыстық баллондардың газтолтыру цехінің және тұрмыстық баллондарды жөндеу және кәдеге жарату цехтарының бар болуы тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізу үшін инфрақұрылымы деп түсіндіріледі

      Аталған мүліктің болуын растау үшін газ желісі ұйымдары тиісті құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      9. Газ желісі ұйымы көрсеткішінің қорытынды мәні көрсеткіштердің пайыздық орташа сараланған мәні ретінде анықталады:



      мұндағы:

      К1 – 20%;

      К2 – 75%;

      К3 – 5%.

      10. Электрондық сауда алаңдарынан тыс өнім беру жоспарының шеңберінде газ желісі ұйымдарының өткізу көлемінің қорытынды мәні мына формула бойынша көлемдік мәнде анықталады:



      мұндағы:

      Vrco(ЖӨ)– әрбір газ желісі ұйымы үшін электрондық сауда алаңдарынан тыс жиынтық өтініммен белгіленген көлем;

      Vжоспар- топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізу үшін бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемін қоспағанда, әрбір өңір үшін электрондық сауда алаңдарынан тыс жиынтық өтінімде көзделген жалпы көлем.

      VГСО (ГТҚ) – әрбір газ желісі ұйымы бөлінісінде топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемдері.

      11. Газ желісі ұйымдары бойынша деректер:

      1) өткен үш күнтізбелік ай үшін газ желісі ұйымдарының өткізу көлемдері бойынша;

      2) жобалық қуаттары бойынша жаңартуға жатады.

      12. Газ желісі ұйымы осы Тетіктің 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес жиынтық өтінімде есептелген көлемнен аз сұйытылған мұнай газы көлеміне өтінім берген жағдайда, сұйытылған мұнай газының қалған көлемін тиісті өңірдің қалған газ желісі ұйымдарының пайдасына бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемдеріне сәйкес қайта бөлінеді.

      13. Егер газ желісі ұйымы қатарынан үш күнтізбелік ай бойы тиісті өңірде жеткізу жоспарынан тыс сатып алған сұйытылған мұнай газын өткізуді жүзеге асыратын болса, мұндай газ желісі ұйымы үшін (оның сұратуы бойынша сатудың құжаттамалық растауларын қоса беріп) өңірге бөлінетін сұйытылған мұнай газының жалпы көлемін тиісінше ұлғайту арқылы Тетіктің 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес бөлінген көлемнің үстіне сұйытылған мұнай газының қосымша көлемін әрбір келесі айда бөледі.

      Бұл ретте мұндай қосымша көлем қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысында газ желісі ұйымы өнім беру жоспарынан тыс жеткізген көлемдердің орташа арифметикалық мәні мөлшерінде бөлінеді, бірақ Тетіктің 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес тиісті өңірдегі осындай газ желісі ұйымы үшін көрсетілген айларда бөлінген сұйытылған мұнай газы көлемдерінің орташа арифметикалық мәнінен елу пайыздан аспауы тиіс.

      14. Заңды тұлға тиісті өңірде жаңа газ толтыру станциясын пайдалануға енгізген және газ желісі ұйымы ретінде аккредиттеуден өткен жағдайда, алғашқы үш ай ішінде осындай газ желісі ұйымы үшін өңірге бөлінетін сұйытылған мұнай газының жалпы көлемін арттыру есебінен Тетіктің 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес бөлінген көлемге қосымша жүз сексен тоннадан сұйытылған мұнай газын бөледі.

      15. Газ желісі ұйымы электрондық сауда алаңдарынан тыс өнімді беру жоспары шеңберінде мұндай газ желісі ұйымының кінәсінен сұйытылған мұнай газы көлемдерінен бас тартқан жағайда, мұндай газ желісі ұйымы үшін кейінгі күнтізбелік айларға Тетіктің 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес есептелетін сұйытылған мұнай газының көлемі сатып алынбаған көлемдердің шамасына азайтуға жатады.

      Бұл ретте тиісті өңірдегі қалған газ желісі ұйымдарының пайдасына сұйытылған мұнай газының қалған көлемі пропорционалды қайта бөлу жүргізіледі.

      16. Газ желісі ұйымының аккредиттеу туралы куәлігінің қолданысы тоқтатыла тұрған және (немесе) ол одан айырылған жағдайда, сұйытылған мұнай газының жеткізілмеген көлемі өнім беру жоспарын тиісті түзетусіз тиісті өңірдегі қалған газ желісі ұйымдарының пайдасына пропорционалды қайта бөлінуі тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 3 наурыздағы
№ 78 бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасының
ішкі нарығына сұйытылған
мұнай газын беру жоспарын
қалыптастыру қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

________(жыл) ________(ай) арналған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына электрондық сауда алаңдарынан тыс сұйытылған мұнай газын беру жоспары

  тоннамен

р/с №

Өнім берушінің атауы, орналасқан жері

Жеткізу өңірі

Алушының атауы

Электрондық сауда алаңынан тыс алушы үшін берілетін сұйытылған мұнай газының көлемі, тонна

Түсіру орны

1

2

3

4

5

6







      Ескертпе: Өнім беру жоспары мыналарды қамтиды:

      1) № р/с – реттік нөмірі;

      2) өнім берушінің атауы, мекенжайы – өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелерінің, өндірушілердің тізбесі және олардың орналасқан жері;

      3) жеткізу өңірі – сұйытылған мұнай газы жеткізілетін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана немесе өңірлер тобы, не Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы;

      4) алушының атауы - газ желісі ұйымдарының, мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесі;

      5) алушылар бөлінісінде электрондық сауда алаңдарынан тыс жеткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі,сондай-ақ жүктеме деңгейі пайыздық қатынаста барлық өнім берушілер үшін бірыңғай белгіленеді, тоннада;

      6) түсіру орны – аккредиттеу туралы куәлікте көрсетілген немесе сақтау (ауыстырып-тиеу) шарты бойынша газды сақтауды жүзеге асыратын газ толтыру станциясының орналасқан мекенжайы, ал мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар үшін – газды сақтауға арналған сыйымдылықтар.

      Егер өндіруші өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатынан сұйытылған мұнай газын өндіру бойынша қызмет көрсеткен жағдайда, онда өнім беру жоспарында мұндай өндірушінің қызметтерін пайдаланатын өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының барлық меншік иелерінің Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізу үшін міндетті сұйытылған мұнай газының жиынтық көлемі көрсетіледі.

      Егер өнім беруші өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жасалған және міндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) немесе Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалану келісімшартына сәйкес жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы болған жағдайда, онда мұндай тұлға үшін өнім беру жоспарында тек Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру көлемдері және беру өңірлері ғана белгіленеді.

________(жыл) ________(ай) арналған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газын беру жоспары

  тоннамен

р/с №

Өнім берушінің атауы, орналасқан жері

Жеткізу өңірі

Электрондық сауда алаңы арқылы алушы үшін берілетін сұйытылған мұнай газының көлемі, тонна

1

2

3

4





      Ескерпе: Өнім беру жоспары мыналарды қамтиды:

      1) № р/с – реттік нөмірі;

      2) өнім берушінің атауы, мекенжайы – өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелерінің, өндірушілердің тізбесі және олардың орналасқан жері;

      3) жеткізу өңірі – сұйытылған мұнай газы жеткізілетін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана немесе өңірлер тобы, не Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы;

      4) өңір бөлінісінде электрондық сауда алаңдары арқылы жеткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі, тоннада

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады