"Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 105 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 наурызда № 20153 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3) алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 15.02.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.09.2022 № 819 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 15.02.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінің
2020 жылғы 19 наурыздағы
№ 105 бұйрығына
қосымша

"Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 15.02.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) арыз – әкімшілік рәсімге қатысушының өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін немесе басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға жәрдемдесу туралы өтінішхаты қамтылған жолданым нысандарының бірі;

      3) арыз иесі – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданым берген адам, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) адам (әкімшілік актінің адресаты);

      4) әкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;

      5) әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;

      6) әкімшілік рәсім – әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет;

      7) әкімшілік іс – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру барысы мен нәтижелерін және (немесе) сотта жария-құқықтық даудың қаралуын тіркеп-бекітетін материалдар;

      8) бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      10) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын тізбе;

      11) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу (бұдан әрі – аккредитация) – ұжымдық басқару салаларында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың заңды құқықтарын уәкілетті органның ресми тану рәсімі;

      12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандардың жинағы;

      13) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2022 № 819 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 15.02.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Аккредиттеу жүргізу мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі он бес жұмыс күні.

      Мемлекеттік қызметті алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде аккредиттеуді алу үшін өтінішті жібереді.

      Өтініш аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында құжаттарды қабылдау басталғанға дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей орналастырылады;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес аккредиттеуден өту үшін мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым ұсынатын мәліметтер нысанын жібереді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 21.06.2023 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Аккредиттеуді мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – аккредиттеу жөніндегі комиссия) қорытындысы негізінде көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

      Аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы ережені көрсетілетін қызметті беруші бекітеді.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) берілген.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2022 № 819 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы тиісінше ресімдемеген не құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкестендіру мерзімі екі жұмыс күнін құрайды, егер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оларды талаптарға сәйкес келтірмесе, онда көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ұсынылған құжаттардың Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесіне сәйкес толықтығы мен сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері оларды аккредиттеу жөніндегі комиссияның қарауына береді.

      Аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші комиссияның хаттама түрінде ресімделген шешімін жариялайды. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімі шығарылған кезде көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау үшін мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары бір жұмыс күні ішінде куәлікке немесе аккредиттеуден бас тартуға қол қояды.

      Оң қорытынды болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4 - қосымшаға сәйкес бес жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлікті береді

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 21.06.2023 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттарды ұсынбау;

      2) ұсынылған құжаттарда қамтылған мәлiметтердің толық болмауы;

      3) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылу;

      4) ұйымның "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 46-бабында көзделген міндеттерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші ұйымның Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына байланысты аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, ұйым Заңның 43-бабының 3-тармағында белгіленген ұжымдық басқару салаларындағы қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті беруші аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жыл ішінде алуға құқылы емес.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 725 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасаған лауазымды тұлғаға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.06.2021 № 547 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші нәтижелерге сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

      15-1. Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде уәкілетті орган "электрондық үкіметтің" ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жолдайды.

      Ескерту. Қағида 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 15.02.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Мүліктік құқықтарды
ұжымдық негізде басқаратын
ұйымдарды аккредиттеу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
____________________________
басшының аты-жөні, тегі (бар
болғанда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
____________________________
(ұйым атауы, қызметі,
басшының Т.А.Ә.)
Деректемелері: _____________
(заңды мекенжайы,
байланыс телефоны)

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініш

      Бірлестік мүшелерінің атынан "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабының тәртібімен аккредиттеуді сұраймын:

      _________________________________________________________

      (ұйымның орналасқан мекенжайы)

      орналасқан, тіркеу нөмірі ____________________________________________________

      (заңды тұлғаның тіркелу нөмірі)

      БСН:______________________________________________________________

      (бар болғанда) (бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________

      (мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның толық атауы)

      ұжымдық басқарудың мына саласында: ________________________________________

      ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

      43-бабының 3 тармағына сәйкес)

      Өтінішке қосымша мынадай құжаттар қоса беріледі:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен

      қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

  "Мүліктік құқықтарды
ұжымдық негізде басқаратын
ұйымдарды аккредиттеу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2022 № 819 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.06.2021 № 547 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.09.2022 № 819 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.06.2023 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі 15 жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес бес жыл мерзімге берілетін аккредиттеу туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Қызмет көрсету нәтижесінің нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін және заңды тұлғаларға көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары www.egov.kz, www.elicense.kz порталдарында орналастырылған.
Веб-портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске және Заңға сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) аккредиттеуден өту туралы жалпы жиналыс шешімінің электрондық көшірмесі;
3) ұйымның ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымдармен жасасқан екiжақты және көпжақты келiсiмдерiнің электрондық көшірмесі;
4) жалпы жиналыстың сыйақы мөлшеріне қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;
5) жалпы жиналыстың пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу талаптарына қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;
6) жалпы жиналыстың жиналған сыйақыны бөлу және төлеу тәсіліне қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;
7) авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері құқық иеленушілерінің көрсетілетін қызметті алушыға қатысты пікірлерінің электрондық көшірмесі;
8) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып жауап жібереді:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттарды ұсынбау;
2) ұсынылған құжаттарда қамтылған мәлiметтердің толық болмауы;
3) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылу;
4) ұйымның "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 46-бабында көзделген міндеттерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындауы.
Көрсетілетін қызметті беруші ұйымның Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына байланысты аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, ұйым Заңның 43-бабының 3-тармағында белгіленген ұжымдық басқару салаларындағы қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті беруші аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жыл ішінде алуға құқылы емес.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары уәкілетті органның www.adilet.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары:
8 (7172) 74-07-54, 74-06-19. Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Мүліктік құқықтарды
ұжымдық негізде басқаратын
ұйымдарды аккредиттеу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Мәліметтер нысаны

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын мәліметтер

      1. Авторлық құқықтарды және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару үшін жасасқан

      қолданыстағы шарттардың саны _______________________;

      2. Авторлық құқық және сабақтас құқық объектілерін пайдаланушылармен жасасқан

      қолданыстағы шарттардың саны ___________;

      3. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым мүшелерінің тізімі

      _________________________________________________;

      4. Құқық иелері мен пайдаланушылар үшін қажетті Қазақстанның өңірлерінде осындай

      ұйымның атынан уәкілеттігі бар тұлғалар туралы мәліметтер

      ________________________________________________________;

      5. Интернет-ресурсының бар болуы туралы мәліметтер ______________;

      6. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы мүліктік құқықтарды

      ұжымдық негізде басқаратын ұйымның соңғы екі жылдағы қызметін тексеру туралы

      мәліметтер __________________________________.

  "Мүліктік құқықтарды
ұжымдық негізде басқаратын
ұйымдарды аккредиттеу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
4-қосымша











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады