"Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 наурызда № 20175 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 7 маусымдағы № 277 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 07.06.2021 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 23) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2009 жылғы 8 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтамаға 3-қосымша алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 18 наурыздағы
№ 112 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 12 маусымдағы
N 289 бұйрығымен
бекітілді
  нысан

Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама Қазақстан Республикасы Қазақстанның Елтаңбасы Анықтама

      ___________________________________________________________________ берілді.

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Ол 20___жылғы "___"___________ 20____ жылғы "___"_____________ дейін

      ________________________________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы, орналасқан жері,

      ________________________________________________________________________________

      мамандығы, оқу түрі)

      ________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________ оқыды.

      _______________________________________________________________ білім алған кезінде

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      мынадай пәндерді (оқу пәндері) оқыды, сынақтар мен емтихандар тапсырды, төменде

      көрсетілген 1, 2- сәйкес:

      1 - орта білім;

      2 - техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім жылдық (қорытынды) бағалар

      алды.

      Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________ __________

                                          (Т.А.Ә.)                               (қолы)

      М.О.

      Тіркеу нөмірі ________             Берілген күні 20____ ж. "____" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады