"Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20212 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.07.2023 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -
Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсіп

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының ұлттық

      экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қаржы министрінің
2020 жылғы 30 наурызы
№ 336 бұйрығымен
бекітілген

"Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес аудиторлық қызмет саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органмен (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) әзірленген аудиторлық ұйымдардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) аудиторлық қызметін лицензиялау тәртібін көрсетеді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.07.2023 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz, "электрондық үкімет" веб-порталы" (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мынадай кіші түрлерін қамтиды: аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру және аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.07.2023 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Процесстің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес баяндалған.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі порталға жолданады және көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

      5. Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма - қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ веб-портал арқылы төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      Көрсетілетін қызметті алушылар лицензия алу үшін осы Қағидалардың 8-тармағы 1-қосымшасында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін заңды тұлғаның өтініші, өтініш беруші туралы мәліметтер және лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші нысандары осы Қағидалардың 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес ұсынылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.07.2023 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, оның ішінде Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.07.2023 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде электрондық пошта арқылы бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жіберу арқылы "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (операторды) хабардар етеді sd@nitec.kz Мемлекеттік қызметтің атауы, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды, немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі (УИНЗ), әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды, немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі (УИНЗ), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)), немесе авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате туындаған сәтке дейін қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН).

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:

      Лицензия беру кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы жөніндегі басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің аудиторлық қызмет саласындағы тиісті басқармасына береді - бір жұмыс күні ішінде;

      2) орындаушы берілген құжаттардың толықтығын осы Қағидалардың 8-тармағы 1-қосымшасына сәйкес тексереді - бір жұмыс күні ішінде;

      3) орындаушының электрондық сұрау салуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - ҚСжАЕК) ақпараттық сервисіне Жолдауы және оған аудиторлық қызметпен айналысуға және лицензия алуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімдеріне қатысты көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мәліметтер туралы жауап алуы - бір жұмыс күні ішінде;

      4) орындаушының ұсынылған құжаттардың мазмұнын қарауы, дайындауы аудиторлық қызмет саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасы басшысымен қорытынды жобасын, лицензия беру туралы бұйрық жобасын келісу, сондай - ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру - бір жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеу кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы жөніндегі басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің аудиторлық қызмет саласындағы тиісті басқармасына береді - бір жұмыс күні ішінде;

      2) орындаушының осы Қағидалардың 1-қосымша 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қарауы, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындының жобасын және "лицензияны қайта ресімдеу туралы" бұйрық жобасын дайындауы және аудиторлық қызмет саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен келісуі, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті беруші басшысының бекітуі және тіркеуі немесе лицензияны қайта ресімдеуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және қайта ресімделген лицензияны беру немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау - екі жұмыс күні ішінде;

      заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны қайта рәсімдеу кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы жөніндегі басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің аудиторлық қызмет саласындағы тиісті басқармасына береді - бір жұмыс күні ішінде;

      2) орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын осы Қағидалардың 8-тармағы 1-қосымшасына сәйкес тексереді-бір жұмыс күні ішінде;

      3) орындаушының ҚСжАЕК ақпараттық сервисіне электрондық сұрау салуды жіберуі және оған аудиторлық қызметпен айналысуға және лицензия алуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімдеріне қатысты көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мәліметтер туралы жауап алуы - бір жұмыс күні ішінде;

      4) орындаушының ұсынылған құжаттардың мазмұнын қарауы, дайындауы аудиторлық қызмет саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен қорытынды жобасын, лицензияны қайта ресімдеу туралы бұйрық жобасын келісу, сондай - ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау - бір жұмыс күні ішінде;

      лицензияның телнұсқасын беру кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы жөніндегі басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің аудиторлық қызмет саласындағы тиісті басқармасына береді - бір жұмыс күні ішінде;

      2) орындаушы ұсынылған құжаттардың мазмұнын қарайды және лицензияны басып шығарады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ - мен куәландырады және лицензияның телнұсқасын береді - бір жұмыс күні ішінде.

      9-1. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.07.2023 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.07.2023 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Аудиторлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
1-қосымша

"Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – негізгі талаптар тізбесі)

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.07.2023 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
1. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;
2. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу.

1

Қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметтің көрсетілуі тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алу: "Электрондық үкіметтің" веб-порталдары www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімі

лицензия беру – 4 (төрт) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні; заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару, бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны қайта ресімдеу - 4 (төрт) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәсілі

Электрондық (ішінара автоматтандырылған):

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру және қайта ресімдеу осы негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

6

Көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтің көрсетілуінен алынатын және Қазақстан Республикасының заңнамасында ескерілген жағдайлардан ақы алу тәсілдерінің төлем құны.

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді.):
1) аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым – 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым –лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 % - ын құрайды.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) бірыңғай байланыс орталығы – күн сайын сағат 9.00- ден 21.00-ге дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар тізбесі

1) лицензия алу үшін: лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияға қосымша.
"Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат. Аудиторлық қызметпен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы деректерді автоматты режимде алу мүмкіндігі болған жағдайда, осы құжатты ұсыну талап етілмейді;
осы Қағидалардың 3-қосымшасында көзделген өтініш беруші туралы мәліметтер;
басшының және аудиторлардың біліктілік куәліктерін беру туралы мәліметтер нысаны. Шетелдік ұйым (шетелдік ұйымдар) Қазақстан Республикасының резиденті-аудиторлық ұйымды құрған кезде, жоғарыда аталған құжаттардан басқа, шетелдік аудиторлық ұйым өзінің мәртебесін растау үшін: елдің кәсіби аудиторлық ұйымы беретін аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы аудармасымен нотариалдық куәландырылған хаттың электрондық көшірмесі және шетелдiк аудиторлық ұйымның мәртебесiн растайтын Халықаралық бухгалтерлер федерациясындағы кәсiби аудиторлық ұйымның мүшелiгі туралы құжаттың электрондық көшірмесі немесе өзi резидентi болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы аудармасымен нотариалдық куәландырылған хаттың электрондық көшірмесі не нотариалдық куәландырылған лицензияның көшiрмесi;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін: қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияға қосымша. ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат. Аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы деректерді автоматты режимде алу мүмкін болмаған жағдайда осы құжатты ұсыну талап етілмейді; қайта ресімдеу үшін негіздеме растайтын құжат (құрылтайшылар шешімі).

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бастартудың негіздері

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5) сот орындаушысының ұсыныуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып мемлеккеттен қойылатын өзге талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинет", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған www.gov.kz.

  "Аудиторлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
2-қосымша
  Нысаны

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін заңды тұлғаның өтініші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес - сәйкестендіру нөмірі болмаған

      жағдайда-шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны жүзеге асыру

      ________________________________________________________________________________

      (Қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің (-лері) толық атауы көрсетілсін жүзеге

      асыруға лицензияны және(немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта (лицензияны

      қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекен-жайы _______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ((шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық пошта ______________________________________________________________

      Телефондары ____________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      Банк шоты ______________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы)

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат

      (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      __________ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      Көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері

      бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға

      сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық

      жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қол жетімділігі шектеулі дербес

      деректерді пайдалануға келісімін береді;

      өтініш беруші Мемлекеттік корпорация қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлық

      қолтаңбамен растауына келіседі (Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда).

      Басшы __________________________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  "Аудиторлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
3-қосымша
  Нысаны

Өтініш беруші туралы мәліметтер

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.07.2023 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Кәсіпорынның мөлшерлігі:

шағын

х

орта

х

ірі

х

Қызметті растау

Қызмет түрлері "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес келетінін растаймын

х

      (тиісті жолққа х белгісі қойылады)

Басшы мәліметтерінің нысаны

      Аудитор ретіндегі аудиторлық ұйымдардағы басшының қызметі туралы мәліметтер

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ___________________

      Басшының жеке сәйкестендіру нөмірі ________________

Жұмыс орны

Лауазымы

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың күні

Алдыңғы жұмыс орнының ұйымның атауы

Алдыңғы жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі

Алдыңғы жұмыстан босату туралы бұйрықтың күні

1

2

3

4

5

6

7

8









"Аудитор" біліктілік куәлігі туралы басшының мәліметтері

Куәліктің берілген күні

Куәлік нөмірі

"Аудитор" біліктілігін берген ұйымның атауы

1

2

3

4





Аудиторлар мәліметтердің нысаны Аудитор ретінде аудиторлық ұйымдардағы аудитордың қызметі туралы мәліметтер

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Аудитордың тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда)

Жұмыс орны

Лауазымы

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың күні

Алдыңғы жұмыс орнынан ұйымның атауы

Алдыңғы жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі

Алдыңғы жұмыстан босату туралы бұйрықтың күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











"Аудитор" біліктілік куәліктері туралы аудиторлардың мәліметтері

Куәліктің берілген күні

Куәліктің нөмірі

"Аудитор" біліктілігін берген ұйымның атауы

1

2

3

4





  "Аудиторлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
Мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
4-қосымша
  Нысаны

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның БСН болмаған жағдайда - шетелдік заңды

      тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес - сәйкестендіру нөмірі)

      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) қайта ресімдеуді сұраймын

      (керегінің астын сызу) № __________ бастап "___" _________ 20___ жыл берілген),

      ________________________ (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(-лардың)

      нөмірі (- лері), берілген күні,

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (- ларды) берген лицензиардың атауы)

      Жүзеге асыруға __________________________________________________________________

      (Қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауы) мынадай негіз(-дер)

      бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) заңды тұлға-лицензиатты "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы

      16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - заң) 34-бабында айқындалған

      тәртіпке сәйкес (тиісті жолға х қою қажет):

      бірігу ____

      қайта құру ____

      қосылу ____

      жеке шығу ____

      бөліну ____

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ___________________________________________

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі _______________________________

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"

      Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші

      тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "обьектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша

      берілген лицензияны иеліктен шығаруы ______________________________________________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе,

      лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, обьект нақты көшірілмей оның

      орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу туралы талап болған жағдайларда

      ________________________________________________________________________________

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі _____________________________________________________

      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ______________________________________________

      қағаз тасығышта _____ (қағаз тасығышта лицензия алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)

      Заңды тұлғаның мекенжайы ________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін - елі, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық пошта ______________________________________________________________

      Телефондары ____________________________________________________________________

      Факс___________________________________________________________________________

      Банк шоты ______________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат(стационарлық үй-жай) нөмірі)

      ________парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері

      бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға

      сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатындығы расталады;

      өтініш беруші заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қол жетімділігі шектеулі дербес

      деректерді пайдалануға келіседі,

      лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылғаны;

      өтініш беруші Мемлекеттік корпорация қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлық

      қолтаңбамен растауына келіседі (Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда).

      Басшы _______ __________________________________________________________________

      (қолы)                  (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: "__" __________ 20__ жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады