"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20266 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 22 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 12717 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарына мониторинг жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында:

      128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "128. Жекеше әріптесті тікелей келіссөздер негізінде айқындау мынадай:

      МЖӘ жобасына өзінің меншік құқығындағы немесе ұзақ мерзімді жалға алынған объектіге қатысты әлеуетті жекеше әріптес бастамашылық жасаған;

      МЖӘ жобасы әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды іске асырумен ажырамас байланыста болатын;

      МЖӘ жобасына әлеуетті жекеше әріптес меншік немесе ұзақ мерзімді жалға алу құқығындағы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және облыстарда орналасқан тұрғын үй салу үшін объектілерге/жер учаскелеріне қатысты бастамашылық еткен және жоба бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама болған кезде және жер учаскесін кепіл, аяқталмаған құрылыс және жобалау-сметалық құжаттама түрінде қамтамасыз етуді ұсынуға келісім болған жағдайларда жүзеге асырылады.";

      131-тармақтың бірінші және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "131. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім берілген уәкілетті тұлға оның түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде немесе 3 (үш) жұмыс күні ішінде, егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса:

      түскен өтінім шеңберінде тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге нақты қажеттілікті көрсете отырып, жобаның техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобаларға жататынын көрсетумен, МЖӘ жобасын іске асырудың қажеттігін;

      таңдап алынған жекеше әріптесті айқындау тәсілінің негізділігін;

      "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) сәйкес МЖӘ жобасының өлшемшарттарына сәйкестігін айқындайды.

      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімді қарау қорытындылары бойынша уәкілетті тұлға қорытындыны дайындау кезінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде немесе 1 (бір) жұмыс күні ішінде, егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға не ол уәкілеттік берген тұлға қол қойған, МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптеске жіберілетін қорытындыны дайындайды.";

      132 және 133 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "132. Уәкілетті тұлғаның қорытындысында МЖӘ жобасын іске асыру қажеттігі айқындалған жағдайда, уәкілетті тұлға (тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы) қорытындыны дайындаған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде немесе 1 (бір) жұмыс күні ішінде, егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, әлеуетті жекеше әріптестің Заңның 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында біліктілік іріктеу жүргізеді.

      133. Уәкілетті тұлға жоспарланған МЖӘ жобасы туралы қысқаша ақпаратты, әлеуетті жекеше әріптестердің оны іске асыруға мүдделілігі туралы баламалы ұсыныстарды ұсыну талаптарын көрсете отырып, өзінің ресми интернет-ресурсында, Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында (біреуден кем емес), МЖӘ дамыту орталығының интернет-ресурсында, егер жоба "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020 - 2025 мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды көздесе, күнтізбелік 10 (он) күннен кем емес мерзімде орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Егер жоба "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020 - 2025 мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды көздесе, күнтізбелік 10 (он) күннен кем емес мерзімде қосымша ақпартты өзге де интернет-ресурстарда және мерзімді баспасөз басылымдарында. орналастыруға жол беріледі.";

      136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "136. Әлеуетті жекеше әріптестер Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында хабарлама алғашқы жарияланған күннен бастап есептелетін келесі мерзім ішінде балама ұсыныстарды жазбаша нысанда ұсынады:

      техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша - күнтізбелік 60 (алпыс) күн;

      қалған жобалар бойынша - күнтізбелік 30 (отыз) күн немесе жоба "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020 - 2025 мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды көздесе, күнтізбелік 10 (он) күн.

      Егер белгіленген мерзім ішінде балама ұсыныстар келіп түспеген жағдайда не келіп түскен барлық балама ұсыныстар осы Қағидалардың 135-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы көрсетілген мерзімдер өткен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған және біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жекеше әріптесті оны тікелей келіссөздерге қатысушы деп тану туралы хабардар етеді.";

      141 және 142-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "141. МЖӘ жобасына бизнес-жоспар тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының немесе оны алмастыратын тұлғасы, МЖӘ жобаға бастамашы болған әлеуетті жекеше әріптестің, сондай-ақ мүдделі тұлғалардың бірінші басшысы қол қояды.

      МЖӘ жобасына бизнес-жоспар, сондай-ақ оған қоса берілетін қосымшалар мен материалдар (соңғы беттің сырт жағы тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының мөрімен куәландырылады және бет саны көрсетіледі) тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы мынадай келісулер мен сараптамалардан өтеді:

      1) жоба табиғи монополиялар салаларына тиесілі болған жағдайда, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен МЖӘ жобасына бизнес-жоспрады енгізген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде келісу.

      Бұл ретте табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган инвестициялық бағдарламаны және мыналарды айқындайтын МЖӘ шартының ережелерін:

      тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) қосылатын шығындарды қалыптастыруды;

      шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары шегінде шығыстар баптарын, сондай-ақ нормативтік техникалық шығындарды қалыптастыруды;

      тарифті (баға, алым мөлшерлемесін) қалыптастыру кезінде есепке алынбайтын шығыстар тізбесін белгілеуді;

      инвестициялар көлемі және инвестицияланған капиталды қайтару тәртібін;

      тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін пайданы қалыптастыру мен шектеуді;

      негізгі құралдардың тозуын есептеу әдістерін қолдануды;

      объектіні пайдалану сапасының өлшемшарттарын;

      объектіні пайдалану сапасын айқындау тәртібін;

      үшінші тұлғаларға МЖӘ объектісін шектеулі мақсатты пайдалануды ұсынуды;

      объектілерге күрделі жөндеу жүргізуді немесе оларды жаңғыртуды қаржыландыру мерзімдері (кезеңдері) мен көздерін;

      тарифтерді қалыптастырумен және бекітумен байланысты жекеше әріптестің құқықтары мен міндеттерін;

      негізгі құралдарға және табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасында көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын пайдалану бағыттарына қайта бағалау жүргізуді;

      МЖӘ жобасы бойынша өндірілетін өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасын бақылауды жүзеге асыруды қоса алғанда, табиғи монополиялар салаларындағы қызметін бақылауды жүзеге асыруды келіседі.

      МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды келісу келісім туралы немесе әрбір қаралатын мәселе бойынша келіспеу себептерін немесе конкурстық құжаттаманы пысықтау бойынша талаптарды көрсете отырып, келіспеу туралы хат түрінде ресімделеді;

      2) тиісті саланың уәкілетті органының салалық сараптама жүргізуі.

      МЖӘ жобасына бизнес-жоспардың салалық сараптамасын осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салалық орталық мемлекеттік органдар (құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жергілікті МЖӘ жобалары бойынша не республикалық МЖӘ жобалары бойынша) не жергілікті салалық мемлекеттік органдар (жергілікті МЖӘ жобалары бойынша) енгізілген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде немесе жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      МЖӘ жобасы орындылығы, іске асыру мерзімдері, көлемі, құны және іске асыру тетігі, МЖӘ жобасы бойынша түпкілікті және тікелей нәтижелерге қол жеткізу бойынша танылған жағдайда оң салалық қорытынды, әйтпесе теріс салалық қорытынды дайындалады.

      МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде ол салалық сараптамаға жіберілуге тиіс.

      Салалық қорытындының әр парағына салалық орталық не жергілікті мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды және тиісті бұйрықты қоса бере отырып, салалық орталық не жергілікті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды.

      Салалық қорытынды тігілген түрде, нөмірленген беттерімен ұсынылады, соңғы беттің артқы жағы мемлекеттік органның мөрімен расталады және беттер саны көрсетіледі.

      Ақпараттандыру саласындағы МЖӘ жобалары бойынша МЖӘ жобасына бизнес-жоспарда көзделген технологиялық, техникалық шешімдердің, оның ішінде іске асыру кестесінің "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізіледі.

      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы МЖӘ жобалары бойынша МЖӘ жобасына бизнес-жоспарда көзделген технологиялық, техникалық шешімдердің, оның ішінде іске асыру кестесінің "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізіледі.

      Егер МЖӘ жобасы бірнеше салалық мемлекеттік органдардың жауапкершілік аясын қозғаған жағдайда көрсетілген салалық мемлекеттік органдар МЖӘ жобасына бизнес-жоспардың тиісті салалық сараптамалар қорытындыларын қосымша ұсынады;

      3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органның МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға қорытындыны МЖӘ дамыту орталығы не жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға жүргізетін сараптама негізінде дайындауы.

      Тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органға мынадай қосымшалармен:

      МЖӘ жобасына бизнес-жоспардың салалық сараптамасының оң қорытындысын (қорытындыларын);

      осы тармақта көзделген келісу нәтижелерін;

      ұсынылатын МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды жан-жақты және толық бағалау үшін қажетті өзге де материалдар мен мәліметтерді қоса жібереді.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті орган МЖӘ жобасына бизнес-жоспар мен материалдар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде немесе 1 (бір) жұмыс күні ішінде, егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, оларды МЖӘ дамыту орталығына немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын, сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғаларға жолдайды.

      142. МЖӘ жобасына бизнес-жоспарына сараптама техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша МЖӘ жобасына бизнес-жоспарын енгізген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде немесе 5 (бес) жұмыс күні ішінде, егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, жүзеге асырылады.

      Жобалардың қалғандары бойынша - МЖӘ жобасына бизнес-жоспарын енгізген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде немесе 5 (бес) жұмыс күні ішінде, егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, жүзеге асырылады.";

      149 және 150 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "149. МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптес тікелей келіссөздерді ұйымдастырушымен пысықтайды және тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының бірінші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен бекітіледі және оған барлық қажетті келісулер мен сараптамалардың нәтижелерін және Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның шешімдерін ескере отырып, МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптестің бірінші басшысы қол қояды. МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды пысықтаудың және бекітудің жалпы мерзімі барлық қажетті сараптамалар мен келісулерді алған сәттен бастап екі айдан аспайды.

      Бекітілген МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға сараптама өткізбей өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      Тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы МЖӘ жобасына бизнес-жоспар бекітілген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл жөнінде МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптесті хабардар етеді.

      МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптес хабарлама алған кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде немесе 1 (бір) жұмыс күні ішінде, егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, уәкілетті тұлғаға бекітілген МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға сәйкес әзірленген МЖӘ шартының жобасын ұсынады.

      МЖӘ шартының мазмұны Заңның 46-бабына сәйкес айқындалады.

      МЖӘ шартының жобасын ұсыну мерзімін ұзарту туралы шешімді тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия қабылдайды.

      150. МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптес енгізген МЖӘ шартының жобасы тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссиясының отырысына шығарылады.

      Келіссөздердің нәтижелері тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоятын және тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, 1 (бір) жұмыс күні ішінде бекітетін хаттамамен ресімделеді.";

      152 және 153 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "152. Бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган МЖӘ шартының жобасын, құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, ол түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіседі.

      153. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде МЖӘ шартының жобасын оны ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіседі.";

      156 және 157-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "156. Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссияның тікелей келіссөздердің нәтижелері туралы шешім қабылдау қорытындылары бойынша тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға (республикалық жобалар бойынша) немесе жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға (жергілікті жобалар бойынша) МЖӘ шарты жобасының келісулер нәтижелерін қоса бере отырып, МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін өтінім жолдайды, егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды.

      МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда, МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін тиісті бюджет комиссияларының қарауына шығару талап етілмейді.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тиісті хат ресімдей отырып, МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жоқ екендігін растайды.

      157. Әрбір жеке МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (ерекше маңызды жобалар бойынша) немесе мәслихат шешімінің жобасы (МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдауды көздейтін МЖӘ жобалары бойынша) тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі шығарылғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде, егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, 1 (бір) жұмыс күні ішінде әрбір қабылданған міндеттеменің көлемі туралы ақпаратты енгізе отырып, тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы (уәкілетті тұлға) әзірлейді және енгізеді.";

      162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "162. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің МЖӘ шартын, оның ішінде МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда, егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, 1 (бір) жұмыс күні ішінде шартты тіркеуі.

      МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда, МЖӘ шартын тіркеу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның (республикалық жобалар бойынша) не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның (жергілікті жобалар бойынша) МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жоқ екендігін растайтын хаты ұсынылған жағдайда, тиісті бюджет комиссиясының шешімінсіз жүзеге асырылады.";

      164-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "164. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды және МЖӘ дамыту орталығын жергілікті МЖӘ жобалары бойынша жасасқан МЖӘ шарттары туралы оны жасасқан кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттарында:

      4-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) жобасын жиынтығында ерекше маңызы бар МЖӘ жобасына жатқызу өлшемшарттары болып:

      1) МЖӘ объектісінің техникалық күрделілігі;*

      2) қоғамға бағытталуы (МЖӘ жобасын іске асыру арқылы қоғамдық мүддені қанағаттандыру);

      3) МЖӘ жобасын республикалық меншікке немесе республикалық маңызы бар қалада республикалық маңызы бар қалалардың және астанада орналасқан және/немесе осы МЖӘ жобаларын іске асырудан экономикалық пайда алушылар екі және одан көп облыстардың жеңіл рельсті көлік желілерін салу бойынша коммуналдық меншікке жататын объектілер (қолданыстағы немесе салынуы болжанатын) бойынша жоспарланады;

      4) МЖӘ объектісін құру, салу, реконструкциялау құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткіштен астам көрсеткішті құрайды.

      Ескертпе:

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында сәйкес МЖӘ объектісінің құрылысы техникалық күрделілігі жауапкершіліктің бірінші деңгейі – жоғарыға жатқызылатын жағдайда.

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Комиссияның құрамына мемлекеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті (жобаны іске асыру деңгейіне қарай) уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес өкілдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.";

      138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "138.Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия құрамына тиісті саланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық не жергілікті (жобаны іске асыру деңгейіне қарай) уәкілетті органдарының құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес өкілдері кіреді.

      Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия құрамына өзге де мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері кіруі мүмкін.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады