ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз
"Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы, "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.
2. "Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 274 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19851 болып тіркелген, 2020 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысымен бекітілген |
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы, "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
Ережеге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға есептік тіркелуге жатады.
3. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны есептік тіркеу Заңның 7-бабына және Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Есептік тіркеуден өту тәртібі
4. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) есептік тіркеуден өту үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші):
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынылған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша құрылтайшылар (қатысушылар) туралы, басшы қызметкерлер туралы, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет қатысатын кредиттік бюромен жасалған ақпарат беру жөніндегі шарт туралы мәліметтер ескерілген өтінішті;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитормен міндеттемелер арқылы байланысты үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлер туралы мәліметтерді;
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтерді ұсынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса берілген өтініш өтінішті беруге уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады және "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтінішті келіп түскен күні қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш келіп түскен және тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттардың болу фактісі белгіленген жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішпен жүгінген кезде порталда көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі белгіленген жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттарды 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.
Көрсетілетін қызметті алушыны коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізу туралы шешім қабылданған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде тіркеу нөмірін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыны коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізу туралы хабарламаның жобасын дайындайды, жауапты бөлімшенің басшысында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жібереді.
Коллекторлық агенттікті есептік тіркеуден бас тарту туралы негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға есептік тіркеуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетін уақыт және орын (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тыңдау қорытындылары бойынша уәкілетті орган есептік тіркеуден бас тарту туралы немесе көрсетілетін қызметті алушыны коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдайды.
Есептік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды, жауапты бөлімшенің басшысында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту Заңның 8-бабының 1-тармағында белгіленген негіздер бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Заңның 8-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қабылдайды.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 3 шілдеде № 8555 болып тіркелген) белгілеген тәртіпке сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде (көрсетілетін қызметті алушы электрондық түрде өтініш берген кезде) жаңартылады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның басшысы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған уәкілетті органға, лауазымды тұлғаға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым келтірілген уәкілетті орган, лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жолдайды.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым келтірілген уәкілетті орган, лауазымды тұлға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талапты толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 04.03.2022 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібінде шағымдана алады.
4-тарау. Коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу тәртібі
11. Уәкілетті орган Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коллекторлық агенттіктердің тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізеді.
Тізілім уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
12. Уәкілетті орган тізілімге коллекторлық агенттіктің тұрған жерi не атауы өзгерген жағдайларда Заңның 15-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұсынылған ақпаратты енгізеді.
13. Уәкілетті орган коллекторлық агенттікті Заңның 9-бабы 1-тармағында белгіленген негіздемелер бойынша тізілімнен алып тастайды.
14. Уәкілетті орган коллекторлық агенттікті тізілімнен алып тастаған күннен бастап күнтiзбелiк 7 (жеті) күн ішінде өтініште көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша хабарлама не коллекторлық агенттіктің тұрған жерiнің өзгергендігі туралы жазбаша хабарлама жібереді.
15. Коллекторлық агенттіктің құрылтайшылары (қатысушылары) туралы және (немесе) басшы қызметкерлері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, коллекторлық агенттік Қағидаларға 1-қосымшаның 2, 3 және 5-тармақтары бойынша, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитормен міндеттемелермен байланысты борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен, және (немесе) үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлер туралы, сондай-ақ филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша осындай өзгерістер болған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.
Коллекторлық агенттіктің орналасқан жері не атауы және (немесе) борышкерлермен байланыс жасауға арналған телефон нөмірлері өзгерген жағдайда, коллекторлық агенттік Қағидаларға 1-қосымшаның 1-тармағының 2) тармақшасы және 6-тармағы бойынша осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмейтін мерзімде уәкілетті органға жазбаша хабарлайды.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 04.03.2022 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
___________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
__________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атуы)
Өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 04.03.2022 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Коллекторлық агенттік ретінде есептік тіркеуден өткізуді сұраймыз.
1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:
1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі _____________________________________;
2) өтініш берушінің орналасқан орны және нақты мекенжайы
_____________________________________________________________________
(индекс, қала,
____________________________________________________________________
(аудан, облыс, көше, үй, офис нөмірі,
____________________________________________________________________.
телефон, факс, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)
2. Өтініш беруші - заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер
1) өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________;
(толық атауы)
2) орналасқан орны _______________________________________________
(пошта индексі, мекенжайы, телефон және факс нөмірлері,
_____________________________________________________________________;
бар болса электрондық пошта мекенжайы)
3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________;
4) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________;
(құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берген)
5) резиденттігі ____________________________________________________;
6) негізгі қызмет түрі _______________________________________________;
7) өтініш берушінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі
_____________________________________________________________________;
8) өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) өзге заңды тұлғаларды құруға
және олардың қызметіне құрылтайшы (қатысушысы), акционер ретінде қатысуы
туралы заңды тұлғалардың толық атауы және орналасқан орны көрсетілген
мәліметтер________________________________________________________________
_______________________________________________________________________;
9) өтініш беруші құрылтайшысы (қатысушысы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік,
қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы
ұйымдардың толық атауы, орналасқан орны көрсетілген мәліметтер
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________;
10) құрылтайшы (акционер, қатысушы) не құрылтайшының (қатысушының) басшы
қызметкері бұрын, уәкілетті орган аталған коллекторлық агенттікті "Коллекторлық
қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы
9-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында
көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір
жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің бірінші басшысы немесе
құрылтайшысы (қатысушысы) болғаны жөніндегі мәліметтер
_______________________________________________________________________;
11) өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) басшысы туралы
мәліметтер _____________________________________________________________.
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
3. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) - жеке тұлғасы туралы мәліметтер
1) өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) ______________________
_______________________________________________________________________;
(тегі, аты, әкесінің аты, ол бар болса)
2) туған күні ______________________________________________________;
3) азаматтығы _____________________________________________________;
4) жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ______________________
_______________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берді)
5) жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________;
6) тұрғылықты жері _________________________________________________
(пошта индексі, мекенжайы,
______________________________________________________________________;
телефон нөмірі, бар болса - электрондық пошта мекенжайы)
7) жұмыс орны (мекенжайын көрсете отырып), лауазымы
________________________________________________________________________;
8) заңды тұлғалардың толық атауын және орналасқан жерін көрсете отырып, өтініш
беруші құрылтайшысының (қатысушысының) өзге заңды тұлғаларды құруға және
олардың қызметіне қатысушы (иеленуші), акционер ретінде қатысуы туралы
мәліметтер,_______________________________________________________________
________________________________________________________________________;
9) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы туралы мәліметтер
________________________________________________________________________.
4. Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе
одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе
жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін
немесе бақылаудағы тұлғалар (бұдан әрі – қатысушы, (иеленуші)) туралы мәліметтер.
1-кесте. Қатысушы (иеленуші) туралы мәліметтер
№ | Бизнес - сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) немесе басқа сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін) | Резиденттігі | Атауы | Алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін) (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы, жауапкершілікке тарту негізін көрсете отырып, қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің деректемелері) | Уәкілетті орган аталған коллекторлық агенттікті "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болған құрылтайшы (акционер, қатысушы) немесе басшы қызметкер туралы мәліметтер | Қызмет түрінің сипаттамасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
кестенің жалғасы:
Қатысушыға (иеленушіге) тиесілі қатысу үлестерінің жалпы санына арақатынасы | |||||
Жеке | |||||
тікелей | Жанама | ||||
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен) | Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (теңгемен) | Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен) | Қатысушының, (иеленушінің) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеленетін ұйымдағы қатысу үлесі (пайызбен) | Тиесілі акциялардың саны (дана) (қатысу үлесі) (теңгемен) | Жанама түрде иелену жүзеге асырылатын ұйымның атауы |
кестенің жалғасы:
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің санына | |||||
Бірлесіп | |||||
тікелей | Жанама | ||||
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен) | Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (теңгемен) | Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен) | Қатысушының, (иеленушінің) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеленетін ұйымдағы қатысу үлесі (пайызбен) | Тиесілі акциялардың саны (дана) (қатысу үлесі) (теңгемен) | Жанама түрде иелену жүзеге асырылатын ұйымның атауы |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
Ескертпе:
1-кестеде заңды тұлғалар бойынша қатысушының (иеленушінің) жарғылық капиталындағы акцияларын не қатысу үлестерін тікелей немесе жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар туралы мәліметтер, қатысушының (иеленушінің) жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайызынан көп иеленетін жеке тұлғалар туралы мәліметтерге дейін көрсетіледі.
2-кесте. Коллекторлық агенттікке бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың тізбесі
№ | Бизнес - сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) немесе өзге сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін) | Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер) | Бақылау негізі | Коллекторлық агенттікке бақылауды жүзеге асыратын тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) 20 (жиырма) пайызынан астамын иеленетіні ұйымдар туралы мәліметтер | |
ұйымның атауы | Акцияларды иелену (жарғылық капиталдағы) үлесі | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ескертпе:
3-бағанда жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар екендігі немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) туралы ақпарат көрсетіледі.
Егер солай болса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күнін және нөмірін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабын көрсету қажет.
5. Өтініш берушінің басшы қызметкері туралы мәліметтер
______________________________________________________________________
(өтініш берушінің басшы қызметкерінің лауазымы және өтініш берушінің атауы көрсетіледі)
1) жалпы мәліметтер:
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) |
____________________________________________________ |
Туған күні және туған жері |
____________________________________________________ |
Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері |
____________________________________________________ |
Азаматтығы | ____________________________________________________ |
Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері |
____________________________________________________ |
2) білімі:
№ | Оқу орнының атауы | Түскен күнi – аяқтаған күнi | Мамандығы | Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса – күні мен нөмірі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
3) басшы қызметкердің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер:
№ | Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері | Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері | Басшы қызметкердің заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, акциялардың саны және лауазымды тұлғаға тиесілі акциялардың заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен) |
1 | 2 | 3 | 4 |
4) Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Бұл тармақта ұйымдарда қаржы, сақтандыру қызметі, білім беру, мемлекеттік басқару
және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секцияларында, құқық және
бухгалтерлік есеп саласында, сондай-ақ төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктер мен
кредиттік бюроларда лауазымын көрсете отырып, басшы қызметкердің жоғары оқу орнын
аяқтаған сәттен бастап барлық еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органындағы мүшелігі)
туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.
№ | Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы) | Жұмыс орны (ұйымның қаржы, сақтандыру қызметі, білім беру, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секцияларында, құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы тіркелген елін, сондай-ақ төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктердің және кредиттік бюролардың қызметін көрсетумен). | Лауазымы (келісу күнін көрсете отырып, егер талап етілсе) | Тәртіптік жазаның болуы | Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
5) өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коллекторлық агенттіктің қызметін
тексеру нысанында бақылау бойынша не оның құзыретіне сәйкес осы коллекторлық
агенттіктің қызметіне байланысты мемлекеттік функцияларды орындауы туралы мәліметтер:
№ | Кезеңі (күні, айы, жылы) | Мемлекеттік қызмет органының атауы | Осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексеру нысанында бақылау бойынша не оның құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметіне байланысты лауазымдық өкілеттіктер | Себептері (жұмыстан шығару, лауазымнан босату) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
6) жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың
конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің
конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық
қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен
адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне,
мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың
орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және
байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери
қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар немесе
қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған туралы мәліметтер (өздеріне қатысты
қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы
бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда)
______________________________________________________________________
(иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы
______________________________________________________________________
жауаптылыққа тарту негіздемелерін көрсете отырып,
______________________________________________________________________
қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы үкімнің деректемелері)
______________________________________________________________________;
7) бұдан бұрын басшы қызметкер уәкілетті орган осы коллекторлық агенттікті
"Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағы
бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша
тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде
коллекторлық агенттіктің басшы қызметкері не оның жарғылық капиталындағы қатысу
үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болған-болмағандығы туралы
мәліметтер
______________________________________________________________________
(иә (жоқ), ұйымның атауы,
_____________________________________________________________________;
лауазымы, жұмыс кезеңі)
8) бұдан бұрын басшы қызметкер өзіне қатысты қаржы ұйымының, банк және
(немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкерінің лауазымын атқару және қаржы
ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде
қылмыстық жаза қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген тұлға болған-
болмағандығы туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
(иә (жоқ), жауаптылыққа тарту негіздемелерін көрсете отырып,
_____________________________________________________________________;
қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы үкімнің деректемелері)
9) бұдан бұрын басшы қызметкер, уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және
(немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оны
консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан
айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан
Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе
оны банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан
аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы
органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қаржы ұйымының ірі қатысушысы – жеке
тұлғасы, ірі қатысушысының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің – заңды
тұлғасының басшысы болған-болмағандығы туралы мәліметтер
_______________________________________________________________
(иә (жоқ)
______________________________________________________________________;
ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)
10) бұдан бұрын басшы қызметкер, қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде
шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша
дефолтқа жол берген не өзі бойынша дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы
қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешек сомасы купондық сыйақының
төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық
бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе
асатын соманы құрайтын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы
органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысының (ірі акционерінің) – заңды
тұлғасының – эмитенттің ірі қатысушы (ірі акционері) – жеке тұлғасы, басқару органының
басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған-
болмағандығы туралы мәліметтер
_______________________________________________________________________
(иә (жоқ))
_______________________________________________________________________;
ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)
11) басшы қызметкер психологиялық-неврологиялық, туберкулездік, наркологиялық
диспансерлерде есепте тұра ма ___________________________________________
(иә (жоқ) есепке қою күні
_______________________________________________________________________
және есепке қойған ұйымның атауы)
12) бұдан бұрын басшы қызметкердің мемлекеттік қызметтен немесе арнаулы және
құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша босатылғандығы туралы мәліметтер
_______________________________________________________________________;
(иә (жоқ) жұмыстан босатылған күні)
13) бұдан бұрын басшы қызметкердің "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 5-бабында көзделген талаптарды бұзғаны үшін коллекторлық
агенттіктен босатылғандығы туралы мәліметтер
______________________________________________________________________
(иә (жоқ) жұмыстан босатылған күні
_____________________________________________________________________.
және коллекторлық агенттіктің атауы)
6. Коллекторлық агенттіктің борышкерлермен байланыс жасауға арналған телефон
нөмірлері ______________________________________________________________________.
(телефон нөмірі, ұялы байланыс операторының атауы)
7. Мемлекеттік қатысуымен кредиттік бюромен жасалған ақпаратты ұсыну туралы
шарттың күні және нөмірі
______________________________________________________________________.
8. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша дана және парақ
саны: ______________________________________________________________________
______________________________________________________________________.
Осы өтініштегі ақпаратты өзім тексергенімді және оның дұрыс және толық екендігін
растаймын.
Өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті
қарауға байланысты сұратылған қосымша ақпарат пен құжаттардың уәкілетті органға
уақтылы ұсынылғанын растаймын.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және
ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға
келісім беремін.
Өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
(қолы)
Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам
______________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
_______________ қолы Қол қойылған күні: 20_____ жылғы "_____" __________
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
|
нысан |
Борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлер туралы мәліметтер
Есепті кезең: 20___ жылғы "___" __________ жағдай бойынша
Өтініш берушінің толық атауы ___________________________________
№ | Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкестікпен, тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда – олар қашан және қандай себепке байланысты өзгергенін көрсету) | Туған күні және жері | Тұрақты мекенжайы, телефон нөмірлері (елді мекенінің кодын қоса алғанда, мекенжайын, қызметтік, үй, байланыс телефондарының нөмірлерін толық көрсету) | Азаматтығы | Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері | Білімі, оның ішінде техникалық және кәсіби білімі, орта білімнен кейін немесе жоғары білімі | Жұмыс тәжірибесі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы:
Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы (иә (жоқ) | Коллекторлық агенттіктің басшы қызметкері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болып табылған (иә (жоқ) | Психологиялық-неврологиялық, туберкулездік, наркологиялық диспансерлерде есепте тұрған (иә (жоқ) | Мемлекеттік қызметтен немесе арнаулы және құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша босатылған (иә (жоқ) | Бұрын өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексеру нысанында бақылау жөніндегі мемлекеттік функцияларды орындаған не өзінің құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметіне байланысты болған (иә (жоқ) | Заңның 5-бабында көзделген талаптарды бұзғаны үшін коллекторлық агенттіктен босатылған (иә (жоқ) | Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дұрыс және толық екендігін растаймын, сондай-ақ дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін (қызметкердің қолы) |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Ескертпе:
1. 8-бағанда лауазымдық міндеттемелерді, кәсіптік дағдыны көрсете отырып, басшы қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екендігі көрсетіледі.
2. 9-бағанда жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар екендігі немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) туралы ақпарат көрсетіледі.
Егер солай болса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күнін және нөмірін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабын көрсету қажет.
3. 10-бағанда егер қызметкер бұдан бұрын уәкілетті орган аталған коллекторлық агенттікті "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің басшы қызметкері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болып табылғаны туралы ақпарат көрсетіледі.
Егер солай болса, онда ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету қажет.
4. 11-бағанда егер солай болса, есепке қою күні және есепке қойылған ұйымның атауын көрсету қажет.
5. 12-бағанда егер солай болса, мемлекеттік қызметтен немесе арнайы және құқық қорғау органдарынан босатылған күнін көрсету қажет.
6. 13-бағанда егер солай болса, мемлекеттік қызметтің тоқтаған күнін көрсету қажет.
7. 14-бағанда егер солай болса, босатылған күнін және коллекторлық агенттіктің атауын көрсету қажет.
Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам
______________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
________________
қолы
Қол қойылған күн 20_____ жылғы "_____" __________
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтер
№ | Филиалдың және (немесе) өкілдіктің атауы | Тұрған жері және нақты мекенжайы | Мемлекеттік тіркеу туралы деректер (нөмірі, күні) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына 4-қосымша |
"Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі" республикалық мемлекеттік мекемесі |
2. | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары) | www. egov. kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері | 10 (он) жұмыс күні |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Көрсетілетін қызметті алушыны коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізу туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептері туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Ақысыз негізде |
7. | Жұмыс кестесі: |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер |
1) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың осы тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге жататын дәйексіз мәліметтер мен ақпаратты ұсыну; |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www. gov. kz, ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына 5-қосымша |
|
нысан |
Уәкілетті органның коллекторлық агенттіктер тізілімі 20 __ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша
№ | Есептік тіркеу нөмірі | Коллекторлық агенттіктің атауы | Бизнес сәйкестендіру нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 |
кестенің жалғасы:
Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) | Орналасқан жері және нақты мекенжайы | Телефон нөмірі, факс, электрондық пошта мекенжайы, интернет - ресурс |
5 | 6 | 7 |
кестенің жалғасы:
Тізілімге енгізілген күн | Тізілімнен шығарылған күн | Негіздемесі |
8 | 9 | 10 |