БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16949 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
2) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
3) мемлекеттік кіріс органы – өз құзыреті шегінде салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;
4) тіркеуші орган – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Жерлерді жүйелі түрде байқау, жер үстін түсіру, зерттеп-қарау, түгендеу нәтижелері, жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау материалдары, мұрағат деректері, жерлерді қашықтықтан зондтау деректері, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтер, сондай-ақ жерлердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтер жерлерді мониторингтеуге арналған ақпарат көздері болып табылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мониторингтеуді жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган:
1) жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша жүргізілетін жерлерді түгендеу;
2) жергілікті атқарушы орган құрған жұмыс тобы жүргізген жерлерді кешенді зерттеп-қарау;
3) құрылыс салуға бөлінген жер учаскелерінде салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер туралы мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан алынған ақпаратты талдау;
4) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендерді мониторингтеу (оның ішінде www.moa.gov.kz ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып);
5) жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы құқықтық кадастрдан ақпарат алу нәтижелері бойынша жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қабылдау үшін мерзім бір жыл, ал Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша – жер учаскесін мақсатына сай пайдаланбау не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактісі анықталған сәттен бастап үш ай болып белгіленеді.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі