"Ішкі және аралас "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 17 наурыздағы № 143 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20206 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі және аралас "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 213 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6969 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 маусымда "Заң газеті" газетінің № 87 (1903) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі және аралас "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Техникалық құжаттаманы қарау және келісу тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Техникалық бақылау";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кеме иесі Кеме қатынасы тіркеліміне өтінім берген жағдайда сондай-ақ осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілмеген кемелерге қатысты сыныптамалық қызметті жүзеге асырады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Кеме қатынасы тіркелімімен жүзеге асырылатын техникалық бақылау объектілерінің номенклатурасы осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес белгіленеді және әрбір жағдайда, өндірістің нақты жағдайын ескере отырып, шарт жасау кезінде нақтылауға жатады.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Техникалық есепке қою, күәландыру және сыныпты тағайындау тәртібі";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын::

      "30. Кеме қатынасы тіркелімі қызметкеріне техникалық есепке қою үшін кемені тіркеу орны бойынша кеме иесі ұсынатың кемені қажет құжаттар:

      1) кеме иесінің өтініш;

      2) дайындаушы - зауыт берген, кеменің паспорты (жаңадан жасалған кемелер үшін түпнұсқа және көшірме);

      3) орнықтылығы және суға батпайтындығы туралы ақпарат (егер кеме Кеме қатынасы тіркелімінің бақылауынсыз жасалса);

      4) кеменің меншік құқығын растайтын құжат (түпнұсқа және көшірме);

      5) сыныптау куәлігі (түпнұсқа және көшірме);

      6) жүзуге жарамдылығы туралы куәлік немесе кеменің жүзуге жарамдылығын растайтын, егер мұндай белгі құжат нысанында көзделсе, есептен шығарылғаны туралы белгісі бар өзге де құжат (түпнұсқа);

      7) жолаушылар куәлігі (жолаушылар кемелері үшін түпнұсқа және көшірме);

      8) куәландыру актісі (түпнұсқалар және көшірмелер).";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Техникалық бақылаусыз жасалған кемені техникалық есепке қою үшін қажетті құжаттар:

      1) кеме атауы, болжамды жүзу ауданы көрсетілген кеме иесінің өтініші;

      2) кеменің меншік құқығын растайтын құжаттар (түпнұсқа және көшірме);

      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6871 болып тіркелген) бекітілген Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 137 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6883 болып тіркелген) бекітілген Аралас "өзең-теңіз" суларында жүзетін кемелерді жасау қағидасының талаптарына кеменің сәйкестігін талдау (бұдан әрі - Кеме сәйкестігін талдау).";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Басқа сыныптамалық органның бақылауымен жасалған кемелерді техникалық есепке қою кезінде осы Қағиданың 30-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық есебінен кемені шығару мынадай жағдайда жүргізіледі:

      1) шығысқа жазылған кезде;

      2) Кеме қатынасы тіркелінің басқа жұмыскер қызметінің ауданында жаңа тіркеу портына көшірілген кезде;

      3) басқа сыныптау қоғамының сыныбына ауысқан кезде;

      4) кеме иесінің негізді сұранысы жоқ болып, кеме екі жылдан артық мезгілде куәландыруға ұсынылмаған жағдайда.";

      мынадай мазмұндағы 42-1 - тармақпен толықтырылсын:

      "42-1. Кеме иесі ауысқан кезде, кеме иесі ауысқанда, кемені жаңғырту немесе жаңарту оның типі және белгісі өзгеруімен, кемені жаңғырту немесе жаңарту бір өңірлік жұмыскерінің аумағында бұрын пайдаланылған кеме элементін қолданумен, кеме техникалық есептен шығарылмайды.

      Бір өнірлік жұмыскердің аумағында кеме иесі ауысқан жағдайда бұрынғы және жаңа кеме иесі Кеме қатынасы тіркеліміне бұл туралы жазбаша түрде хабардар етеді, бұл ретте сыныптау куәлігі ауыстырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Индустрия
және инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады