Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (30-шығарылым) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. "Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (30-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 14 маусымдағы № 230-ө-м бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7753 болып тіркелген, 2012 жылғы 8 тамызда № 117 (2125) "Заң газеті" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Б. Нурымбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 98 бұйрығына қосымша |
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (30-шығарылым)
1-тарау. Кіріспе
1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (30-шығарылым) (бұдан әрі – БТБА (30-шығарылым) синтетикалық каучуктар, май алмастырушылар және мұнайхимия өнімдерінің өндірісі жұмыстарын қамтиды.
2. БТБА-ны (30-шығарылым) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген.
3. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да (30-шығарылым) көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.
2-тарау. Синтетикалық каучуктар, май алмастырушылар және мұнайхимия өнімдерінің өндірісі жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Ацетофенді бөлу аппаратшысы, 4-разряд
4. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс нұсқаулығына сәйкес диметилфенилкарбинолды дегидрациялау және ацетофеннің фракцияларын кристаллизациялау жолымен ацетофеннің бөлінуінің технологиялық процесінің жеке операцияларын жүргізу;
шикізатты қабылдау, салу, триметилкарбинолды дегидратациялау, ацетофенді ректификациялау;
ацетофен фракцияларын кристализациялау, фильтратты центрифугирлеу, шығару және шайқау, кристаллизаторлардың ішкі қабырғаларын кристалдардан тазарту;
бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен мен химиялық сынамалардың нәтижелері бойынша вакуумды, температураны, шикізаттың жіберілуі мен мөлшерін, өнімдерді сұрыптауды реттеу;
жабдықтар мен коммуникациялар жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
жұмыс орнындағы ыдыстар, насостар, дегидраторлар, ректификационды бағаналар, кристаллизаторлар, центрифугалар мен басқа жабдықтарға қызмет көрсету;
өндірістік журналдағы жазба;
сынамаларды алу.
5. Білуге тиіс:
ацетофенонды бөлу процестерінің жекелеген операцияларының технологиялық схемасы;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі;
арматура мен коммуникациялар схемасы;
диметилкарбинолдың, ацетофен фракциясының физика-химиялық қасиеттері;
технологиялық процесті реттеу қағидалары.
2-параграф. Ацетофенді бөлу аппаратшысы, 5-разряд
6. Жұмыс сипаттамасы;
жұмыс нұсқаулығына сәйкес диметилфенилкарбинолды дегидрациялау және ацетофеннің фракцияларын кристаллизациялау жолымен ацетофеннің бөлінуінің технологиялық процесін жүргізу;
ацетофен бөлінетін учаскенің барлық жабдықтарының жұмысы мен күйін бақылау;
бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен мен химиялық сынамалардың нәтижелері бойынша диметилфенилкарбинолды дегидратациялау, ацетофенді ректификациялау немесе ацетофен фракцияларын кристализациялау, ацетофеннің центрифугалануы және бөлінуінің технологиялық регламентінің сақталуын бақылау;
технологиялық тәртіптің нормаларынан ауытқуларын алдын алу және жою, жабдықтар мен коммуникациялар жұмысындағы ақауларды жою;
дегидраторлар, ректификационды бағаналар, кристаллизаторлар, центрифугалар мен учаскенің басқа да жабдықтарын қосу, тоқтату;
қол астындағы жұмысшыларға басшылық ету;
шикізат, реагент, алынған ацетофеннің шығындарын есептеу;
өндірістік журналдағы жазбалар жүргізу.
7. Білуге тиіс:
ацетофеннің бөліну процесінің технологиялық схемасы;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі;
арматура мен коммуникация схемасы;
ацетофеннің физика-химиялық қасиеттері;
технологиялық режим, технологиялық регламенттің сақталуын бақылау тәсілдері.
3-параграф. Балансты қондырғылар аппаратшысы, 4-разряд
8. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс нұсқаулығына сәйкес балансты қондырғылардың көмегімен байланыс пештердің жұмысын бақылау процесін жүргізу;
балансты қондырғыларды дайындау және құрастыру, герметикалығына тексеру, байланыс пешінің коллекторынан байланыс газының конденсаторынан сұрыптау, газды талдау және конденсаттың тығыздығын анықтау;
газ бен конденсаттың өту жылдамдығын, конденсаттың тығыздығын, температурасын, вакуумын, бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша қысымын реттеу;
жабдықтың жұмысындағы ауытқуларды жою;
газ сағаттарын, газомерлерді, жинақтарды, тоңазытқыштарды, түтінді регенерационды газдардың қондырғыларына қызмет көрсету;
сынамаларды алу;
өндірістік журналда жазбалар жүргізу.
9. Білуге тиіс:
байланыс пештерінің жұмысын бақылаудың технологиялық схемасы;
балансты қондырғылардың құрылымы;
байланыс газының, конденсаттың физика-химиялық қасиеттері;
процесті реттеу қағидалары;
сынамаларды алу қағидалары.
4-параграф. Вакуум қабылдағыштардың аппаратшысы, 3-разряд
10. Жұмыс сипаттамасы:
процестің келесі сатыларына немесе біліктілігі жоғары аппаратшының басшылығымен қоймаларға вакуумның көмегімен фракциялар бойынша май қышқылдарын, майлы спирттер мен басқа майлы өнімдерді салқындату, тұндыру және беру;
вакуум қабылдағыштарға конденсаторлардан, тамшы қайтарушылардан және дефлегматорлардан өнімдерді қабылдау;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және химиялық талдаулардың деректері бойынша тоңазытқыштарға, салқындататын су мен айналмалы конденсаттардың жіберілуін коммуникациялардың жылытылуын және технологиялық процесс барысын жылытқыштарға реттеу;
өнімдерді вакуум қабылдағыштан дайын өнім ыдыстарына салу;
жұмыс журналдарын жүргізу.
11. Білуге тиіс:
процестің келесі сатыларына вакуумның көмегімен май қышқылдары мен спирттерін салқындату, тұндыру және берудің технологиялық процесі;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, коммуникациялардың, арматуралар мен бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принциптері;
жартылай өнімдердің физика-химиялық және технологиялық қасиеттері;
жұмыс орнында технологиялық процесті реттеу қағидалары.
5-параграф. Вакуум қабылдағыштардың аппаратшысы, 4-разряд
12. Жұмыс сипаттамасы:
процестің келесі сатыларына немесе қоймаларға вакуумның көмегімен фракциялар бойынша май қышқылдарын, майлы спирттер мен басқа да сұйық өнімдерді салқындату, тұндыру және берудің технологиялық процесін жүргізу;
жеке вакуум қабылдағыштарды ортақ жүйеге қосу, вакуумды құру, қолдау және отау;
технологиялық процестің барлық параметрлерін: температурасы, қысымы, разрядталуын жұмыс нұсқаулығына сәйкес қолдау және бақылау;
сынамаларды алу;
өнімнің мөлшері мен оның фракцияларына сәйкес жылыту буы мен салқындату суының мөлшерін есептеу;
дайын өнімнің деңгейін өлшеу және көлемін анықтау, көлемді көрсеткіштерді таразылық көрсеткіштермен қайта есептеу;
қызмет көрсетілетін учаскелерде вакуум қабылдағыштары, бу сорғалату эжекторлары, тоңазытқыштар, жылу алмастырушылар, насостар мен басқа да жабдықтарға қызмет көрсету;
қызмет көрсетілетін учаскенің барлық жабдықтарының жұмысын бақылау;
жабдықты қосу және тоқтату;
жабдық, коммуникациялар және арматура жұмысындағы ақауларды алдын алу және жою;
күрделі емес жөндеу жүргізу;
бағынышты жұмысшыларға басшылық ету.
13. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық схемасы;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, қатынастардың, арматуралар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы;
өнімдердің физика-химиялық және технологиялық қасиеттері;
дайын өнімнің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары;
жұмыс орнындағы технологиялық процесстің мәні;
технологиялық тәртіп;
сынамаларды алу қағидалары.
6-параграф. Гидрохлорлау аппаратшысы, 4-разряд
14. Жұмыс сипаттамасы:
моновинилацетиленді гидрохлорлаудың технологиялық процесінің жеке операцияларын жүргізу;
құрғақ және айдалған шикізатты, стабилизаторды, катализаторды аппаратқа қабылдау және жіберу, химиялық ерітінділерді әзірлеу, хлоропрен шикізатын салқындату және құрғату, құрғатқыштарға хлорлы кальцийді салу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша температураны, қысымды, вакуумды, құрам бөліктерді мөлшерлеп өлшеуді реттеу;
насостар, жинақтағыштар, тұндырғыштар, араластырғыштар, тоңазытқыштар, құрғатқыштарға қызмет көрсету;
сынамаларды алу.
15. Білуге тиіс:
фторлы бордың бөліну процесінің технологиялық негіздері;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі;
жұмыс орнындағы арматура мен коммуникациялар схемасы;
моновинил ацетиленнің, хлорлы кальцийдың, физика-химиялық қасиеттері;
процестердің негізгі реттеу қағидалары;
сынамаларды алу қағидалары.
7-параграф. Гидрохлорлау аппаратшысы, 5-разряд
16. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басқаруымен нұсқаулыққа сәйкес моновинилацетиленді гидрохлорлаудың технологиялық процесін жүргізу;
моновинилацетиленді қабылдау және булау, гидрохлоринаторға сұйықтықтар мен газ тәріздес фазаларды жіберу, дымқыл шикізатты гидрохлорлау, бөлу және құрғату, гидрохлоринатордан майлы қабатты ағызу;
бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика құралдарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша буландырғыштағы, гидрохлоринатордағы, дымқыл шикізат бағанасындағы температура, қысым, деңгейді, құрам бөліктер мен катализаторлардың мөлшерлеп өлшенуі мен қатынасын реттеу;
жабдық, коммуникациялар жұмысындағы ақауларды жою;
гидрохлоринаторлар, скрубберлер, сепараторлар, құрғатқыштар, дымқыл шикізат бағаналарына қызмет көрсету;
шикізат, алынған өнімнің шығындарын есептеу;
өндіріс журналында көрсеткіштерді жазу.
17. Білуге тиіс:
ылғалды шикізатты гидрохлорлау және бөлу учаскесінің технологиялық процесі мен схемасы;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика құралдарының құрылымы;
арматура мен коммуникациялар схемасы;
катализатор, хлор, сутек, хлоропен шикізатының физикалық-химиялық қасиеттері;
технологиялық режим;
процесті реттеу қағидалары.
8-параграф. Гидрохлорлау аппаратшысы, 6-разряд
18. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс нұсқаулығына сәйкес моновинилацетиленді гидрохлорлаудың технологиялық процесін жүргізу;
гидрохлорлау учаскесінің барлық жабдықтарының жұмысы мен күйін бақылау;
моновинилацетиленді гидрохлорлаудың технологиялық регламентінің сақталуын, дымқыл шикізаттың, хлоропреннің, дегидрохлорлаудың ректификациясын бақылау;
бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика құралдарының, орталық сауыттан қашықтықтан басқару көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша хлоропреннің шығарылуы мен сапасын бақылау;
технологиялық режим нормаларынан ауытқулар себептерін алдын алу және жою, жабдық, коммуникациялар жұмысындағы ақауларды жою;
гидрохлоринаторларды, ректификационды бағаналарын, дегидрохлоринаторлар мен басқа да жабдықтарды қосу, тоқтату;
қол астындағы жұмысшыларға басшылық ету;
қорытынды талдауларды жасау.
19. Білуге тиіс:
технологиялық процесс, хлоропрен алу схемасы;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика құралдары мен басқарудың орталық қалқасының кинематикалық схемалары;
арматура мен коммуникациялар схемасы;
хлоропеннің физика-химиялық қасиеттері;
технологиялық режим, технологиялық регламенттің қағидалары және бақылау әдістері;
талдау әдістемесі.
9-параграф. Деаэрация аппаратшысы, 4-разряд
20. Жұмыс сипаттамасы:
вакуум астында жуғыш заттардың паста тәріздес композицияларды деаэрациялаудың технологиялық процесін жүргізу;
гомогенизаторға пасталарды жіберу, деаэраторда вакуум құру, деаэраторға пастаны шайқап салу, дегазациялау, шығару, келесі технологиялық учаскеге тасымалдау және жіберу;
пастаның бірқалыпты жіберілуін бақылау;
бақылау-өлшеу аспаптары мен химиялық талдау нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша технологиялық тәртіптің параметрлерінің: температура, қысым, разрядталу және басқалардың сақталуын бақылау;
сынамаларды алу;
деаэрленген композициялардағы қатты бөліктерінің құрамын бақылау, конденсатты ағызу;
паста қысымын есептеу;
технологиялық журналдарды жүргізу;
технологиялық режим нормаларынан ауытқулар себептерінің алдын алу және жою;
деаэраторлар, гомогенизаторлар, вакуум-насостар, жинақтаушылар мен басқа жабдықтарға қызмет көрсету;
жабдықтың жұмысын іске қосу, тоқтату және бақылау;
жабдықтар мен коммуникациялар жұмысындағы ақауларды алдын алу және жою;
күрделі емес жөндеу жүргізу.
21. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық схемасы және технологиялық процестің мәні;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, арматура мен коммуникациялар құрылымы;
процестің технологиялық режимі және реттеу қағидалары;
сынамаларды алу ережелері.
10-параграф. Димеризациялау аппаратшысы, 4-разряд
22. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс нұсқаулығына сәйкес ацетиленді моновинилацетиленге каталитикалық димеризациялаудың технологиялық процесінің жеке операцияларын жүргізу;
ацетиленді қабылдау және оны реакторға жіберу, каталитикалық димеризациялау;
қышқылды, катализаторды реакторға жіберу;
катализаторды дайындау;
реакциялық газдарды бөлуге жіберу;
стабилизаторды қышқылмен салқындату жүйесіне жіберу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша температураны мөлшерлеп өлшеуді, қысымды, газдың катализатор арқылы өту жылдамдығын реттеу;
жабдықтар мен коммуникациялар жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
шикізат, алынған өнімнің шығындарын есептеу;
өндірістік журналда көрсеткіштерді жазу;
сынамаларды алу.
23. Білуге тиіс:
жеке операциялардың технологиялық процесі және ацетиленді димеризациялау учаскесінің схемасы;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі;
арматура мен коммуникациялар схемасы;
ацетилен, катализатор, моновинилацетиленнің физика-химиялық қасиеттері;
технологиялық процесті реттеудің негізгі қағидалары;
сынамаларды алу қағидалары.
11-параграф. Димеризациялау аппаратшысы, 5-разряд
24. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс нұсқаулығына сәйкес ацетиленді моновинилацетиленге каталитикалық димеризациялаудың технологиялық процесін жүргізу;
моновинилацетиленді алу учаскесінің барлық жабдықтарының жұмысы мен күйін бақылау;
бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика құралдарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша технологиялық регламент, су, қышқыл, абсорбент айналымын, скрубберлардағы газдың сумен және қышқылмен салқындатылуын, өнімнің шығуы мен сапасын бақылау;
жабдықтар мен коммуникациялар жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
тоңазытқыштар, орталықтан тебу насостары, реакторлар, қышқыл концентраттарын сумен салқындату скрубберлері мен басқа да қызмет көрсетілетін жабдықтарды қосу, орнату;
мөлшерлеп өлшенетін құрам бөліктерді есептеу;
қол астындағы жұмысшыларға басшылық ету.
25. Білуге тиіс:
ацетиленді димеризациялаудың технологиялық процесі және учаскесінің схемасы;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы;
технологиялық процестің мәні және реттеу қағидалары;
технологиялық регламент қағидалары мен бақылау әдістері.
12-параграф. Диспропорциялау аппаратшысы, 4-разряд
26. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс нұсқаулығына сәйкес канифольді эмульгаторды алудың технологиялық процесінің жеке операцияларын жүргізу;
балқытылған канифольді қабылдау, сүзу, қыздыру, каталитикалық диспропорциялау, канифольді сабындауға жіберу;
реакторлардағы температура, қысым, деңгейлерді реттеу, бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша канифолиді ағызу;
жабдықтар мен коммуникациялар жұмысындағы ақауларды жою;
жұмыс орнындағы насостар, сүзгіштер, жылытқыштар, реакторлар мен басқа жабдықтарға қызмет көрсету;
сынамаларды алу;
алынған канифольді эмульгаторды есептеу;
өндірістік журналда көрсеткіштерді жазу.
27. Білуге тиіс:
канифольді эмульгаторды алудың технологиялық схемасы;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі;
арматура мен коммуникациялар схемасы;
канифоль, "активирленген көмірдегі палладий" катализаторының физика-химиялық қасиеттері;
процесті реттеудің негізгі қағидалары;
сынама алу қағидалары.
13-параграф. Диспропорциялау аппаратшысы, 5-разряд
28. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс нұсқаулығына сәйкес канифольді эмульгаторды алудың технологиялық процесін жүргізу;
канифольді эмульгаторды алу учаскесінің барлық жабдықтарының жұмысы мен күйін бақылау;
бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша канифолиді дайындаудың технологиялық регламентінің сақталуын, балқу, диспропорциялау, сабындау, органикалық жылу тасымалдағыштың айналымы, канифольді эмульгатордың шығарылуы мен сапасын бақылау;
технологиялық тәртіп нормаларынан ауытқулар себептерінің алдын алу және жою, жабдықтар мен коммуникациялар жұмысындағы ақауларды жою;
уатқыштар, тасымалдағыштар, элеваторлар, балқытқыштар, диспропорциялау, сабындау реакторларын, органикалық жылу тасымалдағыш қазандар мен басқа жабдықтарды қосу, тоқтату;
қол астындағы жұмысшыларға басшылық ету;
қорытынды талдаулар жасау.
29. Білуге тиіс:
канифольді эмульгаторды алудың технологиялық процесі;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика құралдарының құрылымы, жұмыс принципі;
канифольді эмульгатор, органикалық жылу тасымалдағыштың физика-химиялық қасиеттері;
технологиялық режим, процесті реттеу қағидалары;
талдаулардың әдістемесі.
14-параграф. Жалған бутиленді бөлу аппаратшысы, 4-разряд
30. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс нұсқаулығына сәйкес вакуум араластырғыштардан кейінгі газдардан жалған бутиленнің бөлінуінің технологиялық процесін жүргізу;
газдарды абсорбциялау, конденсатты айдау, конденсациялау, ажырату, жалған бутиленді қоймаларға жіберу, суларды ыдыстарға ағызу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша құрамдас бөліктерінің қатынасын, жалған бутиленді алу температурасын реттеу;
жабдық, коммуникациялар жұмысындағы ақауларды жою;
скруббер, айдау бағаналары, тоңазытқыштар, су қайнатқыштар, насостарға қызмет көрсету;
сынамаларды алу;
алынған жалған бутиленді есептеу;
өндірістік журналда көрсеткіштерді жазу.
31. Білуге тиіс:
жалған бутиленнің бөлінуінің технологиялық процесі;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы;
жұмыс орнындағы арматура мен коммуникациялар схемасы;
сору газдары, жалған бутиленнің физика-химиялық қасиеттері;
процесті реттеу әдістері;
сынамаларды алу қағидалары.
15-параграф. Карбинолды бөлу аппаратшысы, 4-разряд
32. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс нұсқаулығына сәйкес моновинилацетилен мен ащы калийдің бензолды суспензиясындағы ацетонды синтездеу тәсілімен карбинолдың бөлінуінің технологиялық процесінің жеке операцияларын жүргізу;
моновинилацетилен мен ацетон қоспасын әзірлеу;
қоспаны реакторға ащы калийдің бензолды суспензиясына жіберу, калий карбинолын синтездеу;
суды жіберу және калий карбинолын ыдырату, көмірсутекті-сілтілі қабатты ыдырату;
сулы-сілтілі қабатты канализацияға ағызу;
айдау аппаратының кубына көмірсутекті қабатты жіберу;
дикарбинолды және карбинолды фракцияларды айдау;
карбинолды түйіршіктелеген хлорлы кальциймен құрғату;
"Д" неозонымен карбинолды тұрақтандыру;
дайын өнімдерді бөшкелерге құю, таңбалау және қоймаға жіберу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен мен химиялық сынамалардың нәтижелері бойынша өнімдерді мөлшерлеп өлшеу және араластыру процесін реттеу;
өз жұмыс орнында жабдықтар мен коммуникациялар жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
шикізат, алынған өнімдердің шығындарын есептеу;
өндірістік журналда көрсеткіштерді жазу;
сынамаларды алу.
33. Білуге тиіс:
карбинолды алу процесінің жеке операцияларының технологиялық схемасы;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі;
арматура мен коммуникациялар схемасы;
моновинилацетиленнің, ацетонның, бензолдың, ащы калийдің, неозонның, кальций хлорының физика-химиялық қасиеттері;
технологиялық процесті реттеу қағидалары;
сынамаларды алу қағидалары.
16-параграф. Карбинолды бөлу аппаратшысы, 5-разряд
34. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс нұсқаулығына сәйкес моновинилацетиленді және ащы калийдің бензолды суспензиясындағы ацетонды синтездеу тәсілімен карбинолдың бөлінуінің технологиялық процесін жүргізу;
карбинолды алу бойынша барлық жабдықтардың жұмысы мен күйін бақылау;
бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика құралдарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша технологиялық регламенттің сақталуын, моновинилацетилен мен ацетонның дозаторларының, реакторлардың жұмыс тәртібін, өнімнің шығарылуы мен сапасын бақылау;
технологиялық тәртіп нормаларынан ауытқулар себептерінің алдын алу және жою, жабдық жұмысындағы ақауларды жою;
дозаторларды, конденсаторларды, концентраторларды, араластырғышы бар реакторлар мен басқа жабдықтар мен механизмдерді қосу, тоқтату;
дозаланатын компоненттерді есептеу;
қол астындағы жұмысшыларға басшылық ету.
35. Білуге тиіс:
карбинолды алу учаскесінің технологиялық схемасы;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы;
арматура мен коммуникациялар схемасы;
карбинолдың физика-химиялық қасиеттері;
технологиялық регламенттің сақталуын бақылау әдістері.
17-параграф. Күкіртті бөлу аппаратшысы, 4-разряд
36. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс нұсқаулығына сәйкес бокситті катализаторда күкіртті сутекті жағу тәсілімен күкірт бөлінуінің технологиялық процесін жүргізу;
отын газды, күкіртті сутекті қабылдау, күкіртті алудың каталитикалық реакциясы, күкіртті сутек пен күкіртті жағу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша реакторларда, күкіртті сутекті жағу пештеріндегі температураны, жағу пешіне жіберілетін ауа мен отын газ мөлшерін, отын газының қысымын реттеу;
жабдық, коммуникациялар жұмысындағы ақауларды жою;
газ үрлегіштер, реакторлар, күкірт аулағыштар, күкірт сутекті жағу пештеріне қызмет көрсету;
жағу пешінен кейін газ сынамасын алу.
37. Білуге тиіс:
күкіртті сутекті жағу жолымен күкірт бөлінуінің технологиялық процесі мен схемасы;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі;
арматура мен коммуникациялар схемасы;
күкіртті сутектің, катализаторлардың, күкірттің физика-химиялық қасиеттері;
процесті реттеу әдістері;
сынамаларды алу қағидалары.
18-параграф. Күкіртті бөлу аппаратшысы, 5-разряд
38. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс нұсқаулығына сәйкес қышқыл газдарды жағу тәсілімен күкірт бөлінуінің технологиялық процесін жүргізу;
күкірт алатын барлық жабдықтардың жұмысы мен күйін бақылау;
утилизатор қазандарында қышқыл газды жағудың технологиялық регламентінің сақталуын, күкірт буының конденсациясын, бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика құралдарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша реакторларда күкіртті алынуын бақылау;
технологиялық тәртіп нормаларынан ауытқулар себептерінің алдын алу және жою, жабдық, коммуникациялар жұмысындағы ақауларды жою;
қазан-утилизаторлар, реакторлар, күкірт аулағыштар, күкірт бөлгіштер, насостарды қосу, тоқтату;
конверсия коэффициентін, күкірттің бөліну пайызын есептеу;
қол астындағы жұмысшыларға басшылық ету.
39. Білуге тиіс:
қышқыл газдарды жағу жолымен күкірт бөлінуінің технологиялық процесі мен технологиялық схемасы;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика құралдарының жұмыс құрылымы;
арматура мен коммуникациялар схемасы;
метансутекті фракциялар, қышқыл газдар, катализаторлардың, күкірттің физикалық-химиялық қасиеттері;
технологиялық тәртіп, процесті реттеу қағидалары.
19-параграф. Қыздыру аппаратшысы, 4-разряд
40. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс нұсқаулығына сәйкес көмірсутектердің немесе сулы будың бу-ауа қоспасын қыздырудың технологиялық процесін жүргізу;
көмірсутек булары, сулы буларды булау, қыздыру, бу қыздыру пешінің секцияларында буды үлестіру, пештің қызуына отын газды жіберу, қазан-утилизаторларда конденсатты булау, қазандарды қатты тұздардан үрлеу;
бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика құралдарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша пеш секцияларында бу, көмірсутек және су ағындарын үлестіруді, пеш температурасын, бу жинағыштардағы қысым деңгейін реттеу;
жабдықтар мен коммуникациялар жұмысындағы ақауларды жою;
булағыштар, қыздыру пештері, қазан-утилизаторлар, бу жинағыштарға қызмет көрсету;
бу конденсатының құрамында қатты тұздардың болуына бір реттік талдау жасау.
41. Білуге тиіс:
қыздыру учаскесінің технологиялық схемасы;
канифольді эмульгаторды алудың процесі, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика құралдарының құрылымы;
арматура мен коммуникациялар схемасы;
көмірсутектердің, сулы булардың, отын газдардың физикалық-химиялық қасиеттері;
технологиялық процесті реттеу қағидалары;
талдауларды жасау әдістемесі.
20-параграф. Майларды ұстау аппаратшысы, 3-разряд
42. Жұмыс сипаттамасы:
ағынды сулардан парафинді ұстау және бөлудің технологиялық процесін жүргізу;
коммуникацияларды бумен үрлеу, ағынды сулардан парафинді ұстау және бөлу, жинақтағыштарға жіберу, тұндыру, қыздыру, парафинді басқа өндірістік учаскелерге жіберу, ағынды суларды ығыстыру;
деңгейлер мен температураны бақылау және реттеу;
жинақталған парафиндегі су құрамы мен ағынды сулардағы парафинді бақылау;
сынамаларды алу және жұмыс нұсқаулығында қарастырылған талдауларды жасау;
ұсталатын парафинді есептеу және өндірістік журнал жүргізу;
май торлары, жинақтағыштар, ыдыстар, насостар, желдеткіштер мен басқа жабдықтарға қызмет көрсету;
қызмет көрсетілетін жабдықтарды қосу және тоқтату, жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, күрделі емес жөндеу жүргізу.
43. Білуге тиіс:
технологиялық процесс мәні;
жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының, арматура мен коммуникациялардың жұмыс принципі;
сынамаларды алу тәртібі;
талдауларды жасау әдістемесі.
21-параграф. Натрилі болванкаларды құюшы, 3-разряд
44. Жұмыс сипаттамасы:
натрилі балқытпаларды металл қалыптарға құю, натрилі болванкалар құймасын қалыптан шығару және оларды керосині бар ыдыстарға салу;
электрованнаны жұмысқа дайындау;
материалы бар ыдыстың тығынын алу;
химикаттарды бөлшектеп кесу;
кесілген материалды өлшеу және сәйкес салмақ пропорциясымен ваннаға салу;
электрованнадағы балқу процесін бақылау;
парафин мен май қабатын жою арқылы катализаторлы лентаның тотықтары мен қалдықтарын балқыту;
электрованналарды тазарту;
цехтан тыс тотықтарды жүйелі түрде жағу.
45. Білуге тиіс:
катализаторлы жинақтау бөлімінің технологиялық процесінің негіздері;
өңделетін материалдардың физикалық-химиялық қасиеттері;
электрованналар мен құралдардың құрылымы.
22-параграф. Натрилі болванкаларды өңдеуші, 3-разряд
46. Жұмыс сипаттамасы:
парафин мен май қоспасымен үздіксіз суландыру кезінде токарлық станокта болванканы сыдыру және лентаны кесу;
натрилі болванкаларды өлшеу және станокқа орнату;
кесу құралын ауыстыру және толтыру;
парафинді май ваннасына катализаторлы лентаны салу;
болванканың қалдықтарын станоктан шығару, таза балқытпаны кесіп алу, өлшеу және қоймаға тапсыру.
47. Білуге тиіс:
катализаторлы жинақтау бөлімінің технологиялық процесінің негіздері;
балқытпаның физикалық-химиялық қасиеттері;
токарлық станок, іске қосу құралдары мен суландыру жүйесінің құрылымы;
катализаторлы ленталарды дайындаудың техникалық шарттары.
23-параграф. Полимер блоктарын шығарушы, 2-разряд
48. Жұмыс сипаттамасы:
тельфер немесе басқа механизмдер мен құралдардың көмегімен торлар мен қысқыштар блоктарынан шығару;
блоктары бар рельсті арбаларды домалату және блоктарды ұяшықтарға орнату;
қабы бар айқастырманы жою, блокты азотпен үрлеу;
торлар мен қысқыштарды қолдан пышақпен немесе басқа құралдармен полимерден тазарту;
натровты бөлімге торлар мен қысқыштарды тасымалдау;
полимерді талькпен опалау;
тазартылған полимерлерді сұрыптары және қызметі бойынша сұрыптау.
49. Білуге тиіс:
торлар мен қысқыштарды тазалауға қойылатын техникалық талаптар;
полимерді өңдеу тәртібі;
тельфер немесе басқа механизмдер мен құралдардың құрылымы мен қолдану қағидалары.
24-параграф. Полимер блоктарын шығарушы, 3-разряд
50. Жұмыс сипаттамасы:
ұяшықтардан қыздырылған полимерлер блоктары бар полимеризаторларды шығару;
полимеризаторлардың қақпақтарының байланыстарын бұрап шығару және винттеп бекіту;
өңдеу алаңына және блоктарды қыздыру үшін ұяшықтарға қысқыштарды шығарғаннан кейін электротельфермен полимер блоктары бар стакандарды алмастыру;
полимеризаторлар мен қаңылтыр табаның ішкі қабырғаларын тазарту;
полимер блоктарын өңдеу бөліміне тасымалдау;
блоктарды алаңға шығарған кезде: оны тельфермен алдын ала дайындалған металл тростармен кесу үшін көтеру, полимердің бөлшектерін бір-бірінен қолдан металл қармақпен тарту, блоктың үлкен бөлшектерін қолдан тросикпен кесу және оны автомашинаға немесе шөмішке салу;
бос полимеризаторларды ұяшықтан шығару, ішкі беттерін тазарту және полимеризаторды майлау үшін домалату;
арбаны жинақтау;
полимеризаторларға катализатор пастасы бар арбаны салу.
51. Білуге тиіс:
дивинилдің сұйық фазалық полимеризациялау процесінің технологиялық негіздері;
құралдар, тельфер құрылымы;
полимердің типтері мен қасиеттері;
барлық типті полимер блоктарын өңдеуге қабылдау;
инертті газы бар баллондарды пайдалану қағидалары мен полимердің тұтануы мен от алуының алдын алу.
25-параграф. Полимер блоктарын шығарушы, 4-разряд
52. Жұмыс сипаттамасы:
аппараттардан полимерлер блоктарын домалатып шығару;
полимеризаторлардың қақпақтарын винттеп бекіту;
аппараттың ішкі қабырғалары мен түбін полимерден тазарту, орнатуға дайын стакандары бар арбаларды аппараттарға домалатып апару, жылжымалы крандарында орнатылған қысым көтергіштің көмегімен катализаторы бар стакандарды аппаратқа орнату;
қақпақтар мен штуцерлерді полимерден тазарту, аппарат қақпақтарын орнату және винттеп бекіту, аппараттарды герметикалық қасиетіне сынау кезінде анықталған ақауларды жою;
аппарат қақпақтарын винттеп шығару, гильзаларды шығару;
полимері бар стаканды аппараттан шығару және қысым көтергіштің көмегімен рельсті арбаларға орнату, стакандары бар арбаларды шетке домалату;
синтетикалық каучукты өңдеу және автомашиналар мен шөміштерге салу;
қаңқаларды жинақтау, пастаны құйғаннан кейін аппаратқа салу;
стакан мен гильзаның сырт беттерін полимерден тазарту, тазартылғандарды алу.
53. Білуге тиіс:
дивинилдің газды фазалық полимеризациялау процесінің технологиялық негіздері;
катализаторы бар стакандарды қабылдаудың технологиялық қағидалары;
өңделетін және алынатын өнімдердің физикалық-химиялық қасиеттері;
қысым көтергіштермен жабдықталған жылжымалы крандардың құрылымы;
полимеризаторлардың құрылымы;
темірші жұмысының негіздері.
26-параграф. Полимеризациялық инвентарьды жинақтаушы, 3-разряд
54. Жұмыс сипаттамасы:
қысқыштардағы катализаторлы ленталары бар стакандарды жинақтау;
балқытылған парафинді катализаторлы ленталарды майлау, ленталарды қысқыштарға салу;
белгіленген тәртіпте стаканға лентасы бар қысқыштарды торларға орнату.
55. Білуге тиіс:
қысқыштардағы катализаторы бар стакандарды жинақтаудың технологиялық тәртібі;
қысқыштарды қабылдаудың техникалық шарттары;
өңделген материалдардың қасиеттері;
қысқыштардың құрылымы мен қызметі;
блоктың салмағына және каучуктың икемділігіне майлаудың әсері.
27-параграф. Полимеризациялық инвентарьды жинақтаушы, 4-разряд
56. Жұмыс сипаттамасы:
гильзаларды жинақтау және бөлшектеу;
технологиялық коммуникацияларды полимеризаторларға қосу;
қысымды төмендеткеннен кейін технологиялық коммуникацияларды аппараттардан ажырату;
шлангтар мен бітеуіштерді орнату, қосылатын және өшірілетін желілерде вентильдерді ашу және жабу арқылы аппараттарды соруға вакуумды желіге қосу жолымен қою;
вакуумды азотпен азайту;
жинақтау ақауларын жою арқылы аппараттарды герметикалық қасиетіне сынау.
57. Білуге тиіс:
дивинилді полимеризациялау процесінің технологиялық негіздері;
полимеризаторлар, бақылау-өлшеу аспаптары мен коммуникациялардың құрылымы мен пайдалану қағидалары;
аппараттарды құюға тапсырудың техникалық қағидалары;
жұмыстарды қабылдау.
28-параграф. Полимеризациялық инвентарьды жөндеуші, 3-разряд
58. Жұмыс сипаттамасы:
түзету машиналарында қаңылтыр таба беттерін тазарту және тасымалдау;
улаудан кейін беттерді салу және шығару;
қышқыл мен сілті ерітіндісін әзірлеу;
түзету машина жұмысындағы ұсақ ақауларды жою.
59. Білуге тиіс:
түзету машинасының жұмыс принципі;
ерітінділерді қолдану қағидалары;
қаңылтыр таба беттерін тазарту әдістері.
29-параграф. Полимеризациялық инвентарьды жөндеуші, 4-разряд
60. Жұмыс сипаттамасы:
пештерде қаңылтыр таба беттерін күйдіру, пештен шығару және түзету машиналарына тасымалдау;
түзету машинасында табақшаларды түзету;
білік арасындағы саңылауларды реттеу;
қышқыл мен сілті ерітінділерін құру;
беттерді улау және улаудан кейін тазарту;
өңделген беттерді есептеу.
61. Білуге тиіс:
түзету машиналары мен күйдіру пештерінің құрылымы;
ерітінділер мен сілтілерді қолдану қағидалары;
слесарлы және қазан жұмыстарының негіздері.
30-параграф. Полимеризациялы стакандарды тазартушы, 2-разряд
62. Жұмыс сипаттамасы:
стаканның сыртқы беттерін полимерлер мен жабысқан тотыққан бөлшектерден тазарту;
тазарғандарды жинақтау және сұрыптау, тараны материалдармен тығынын алу;
құрамдас бөлшектерді мөлшерлеп өлшеу және қамыр илейтін машиналарда майларды дайындау;
стакандардың ішкі жағынан майлау;
дайын стакандарды тапсыру;
ішкі тазартудан, күйдіруден және жөндеуден кейін стакандарды қабылдау;
стакандарды жұмыс орнына домалатып апару.
63. Білуге тиіс:
майлаудың блок салмағына әсері, каучуктың икемділігі;
майлау қасиеттері;
майлауға қойылатын техникалық талаптар;
каучук ассортиментінің шығарылу талаптарына сәйкес майлау тәртібі;
қамыр илеу машинасының құрылымы, оған қызмет көрсету қағидалары;
жұмыстарды қабылдау.
31-параграф. Сабынды желімді дайындау аппаратшысы, 3-разряд
64. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басқаруымен берілген температурада сабынды батқытпаны сумен сұйылту жолымен желімді дайындаудың технологиялық процесін жүргізу;
сабынды балқытпаны қабылдау және жапсырғышқа салу;
сұйылтуға, араластыруға суды жіберу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша технологиялық процесті реттеу;
өнімді келесі технологиялық учаскеге жіберу.
65. Білуге тиіс:
желімді дайындаудың технологиялық процесі;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, арматура мен коммуникациялардың жұмыс принципі;
жұмыс орнында технологиялық процесті реттеу қағидалары.
32-параграф. Сабынды желімді дайындау аппаратшысы, 4-разряд
66. Жұмыс сипаттамасы:
берілген температурада сабынды батқытпаны сумен сұйылту жолымен желімді дайындаудың технологиялық процесін жүргізу;
сабынды балқытпаның температурасын бақылау және салқындату;
сабынды желінің мөлшері мен қажетті концентрациясына байланысты су көлемін есептеу;
жапсырғыштар мен ыдыстардағы деңгейді бақылау;
сынамаларды алу;
жапсырғыштар, шнектер, насостар, ыдыстар, қатынастар мен басқа жабдықтарға қызмет көрсету;
қызмет көрсетілетін жабдықты қосу және тоқтату;
жабдық жұмысындағы ақауларды алдын алу және жою;
күрделі емес жөндеу жүргізу.
67. Білуге тиіс:
процестің технологиялық схемасы;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, арматура мен коммуникациялардың құрылымы;
шикізат пен өнімнің физикалық-химиялық қасиеттері мен оларға қойылатын талаптар;
технологиялық режим;
сынамаларды алу тәртібі.
33-параграф. Синтетикалық каучукты қалыптау аппаратшысы, 3-разряд
68. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басқаруымен ленталарды құю машинасында лента түрінде синтетикалық каучукты қалыптаудың технологиялық процесін жүргізу жөнінде жеке операцияларды орындау;
латексты қабылдау және коагуляцияға шайқап жіберу, электролит ерітіндісін әзірлеу, латекс коагуляциясы, лента құю машинасына серум ерітіндісін, латексті, жер суландыратын суды жіберу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша өнімдердің жіберілуі мен мөлшерлеп өлшенуін реттеу;
насостар, ыдыстар, араластырғыштар, редукторларға қызмет көрсету.
69. Білуге тиіс:
өзінің жұмыс орнындағы жеке процестерінің технологиялық схемасы;
негізгі және қосалқы жабдықтардың жұмыс принципі пен пайдалану қағидалары;
латекс, электролиттердің физикалық-химиялық қасиеттері;
жеке процестерді реттеу қағидалары.
34-параграф. Синтетикалық каучукты қалыптау аппаратшысы, 5-разряд
70. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс нұсқаулығына сәйкес синтетикалық каучукты лента түрінде қалыптаудың технологиялық процесін жүргізу және оны ленталарды құю машинасында жуу;
ленталарды құю машинасының қабылдау жәшіктеріне коагулянт мөлшерін коагуляция сарқырамасынан қабылдау, каучукты судан сүзу, каучук лентасын жуу, торлы білікшемен жуу суының лентасынан бөлшектеп жою, сығу білікшесінің вакуумды қорапшаларының көмегімен каучук лентасынан суды жою, каучук лентасын кептіргішке аралық тасымалдағышпен жіберу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша бөлшектеп жұмсартылған суды жууға жіберуді, лента құю машинасының жылдамдығын, вакуум-қорапшалардағы вакуумды, судың сығылуын, каучук лентасының тығыздалуын реттеу;
өзінің жұмыс орнындағы лента құю машинасы мен басқа жабдықтарға қызмет көрсету;
жабдықтар мен коммуникациялар жұмысындағы ақауларды жою;
қол астындағы жұмысшыларға басшылық ету;
келіп түсетін латексті есептеу;
өндірістік журналға жазу.
71. Білуге тиіс:
каучук лентасын қалыптаудың технологиялық схемасы;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы;
арматура мен коммуникациялар схемасы;
латекс, коагулянт, каучуктың физикалық-химиялық қасиеттері;
каучук қағидалары;
технологиялық процесті реттеу қағидалары.
35-параграф. Синтетикалық каучукты кептіру операторы, 6-разряд
72. Жұмыс сипаттамасы:
басқару пультімен автоматтандырылған кептіру қондырғыларында каучукты сығу және кептірудің технологиялық процесін жүргізу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және химиялық талдау көрсеткіштері бойынша экспеллердің бірқалыпты қосылуын, экспандер мен кептіру камераларындағы температураны бақылау және реттеу;
технологиялық тәртіп нормаларынан ауытқу себептерін алдын алу және жою;
қондырғының бөлек түйіндерінің бірқалыпты салынуы мен дайын өнімді есептеу;
қондырғыны жөндеуге дайындау;
қондырғыны жөндеуден қабылдауға қатысу;
қондырғыға қызмет көрсететін жұмысшыларға басшылық ету және үйлестіру.
73. Білуге тиіс:
автоматтандырылған кептіру қондырғыларда каучукты сығу және кептіру процесінің технологиялық тәртібі мен мәні;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының конструкциялық ерекшелігі мен құрылымы;
арматура мен коммуникациялар схемасы;
дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттері мен мемлекеттік стандарттары.
36-параграф. Синтетикалы каучукты өңдеуші, 1-разряд
74. Жұмыс сипаттамасы:
алдын ала бормен опаланған қаңылтыр таба бойынша пастаны салу;
пастасы бар қаңылтыр табаларды арбаларға орнату;
паста мен борды әкелу.
75. Білуге тиіс:
пастаның негізгі қасиеттері мен қызметі;
арбаның құрылымы;
пастаны салудың әдістері мен тәсілдері.
37-параграф. Синтетикалық каучукты өңдеуші, 2-разряд
76. Жұмыс сипаттамасы:
синтетикалық каучуктың лентасына опалау механизмінің щеткалы білікшесімен опалау және опаны сылау;
каучук лентасын опаны үлестіргішке және опаны үлестіргіш бункерге жіберу;
опаның артық мөлшерін сүзгішке жіберу;
лентаны тазарту;
жарылғыш машинада каучук лентасын қиқымдап ұсақтау және қиқымдарын мөлшерлеп өлшейтін тасымалдағышқа жіберу;
жабдықты майлау;
жабдықтар мен коммуникациялар жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.
77. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы;
каучук пен опаның физикалық-химиялық қасиеттері;
технологиялық процесті реттеу қағидалары.
38-параграф. Синтетикалық каучукты өңдеуші, 3-разряд
78. Жұмыс сипаттамасы:
синтетикалық каучукты троспен, қолдан немесе тельфермен кесу;
каучукты шығару үшін сөрелер мен алаңдарды дайындау;
металл тростарды салу;
кесілген каучук бөлшектерін салу;
каучук бөлшектерін партиясы бойынша таңбалау.
79. Білуге тиіс:
каучуктың қызметі мен негізгі қасиеттері;
тельферлер мен көлік құралдарының құрылымы;
каучукты кесудің қағидалары мен әдістері.
39-парагарф. Сілтілі металдарды диспергирлеу аппаратшысы, 3-разряд
80. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басқаруымен жұмыс нұсқаулығына сәйкес диспергаторларда сілтілі металдарды диспергирлеу процесін жүргізу;
ыдыс тығынын алу, сілтілі металл мен парафиннің аспаларын дайындау, аспалар мен басқа құрам бөліктерді диспергаторға салу, электрожылытқыштармен балқыту, балқытылған қоспаны араластыру, ағызу, дисперсияны салқындату, алынған брикеттерді парафиндеу, екі дисперсияларды араластыру;
бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша мөлшерлеп өлшеуді, температураны реттеу;
жабдықтар мен коммуникациялар жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
шикізат, алынған дисперсия шығындарын есептеу;
өндірістік журналда көрсеткіштерді жазу.
81. Білуге тиіс:
дисперсияны алудың технологиялық процесі;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі;
арматура мен коммуникациялар схемасы;
сілтілі металдар, парафин, дисперсияның физикалық-химиялық қасиеттері;
технологиялық процесті реттеудің мәні.
40-параграф. Сілтілі металдарды диспергирлеу аппаратшысы, 4-разряд
82. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс нұсқаулығына сәйкес диспергаторларда сілтілі металдарды диспергирлеу процесін жүргізу;
учаскенің барлық жабдықтарының жұмысы мен күйін бақылау;
бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша технологиялық регламент, сілтілі металдар мен парафиннің балқу температурасын бақылау;
технологиялық режим нормаларынан ауытқулар себептерінің алдын алу және жою, жабдықтар мен коммуникациялар жұмысындағы ақауларды жою;
диспергаторлар, араластырғыштар, электромоторлар мен басқа қызмет көрсетілетін жабдықтарды қосу, тоқтату;
мөлшерлеп өлшенетін құрам бөліктерді есептеу;
қол астындағы жұмысшыларға басшылық ету.
83. Білуге тиіс:
дисперсияны алудың учаскесінің технологиялық процесі мен схемасы;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы;
технологиялық процесті реттеу қағидалары;
мөлшерлеп өлшенетін құрам бөліктерді есептеудің әдістемесі;
технологиялық регламенттің қағидалары мен бақылау әдістері.
41-параграф. Фторлы борды бөлу аппаратшысы, 4-разряд
84. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс нұсқаулығына сәйкес фторлы бордың бөлінуінің технологиялық процесінің жеке операцияларын жүргізу;
олеумды қабылдау, ыдыстарға салу, салмағын өлшеу және реакторға жіберу;
бор ангидридін, калий тетрафторборатын реакторға салу;
фторлы борды қыздыру, бөлу;
құрғату және полимеризация бөліміне ағызу;
реакциялық массаны бейтараптау;
өңделген сілтіні кәрізге ағызу;
стабилизаторды дайындау;
бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша мөлшерлеп өлшеуді, температураны реттеу;
жабдық, коммуникациялар жұмысындағы ақауларды жою;
шикізат, алынған өнімді есептеу;
өндірістік журналда көрсеткіштерді жазу;
сынамаларды алу.
85. Білуге тиіс:
фторлы бордың бөлінуінің процесінің технологиялық схемасы;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі;
жұмыс орнындағы арматура мен коммуникациялар схемасы;
олеум, бор ангидриді, калий тетрафторбораты, фторлы бор, сілтінің физика-химиялық қасиеттері;
технологиялық процесті реттеу қағидалары;
сынамаларды алу қағидалары.
42-параграф. Фторлы борды бөлу аппаратшысы, 5-разряд
86. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс нұсқаулығына сәйкес фторлы бордың бөлінуінің технологиялық процесін жүргізу;
фторлы борды алу бойынша барлық жабдықтардың жұмысы мен күйін бақылау;
технологиялық регламенттің сақталуы, күкірт қышқылында бор ангидрид ерітіндісін дайындауды, бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика құралдарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша реакциялық массаны бейтараптауды, өнімнің шығуы мен сапасын бақылау;
технологиялық режим нормаларынан ауытқулар себептерінің алдын алу және жою, жабдық, коммуникациялар жұмысындағы ақауларды жою;
реакторлар мен басқа да қызмет көрсетілетін жабдықтарды қосу, тоқтату;
мөлшерлеп өлшенетін құрамдас бөліктерді есептеу;
қол астындағы жұмысшыларға басшылық ету.
87. Білуге тиіс:
фторлы бордың бөлінуінің технологиялық процесі мен учаске схемасы;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы;
арматура мен коммуникациялар схемасы, олеум, бор ангидриді, калий тетрафторбораты, фторлы бор, сілтінің физикалық-химиялық қасиеттері;
технологиялық процестің мәні және реттеу қағидалары.
43-параграф. Хемосорбция аппаратшысы, 5-разряд
88. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс нұсқаулығына сәйкес дивинил хемосорбциясының технологиялық процесін жүргізу;
көмірсутектік фракцияларды, дивинилді қабылдау, салқындату, жұту ерітіндісімен дивинилді жұту, жұту ерітіндісін алдын ала десорбциялау, көмірсутектік фракцияларды аммиактан жуу, жұту ерітіндісін қыздыру;
бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика құралдарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша дивинил температурасын, жұту ерітіндісін, дивинилдің жұтылуын, қысымын бақылау;
жабдықтар мен коммуникациялар жұмысындағы ақауларды жою;
жұмыс орнында тоңазытқыштар, абсорбциялық бағаналар, конденсаторлар, дивинил қыздырғыштары, ыдыстар мен басқа жабдықтарға қызмет көрсету;
сынамаларды алу;
дивинил, жұту ерітіндісінің шығындарын есептеу;
өндірістік журналға жазу.
89. Білуге тиіс:
дивинилдің хемосорбциялануының технологиялық схемасы;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының құрылымы;
арматура мен коммуникациялар схемасы;
мыс аммиак тұздар ерітіндісі немесе ацетонның аммиакты ерітіндісі, дивинилдің физикалық-химиялық қасиеттері;
технологиялық процесті реттеу қағидалары;
сынамаларды алу тәртібі.
44-параграф. Хемосорбция аппаратшысы, 6-разряд
90. Жұмыс сипаттамасы:
живинил концентрациясы барлық жабдықтарының жұмысы мен күйін жұмыс нұсқаулығына сәйкес дивинил хемосорбциясының технологиялық процесін жүргізу;
бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика құралдарының көмегімен орталық сауыттан және химиялық талдау нәтижелері бойынша сіңіргіш ерітіндінің дайындылуының технологиялық регламентін, мыс аммиак тұздары мен ацетонның аммиакты ерітіндісімен дивинил хемосорбциялануын, қаныққан сіңіру ерітіндісінен дивинилді десорбциялау, дивинил-концентратты ректификациялауды бақылау;
технологиялық режим нормаларынан ауытқу себептерінің алдын алу және жою, жабдықтар мен коммуникациялар жұмысындағы ақауларды жою;
абсорбциялық, реакциялық, ректификациялық, десорбциялық, жуу бағаналары мен учаскенің басқа да жабдықтарын қосу, тоқтату;
қызмет көрсетілетін учаскедегі барлық мамандық жұмысшыларына басшылық ету;
шикізат пен дивинил-концентраттың шығарылуын есептеу;
қорытынды талдаулар жасау.
91. Білуге тиіс:
дивинил-концентратты алу учаскесінің технологиялық схемасы;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының кинематикалық схемалары;
дивинилдің физикалық-химиялық қасиеттері;
технологиялық процесс және технологиялық процесті реттеу қағидалары;
талдаулар әдістемесі.
3-тарау. Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші
92. Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші (30-шығарылым) БТБА-ға қосымшада көрсетілген.
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына (30-шығарылым) қосымша |
Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші
Р/с № | Кәсіп атаулары | Разрядтар диапазоны | Беті |
1. | Ацетофенді бөлу аппаратшысы | 4-5 | 3 |
2. | Балансты қондырғылар аппаратшысы | 4 | 5 |
3. | Вакуум қабылдағыштардың аппаратшысы | 3-4 | 5 |
4. | Гидрохлорлау аппаратшысы | 4-6 | 7 |
5. | Деаэрация аппаратшысы | 4 | 9 |
6. | Димеризация аппаратшысы | 4-5 | 9 |
7. | Диспропорциялау аппаратшысы | 4-5 | 11 |
8. | Жалған бутиленді бөлу аппаратшысы | 4 | 12 |
9. | Карбинолды бөлу аппаратшысы | 4-5 | 13 |
10. | Күкіртті бөлу аппаратшысы | 4-5 | 14 |
11. | Қыздыру аппаратшысы | 4 | 15 |
12. | Майларды ұстау аппаратшысы | 3 | 16 |
13. | Натрилі болванкаларды құюшы | 3 | 17 |
14. | Натрилі болванкаларды өңдеуші | 3 | 17 |
15. | Полимер блоктарын шығару | 2-4 | 18 |
16. | Полимеризацияланған инвентарьды жинаушы | 3-4 | 20 |
17. | Полимеризацияланған инвентарьды жөндеуші | 3-4 | 21 |
18. | Полимеризацияланған стакандарды тазартушы | 2 | 21 |
19. | Сабынды желімді дайындау аппаратшысы | 3-4 | 22 |
20. | Синтетикалық каучукты қалыптау аппаратшысы | 3; 5 | 23 |
21. | Синтетикалық каучукты кептіру операторы | 6 | 24 |
22. | Синтетикалық каучукты өңдеуші | 1-3 | 25 |
23. | Сілтілі металдарды диспергирлеу аппаратшысы | 3-4 | 26 |
24. | Фторлы борды бөлу аппаратшысы | 4-5 | 27 |
25. | Хемосорбция аппаратшысы | 5-6 | 28 |