"Ветеринариялық препарат пен жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 7-1/611 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 сәуірде № 20279 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ветеринариялық препарат пен жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 7-1/611 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10287 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препарат пен жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 108 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2014 жылғы 24 қарашадағы
№ 7-1 / 611 бұйрығымен
бекітілген

Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 46-20) тармақшасына, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу – ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын шектеулі зертханалық және (немесе) өндірістік жағдайларда олардың иммундық-биологиялық қасиеттерін және эпизоотологиялық тиімділігін, олардың жануардың ағзасына әсер ету салдарларының болмауын, сондай-ақ оларды ветеринариялық практикада пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін экологиялық қауіпсіздігін айқындау мақсатында сынау;

      2) ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының тiркеу сынақтары – ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының қауіпсіздік және сапа көрсеткіштеріне сәйкестігін айқындау;

      3) ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспаларының саудалық (айрықша) атауы – дайындаушы тіркейтін, таңбалайтын және жарнамалайтын ветеринариялық препараттың атауы;

      4) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;

      5) жаңа ветеринариялық препарат, жемшөп қоспасы – үшінші елдер мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өндірілмеген және тіркелмеген ветеринариялық препарат, жемшөп қоспасы;

      6) жетiлдiрiлген ветеринариялық препарат, жемшөп қоспасы – бұрын тіркелген, бірақ басқа нысандарда және/немесе жаңа дозада, және/немесе негізгі және қосалқы заттардың (компоненттердің) басқа құрамында, сондай-ақ олардың қасиеттері мен сапалық сипаттарына әсер еткен өндіру технологиясының өзгеруімен(лерімен), оларды пайдаланудың (қолданудың, сақтаудың) өзге де тәсілдерімен немесе пайдалануға (қолдануға, сақтауға) қойылатын көрсеткіштермен өндірілген ветеринариялық препарат, жемшөп қоспасы.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. "Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң "Ветеринариядағы ұлттық референттік орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      4. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ведомствоның кеңсесіне (бұдан әрі – кеңсе) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      6. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 7-1/625 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10298 болып тіркелген) бекітілген Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидаларына сәйкес ведомствомен келісілген жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттама (бұдан әрі – НТҚ) бар болған жағдайда жүргізіледі.

      7. Кеңсе жұмыскері құжаттар түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушыны тағайындауға ведомоствоның басшысына жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді, және көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда ведомоствоның басшысы немесе оның міндетін атқарушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қол қойған уәжді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда жауапты орындаушы көрсетілген құжаттарды тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды көрсетілетін қызмет берушіге жібереді.

      9. Ветеринариялық препараттарды және жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу үшін көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде іс-шаралардың атауын, оларды өткізу мерзімдерін, үлгілердің көлемі мен санын көрсете отырып, еркін нысанда ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу бағдарламасының жобасын (бұдан әрі – Бағдарлама) жасайды және оны ведомствоға жібереді.

      Ведомство Бағдарлама жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) Бағдарламаның жобасын келіседі және Бағдарлама мен ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу үшін комиссия құрамы (бұдан әрі – Комиссия) бекітілетін ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізуді ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады.

      Комиссия құрамына ведомство қызметкері (Комиссия төрағасы), тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы (Комиссия төрағасының орынбасары), көрсетілетін қызметті берушінің маманы (дары), тәуелсіз сарапшы, ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізуге қатысатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшысы(лары), көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі кіреді;

      2) Бағдарлама жобасын келіспейді және көрсетілетін қызметті берушіге нақты ескертулер мен ұсыныстарды көрсете отырып, жазбаша жауап жолдайды.

      Бағдарлама жобасы келісілмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күн ішінде ескертулерді жояды және оны ведомствоға қайта жолдайды.

      10. Бағдарламаны бекіткенен кейін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушымен Бағдарламасында қарастырылған іс-шаралар, төлем құны мен төлеу тәсілі және басқа да мәліметтер көрсетілетін ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізуге шарт жасасады.

      11. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарынан өткізу үшін көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде іс шаралардың атауын, оларды өткізу мерзімдерін, тіркеу сынақтарының әдістерін, ветеринариялық препарат, жемшөп қоспалары үлгілерінің көлемі мен санын көрсете отырып, еркін нысанда жұмыс бағдарламасын (бұдан әрі – жұмыс бағдарламасы) жасайды және бекітеді.

      12. Жұмыс бағдарламасын бекіткенен кейін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушымен жұмыс бағдарламасында қарастырылған іс-шаралар, төлем құны мен төлеу тәсілі және басқа да мәліметтер көрсетілетін ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарынан өткізуге шарт жасасады.

1-параграф. Ветеринариялық препараттарды және жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу тәртібі

      13. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде алынған жаңа немесе жетілдірілгенді қоса отырып, жаңа немесе жетілдірілген ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары байқаудан өткізуге жатады.

      14. Үшінші елдерде (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттерде) тіркелген және қолданылатын ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары байқаудан өткізуге жатпайды.

      15. Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу орнын Бағдарламаны ескере отырып, ведомство айқындайды.

      16 Көрсетілетін қызметті беруші Комиссияның барлық мүшелерінің қатысуын және Бағдарламамен танысуын қамтамасыз етеді.

      17. Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу үшін көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын Бағдарламада көрсетілген көлемде және мерзімде байқау өткізілетін орынға жеткізілуін қамтамасыз етеді.

      18. Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу үшін мынадай талаптарға сай келетін ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары ұсынылады:

      ұсынылған НТҚ-ға сәйкес жапсырманың (қазақ және орыс тілдерінде) болуы;

      жарамдылық мерзімі мәлімделген жарамдылық мерзімнен 80 (сексен) %-дан кем болмауы;

      температуралық режим индикаторларының/датчиктерінің жазбаларымен НТҚ-ға сәйкес ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тасымалдаудың температуралық шарттарын сақтау;

      осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының құрамында болуға жол берілмейтін заттар тізбесіне енген заттардың болмауы.

      Осы тармақта көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары қабылданбайды.

      19. Көрсетілетін қызметті берушінің ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу үшін материалдық-техникалық базасы жеткіліксіз болған жағдайда, ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын зертханалық жағдайда сынау үшін бірлесіп орындаушыларды тартуға немесе ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын зертханалық жағдайда сынақтан өткізуге көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлеріне материалдық-техникалық базаға сәйкес өндірушінің базасында өткізуге жол беріледі.

      20. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу НТҚ-ға және Бағдарламаға сәйкес екі жылға дейінгі мерзімде жүргізіледі.

      21. Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері туралы хаттаманы үш данада ресімдейді, оған Комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Көрсетілетін қызметті беруші ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері туралы хаттамаға Комиссияның барлық мүшелері қол қойған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ведомствоға ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері туралы хаттаманың екі данасын жібереді.

      22. Ведомство ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері туралы хаттаманы алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызмет алушыға ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері туралы хаттаманың бір данасын жібереді.

2-параграф. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарынан өткізу тәртібі

      23. Басқа елдерде тіркелген және Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында қолданылуға ұсынылатын ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспалары тіркеу сынақтарынан өткізуге жатады.

      24. Ветеринариялық препараттарды уақытша тіркеудің қолданысы кезеңінде осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен оларды мемлекеттік тіркеуге қажетті ветеринариялық препараттарды тіркеу сынақтарынан өткізу жүргізіледі.

      25. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтары ветеринариялық препаратқа, жемшөп қоспаларына арналған НТҚ-да көрсетілген бақылау әдістерін ескере отырып, екі жылға дейін жүргізіледі.

      26. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген іс-шараларды орындағаннан кейін ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын өткізеді.

      27. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын өткізу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспасының үлгілерін мынадай мөлшерде ұсынады:

      1) ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары:

      сұйық:

      көлемі 1-ден 5 миллилитрге (бұдан әрі – мл) дейін – 20 сауыт (ампула және басқалар);

      көлемі 5 мл-ден 10 мл-ге дейін – 20 сауыт (ампула және басқалар);

      көлемі 10 мл-ден 25 мл-ге дейін – 15 сауыт – (ампула және басқалар); көлемі 25 мл-ден 50 мл-ге дейін – 10 сауыт – (ампула және басқалар);

      көлемі 50 мл-ден 250 мл-ге дейін – 5 сауыт (ампула және басқалар);

      250 мл-де көп – 3 сауыт (канистрлер және басқа да ыдыстар);

      сусымалы:

      салмағы 1 граммнан (бұдан әрі – гр.) 5 гр-ге дейін – 40 бастапқы қаптама;

      салмағы 5 гр-ден 10 гр-ге дейін – 20 бастапқы қаптама;

      салмағы 10 гр-ден 25 гр-ге дейін – 15 бастапқы қаптама;

      салмағы 25 гр-ден 50 гр-ге дейін – 10 бастапқы қаптама;

      салмағы 50 гр-ден 250 гр-ге дейін – 5 бастапқы қаптама;

      250 гр-ден көп – 3 бастапқы қаптама;

      2) диагностикалық жиынтық – үш жиынтық.

      28. Ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларының үлгілері әрбір өндірістік алаңнан жеткізіледі.

      29. Бір ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспаларының үлгілері, бірақ әртүрлі концентрацияларда немесе мөлшерлемелерде әрбір концентрацияға (мөлшерлемеге) осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес жеке ұсынылады.

      30. Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын өткізу үшін мынадай талаптарға сай келетін ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары ұсынылады:

      ұсынылған НТҚ-ға сәйкес жапсырманың (қазақ және орыс тілдерінде) болуы;

      жарамдылық мерзімі мәлімделген жарамдылық мерзімнен 80 (сексен) %-дан кем болмауы;

      температуралық режим индикаторларының/датчиктерінің жазбаларымен НТҚ-ға сәйкес ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тасымалдаудың температуралық шарттарын сақтау;

      осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының құрамында болуға жол берілмейтін заттар тізбесіне енген заттардың болмауы.

      Осы тармақта көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары қабылданбайды.

      31. Көрсетілетін қызметті берушінің ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарынан өткізу үшін материалдық-техникалық базасы жеткіліксіз болған жағдайда, ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын зертханалық жағдайда сынау үшін бірлесіп орындаушыларды тартуға немесе ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын зертханалық жағдайда сынақтан өткізуге көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлеріне материалдық-техникалық базаға сәйкес өндірушінің базасында өткізуге жол беріледі.

      32. Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарының нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарының нәтижелері туралы хаттаманы үш данада ресімдейді. Көрсетілетін қызметті беруші ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарының нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ведомствоға ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарының нәтижелері туралы хаттаманың екі данасын жібереді.

      33. Ведомство ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарынан өткізу нәтижелері туралы хаттаманы алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарының нәтижелері туралы хаттаманың бір данасын жібереді.

3-тарау. Шағымдану тәртібі

      34. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші, ведомство, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілуі мүмкін.

      35. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті берушінің, ведомствоның, уәкілетті органның – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуына жатады.

      36. Ведомствоның, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      37. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Ветеринариялық препараттарды,
жемшөп қоспаларын байқаудан
өткізу және тіркеу
сынақтарынан өткізу
қағидаларына
1-қосымша

"Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң "Ветеринариядағы ұлттық референттік орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – ведомство) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін –2 (екі) жылға дейін

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері туралы хаттама және/немесе ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарынан өткізу нәтижелері туралы хаттама, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақылы. Мемлекеттік қызметті көрсету құнын көрсетілетін қызметті беруші 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабы 1-тармағына және "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес белгілейді және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында және ғимараттарында орналастырылады.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгілеген жұмыс уақыты кестесіне сай дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығының шегінен тыс өтініш қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді жұмыс уақыты кестесіне сай көрсетілетін қызметті беруші белгілейді.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) өтініш.
Бір ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспаларының әртүрлі дәрілік нысандағы ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тірке сынақтарынан өткізу үшін көрсетілетін қызметті алушы дәрілік нысанның әр қайсысына өтінішті жеке ұсынады.
Бір ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспаларының әртүрлі мөлшерлемелері, концентрациясы немесе көлемі бар, бірақ бір дәрілік нысандағы ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу үшін көрсетілетін қызметті алушы байқаудан өткізуге және тіркеу сынақтарынан өткізуге ұсынылатын ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспаларының барлық көлемдерін, мөлшерлемелерін немесе концентрациясын санамалайтын бір өтініш ұсынады;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін).

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық препаратты және жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу нәтижелері туралы хаттаманы алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ветеринариялық препаратты және жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу нәтижелері туралы хаттаманы алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық препаратты және жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу нәтижелері туралы хаттаманы алуға байланысты арнайы құқығынан айрылды.

10

Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау кезінде жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған, құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттары физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  Ветеринариялық препараттарды,
жемшөп қоспаларын байқаудан
өткізу және тіркеу
сынақтарынан өткізу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Өтініш

      Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізуді/тіркеу сынақтарынан өткізуді сұраймын (қажеттісінің астын сызу):

      _______________________________________________________________

      (ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспаларының

      _______________________________________________________________

      саудалық (айрықша) атауы)

      1. Көрсетілетін қызметті алушы: ____________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,

      ________________________________________________________________

      заңды тұлғаның атауы)

      2. Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы, телефоны, факсы, банктік деректемелері:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      3. Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендiру нөмiрi / бизнес-сәйкестендiру нөмiрi:

      _______________________________________________________________

      4. Ветеринариялық препарат, жемшөп қоспалары туралы мәліметтер:

      1) құрамы: ______________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      2) дәрілік нысаны:_________________________________________________

      _________________________________________________________________

      3) тағайындау:____________________________________________________

      _________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      5. Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын әзірлеуші:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, мекенжайы)

      6. Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын өндіруші:

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      ____________________________________________________________________

      заңды тұлғаның атауы, мекенжайы)

      ____________________________________________________________________

      7. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі:_________________________________

      ____________________________________________________________________

      (өкілдің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, байланыс деректері)

      Өтінім берілді: 20___жылғы "____" __________________

      ____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушынның не оның өкілінің қолы, аты, әкесінің аты (бар болса),

      ____________________________________________________________________

      тегі)

      Өтініш қабылданды: 20___ жылғы "_____" _______________________________

      ____________________________________________________________________

      (өтінішті қабылдағанның қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және лауазымы)

  Ветеринариялық препараттарды,
жемшөп қоспаларын байқаудан
өткізу және тіркеу
сынақтарынан өткізу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Уәжді бас тарту

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті" мемлекеттік мекеме Сіздің 20___ жылғы _______________

                                                                        (күні)

      № _______ өтінішіңізді қарастырып, келесіні хабарлайды.

      ________________________________________________________________

      (бас тартудың негіздемесі)

      _______________________ _________________________________________

      (қол қоюшының лауазымы) (қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Жауапты орындаушы: ________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Байланыс телефоны: _______________________

  Ветеринариялық препараттарды,
жемшөп қоспаларын байқаудан
өткізу және тіркеу
сынақтарынан өткізу
қағидаларына
4-қосымша

Ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының құрамында болуға жол берілмейтін заттардың тізбесі

      1. Хлорамфеникол (левомицетин).

      2. Нитрофурандар ( фуразолидонды қоса алғанда).

      3. Нитроимидазолдар.

      4. "Аристолохия" өсімдігінің компоненттері және одан алынатын дәрілік заттар (гомеопатиялық препараттарда өсімдік компоненттерін пайдалануды қоспағанда).

      5. Хлороформ.

      6. Хлорпромазин.

      7. Колхицин.

      8. Дапсон.

      9. Карбадокс.

      10. Олаквиндокс.

      11. Стильбендер, стильбен туындылары, стильбен тұздары және олардың эфирлері.

      12. Тиреостатики.

      13. Анаболическалық стероидтар.

      14. Бета-адреностимуляторлар (бета-агонистер).

      15. Резорцил қышқылының лактондары және олардың туындылары.

      16. Азаглинафарелин (уылдырығы адамдардың тағамына арналған албырт балықтар үшін).

      17. Малахит жасылы (тауарлық балық үшін).

      18. Кристалды күлгін (генцианвиолет) (тауарлық балық үшін).

      19 Бриллиант жасыл (тауарлық балық үшін).

  Ветеринариялық препараттарды,
жемшөп қоспаларын байқаудан
өткізу және тіркеу
сынақтарынан өткізу
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(зерттеу жүргізген ұйымның
атауы, аккредиттеу жөніндегі
белгілер мен деректер (бар
болса), мекенжайы, телефоны)
  (Бет жағы)

Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері туралы хаттама

      20___ жылғы __ ____№ __

Өтінім беруші


Өтінім берушінің мекенжайы, телефоны, факсы


Ветеринариялық препарат, жемшөп қоспалары туралы мәліметтер
Жалпыға ортақ қабылданған атауы
Саудалық атауы
Құрамы
Дәрілік түрі
Тағайындау
Әзірлеуші
Өндіруші


Ветеринариялық препаратқа/жемшөп қоспаларына қоса беріледі


Сынаққа өтініш келіп түскен күні


Сынақ мақсаты


Зертхананың атауы, жүргізілген сынақтардың күні


  (Сырт жағы)

      Сараптама (сынақ) нәтижелері

      № _____________

Зерттеу/сынақ атауы

НТҚ-да көрсетілген зерттеу/ сынақ әдістері

Көрсеткіштердің нормаланатын мәндері

Зерттеу/сынақ нәтижелері






      Сынақ нәтижелері бойынша қорытынды:

      Комиссия мүшелері: ____________________________________

      (қолы)

      Ескертпе:

      Сынақ өткізу шарттары:

      Сараптама (сынақ) нәтижелері тек сыналған үлгілерге ғана жатады.

  ____________________________
Осы сынақ хаттамасы зерттеу/
сынақ жүргізген
ветеринариялық зертхананың
рұқсатынсыз толық немесе
ішінара көрсетілмейді, немесе
тираждалмайды.
 
  Ветеринариялық препараттарды,
жемшөп қоспаларын байқаудан
өткізу және тіркеу
сынақтарынан өткізу
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(зерттеу жүргізген ұйымның
атауы, аккредиттеу жөніндегі
белгілер мен деректер (бар
болса), мекенжайы, телефоны)
  (Бет жағы)

Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарынан өткізу нәтижелері туралы хаттама

      20___ жылғы __ ____№ __

Өтінім беруші


Өтінім берушінің мекенжайы, телефоны, факсы


Ветеринариялық препарат, жемшөп қоспасы туралы мәліметтер:
Жалпыға ортақ қабылданған атауы:
Саудалық атауы:
Құрамы:
Дәрілік түрі:
Тағайындау:
Әзірлеуші:
Өндіруші:


Ветеринариялық препаратқа/жемшөп қоспаларына қоса беріледі


Сынаққа өтініш келіп түскен күні


Сынақ мақсаты


Зертхананың атауы, жүргізілген сынақтардың күні


  (Сырт жағы)

      Сараптама (сынақ) нәтижелері

      № _____________

Зерттеу/сынақ атауы

НТҚ-да көрсетілген зерттеу/ сынақ әдістері

Көрсеткіштердің нормаланатын мәндері

Зерттеу/сынақ нәтижелері






      Сынақ нәтижелері бойынша қорытынды:

      Комиссия мүшелері: ____________________________________

      (қолы)

      Ескертпе:

      Сынақ өткізу шарттары:

      Сараптама (сынақ) нәтижелері тек сыналған үлгілерге ғана жатады.

  ____________________________
Осы сынақ хаттамасы зерттеу/
сынақ жүргізген
ветеринариялық зертхананың
рұқсатынсыз толық немесе
ішінара көрсетілмейді, немесе
тираждалмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады