"Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 100 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 19 наурызда № 20145 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17066 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 25 маусымда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 157-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 157-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Заң) 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалар сондай-ақ Кодекстің 154-бабының 13-тармағына сәйкес сақтық аймағында көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға да қолданылады.";

      2-тарауда:

      1-параграф мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу

      3. Өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат (бұдан әрі –рұқсат) алу үшін көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін мәліметтер нысанын жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның құжаттарды қарау және рұқсат берудің жалпы мерзімі он үш жұмыс күнін құрайды.

      4. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Өтініш беруші құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту портал арқылы электрондық құжат нысанында өтініш берушіге жіберіледі.

      5. Өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда, жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде, олар жеті жұмыс күні ішінде теңіз объектісін көрсетілген географиялық координаттар ауданында құру және орналастырудың орындылығы немесе орынсыздығы тұрғысынан келісетін, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы органға сұрау салуды дайындайды.

      6. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген уәкілетті органдардың жауаптарын алғаннан кейін төрт жұмыс күні ішінде өтініштің Кодекстің және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, оң қорытынды болған кезде рұқсатты ресімдейді және өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жібереді немесе теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімде мынадай негіздер бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес рұқсат беруден дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді:

      1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;

      2) өтініш берушінің және (немесе) рұқсатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Кодексте және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы болса;

      4) өтініш берушіге қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;

      5) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса.

      7. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      8. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті орган басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.";

      осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 4 және 5-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және

      инфрақұрылымдық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 17 наурыздағы
№ 100 бұйрығына
1-қосымша
  Көмірсутектерді барлауды және
(немесе) өндіруді жүргізу
кезінде пайдаланылатын теңіз
объектілерін теңізде және ішкі
су айдындарында құру,
орналастыру және пайдалану
қағидаларына
4-қосымша

"Теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Мемлекеттік www. egov. kz, www. eli cens e. kz Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www. egov. kz, www. eli cens e. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

13 жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру шарты – "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұманы қоса 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс күні аяқталған соң жүгінсе, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Порталға:
1) теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін өтініш;
2) теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін мәліметтер нысаны.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;
2) өтініш берушінің және (немесе) рұқсатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне және Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларына белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы болса;
4) өтініш берушіге қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
5) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
www. energo. gov. kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
порталда орналастырылған.
2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, оның мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар;
3) көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар;
4) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді;
5) мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www. energo. gov. kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 17 наурыздағы
№ 100 бұйрығына
2-қосымша
  Көмірсутектерді барлауды
және (немесе) өндіруді жүргізу
кезінде пайдаланылатын теңіз
объектілерін теңізде және ішкі
су айдындарында құру,
орналастыру және пайдалану
қағидаларына
5-қосымша

[МО атауы (мемлекеттік тілде)]
МО реквизиттері мемлекеттік тілде



 

[МО атауы (орыс тілінде)]
МО реквизиттері орыс тілінде

Өтінішті одан әрі қараудан/рұқсат беруден дәлелді бас тарту

Нөмірі: [РҚ нөмірі]
Берілген күні: [РҚ берілген күні]

[Өтініш берушінің атауы]

[МО атауы], Сіздің [Өтініш берген күн] № [Өтініш нөмірі], өтінішіңізді қарап, _________________________________________________ хабарлайды.
[Бас тарту себебі].

[Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы]

[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)]


 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады