Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 наурызда № 20107 болып тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарғысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті туралы ереженің 20 тармағының 8-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
жанындағы Соттардың қызметін
қамтамасыз ету департаментінің
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Соты аппаратының) басшысы
Н. АХМЕТЗАКИРОВ

  Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Соттардың қызметін қамтамасыз
ету департаменті басшысының
2020 жылғы 3 наурыздағы
№ 11 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының (бұдан әрі – Академия) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін айқындайды.

2-тарау. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібі

      2. Академия "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 63-бабының 3-тармағында, көзделген тиісті тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету туралы шарт жасасу жолымен ақылы негізде өткізеді.

      3. Академияның ақылы қызмет түрлеріне мына тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтерді) өткізілуі жатады:

      1) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру;

      2) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру;

      3) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;

      4) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;

      5) әр түрлі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу: семинарлар, кеңестер, конференциялар, спорт жарыстары;

      6) оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу мен өткізу;

      7) ғылыми зерттеулер жүргізу.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚР Жоғарғы Соты аппараты) басшысының м.а. 24.08.2021 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Академия бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет-ресурсында және Академия аумағында (үй-жай) арнайы көзделген орында өткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесін және олардың бағасы көрсетілген ақпаратты орналастырады.

      5. Академия жеке және заңды тұлғаларға тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызмет көрсету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеуді есепке алу журналына тіркелетін жазбаша өтініштің негізінде жүзеге асырады.

      6. Академияның және жеке немесе заңды тұлғалардың арасындағы ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі өзара қатынастар, соның ішінде ақы төлеу нысаны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шартпен реттеледі.

      7. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу үшін төлемақы Академияның ақылы қызметтерінің бақылау есеп-шотына ақшалай қаражаттарды аудару арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.

3-тарау. Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібі

      8. Академияның тауарларға (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден түскен қаражаты Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-тармағына сәйкес жұмсалады.

      9. Тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуден түскен мынадай бағытта жұмсалады:

      1) оқу-материалдық базаны нығайтуға;

      2) ақылы қызмет пен жұмыстарды өткізуге қатысқан профессорлық-оқытушы құрамның, мамандар мен қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу;

      3) профессорлық-оқытушылық құрамның, мамандардың қызметкерлердің біліктілігін арттыруға;

      4) оқыту тренингтерін, семинарларын, конференцияларын және дөңгелек үстелдерін өткізуге;

      5) ғылыми-зерттеулер және басқа да іс-шаралар өткізу үшін қызметке арналған шығыс материалдарын, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға;

      6) ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау, соның ішінде ғылыми еңбектерді, оқу құралдарын редакциялауға;

      7) оқыту, зерттеулер және онымен байланысты іс-шаралар үшін үй-жайларды, жабдықтарды және техниканы жалдауға;

      8) конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кәдесыйлар, турнирлер, жарыстар аясында кофе-брейктер өткізуге, кәдесый өнімдерін сатып алуға;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапар шығыстарын өтеу нормалары шеңберінде ғылыми конференцияларға, семинарларға, көрмелерге және басқа да іс-шараларға қатысу бойынша зерттеу сипатындағы іссапарларға баруға;

      10) аударма қызметтерін сатып алуға;

      11) ақылы қызметтер көрсетуге байланысты қосымша шаруашылық шығыстарына;

      12) қызметкерлерге қосымша ақы, сыйақы беруге, әлеуметтік және материалдық көмек көрсетуге жұмсалады.

      10. Академия тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден ақшаның түсімін және шығыстарын есепке алу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

4-тарау. Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден өз иелігінде қалатын ақша бойынша

      11. Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақша есебінен операцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырындағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде № 5702 болып тіркелген) Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышының иелігінде Академия тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) олардың түрлері бойынша өткізуден ақша түсімдерімен шығыстарының жоспарын жыл сайын жасайды.

      12. Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді.

      13. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Академия ұсынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден жоспарларының негізінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын жасайды.

      Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган келіседі.

      14. Академия тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының бекітілген жоспарын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының бекітілген жоспарының қолданысы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.

      15. Қаржы жылы ішінде Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарында көзделген сомалардан артық кірістер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспары ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін нақтыланған жағдайда ағымдағы қаржы жылында жұмсалуы мүмкін.

      16. Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден өз иелігінде қалатын ақша есебінен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      17. Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден өз иелігінде қалатын ақша есебінен азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 96-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Сот төрелігі академиясының
тауарларды (жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді)
өткізу жөніндегі ақылы
қызмет түрлерін көрсету және
олардың тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді) өткізуден түскен
ақшаны жұмсау қағидаларына
қосымша

Нысан

Жеке және заңды тұлғалардың ақылы қызмет көрсету жөніндегі өтініштерін тіркеу журналы

Тіркеу №

Қабылдаған күні

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) немесе оның уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Ақылы түрде көрсетілетін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша қызмет түрі

Қоса берілген құжаттардың саны мен атауы

Өтінішті қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

1

2

3

4

5

6














Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады